Галогендер және оның қосылыстары (галогендердің алыну жолдары мен қосылыстарының қасиеттерін сипаттайды)


Буферлі ерітінділер (буферлік әсері бар ерітінділерді талдайды)



бет5/5
Дата12.12.2023
өлшемі39,66 Kb.
#196602
1   2   3   4   5
Байланысты:
Галогендер және оның қосылыстары (галогендердің алыну жолдары ме-emirsaba.org

3. Буферлі ерітінділер (буферлік әсері бар ерітінділерді талдайды).
Еріткіште ерітілтен заттардың протонды беріп, немесе қосып алуын сипаттау үшін протолиттік ілімде қышқылдық және негіздік константа шамаларын енгіздік. Аталған қасиетке ие еріткіштер де осы шама мәніне қарай күшті және әлсіз протолиттер деп сипатталды да, протон беріп не қосып алмайтындары - апротонды еріткіштер - деп аталады.

Енді өзімізге кең танымал су және осы суда ерітілген әлсіз қышқыл немесе негізді өзінің тұзының қатысында қышқылды - негіздік қасиеттері қалай өзгеретініне тоқталалық.


Әлсіз қышқыл мен оның өзінің аттас иондас тұзы немесе әлсіз негізбен оның аттас иондас тұзының жұптары буферлі ерітінділер деп аталады.
Мысалы:CH3COOH+:CH3COONa; NH4Cl+NH4OH және т.б.
Буферлі ерітінділердің қасиеті - сұйылту барысында немесе шамалап қышқыл - негіздер қосылғанда, олардың сутектік көрсеткіші өзгермей тұрақты болып келеді.
Әлсіз қышқыл және оның түзынан түратын буферлі ерітінділер
Буферлі ерітінділерде сутектік көрсеткіш мәнінің сұйылтқанда немесе қышқыл, негіз қосылғанда тұрақты болып келуі, сол қарастырып отырған жүйеде орнаған қышқылды - негіздік тепе-тендіктің ығысып, сутек иондарының концентрациясын тұрақты етіп тұруынан туындайды.
Мысалы, сірке қышқылымен оның тұзы натрий ацетатының буферлі қоспасына аздаған күшті тұз қышқылын қосалық. Осы арада, тұз қышқылы, буферлі ерітіндідегі орнаған төмендегі тепе-теңдікті ығыстырады:

Ле-Шателье шарты бойынша қосылған тұз қышқылының сутек иондары ацетат иондарымен қосылып, сірке қышқылының тузілу жағына тепе-теңдікті ығыстырады, яғни өзгеріс мына бағытта орын алады:

Ал, хлор иондары натрий иондарымен байланысады, яғни:

Осы буферлі ерітіндіге негіз қосылған жағдайда, сілтінін ОН- - иондары қышқылмен әрекеттесіп су түзеді, яғни әлсіз қышқылдың тепе-теңдігі диссоциациялану бағытына қарай ығысады:

4. Ұсынылып отырған оқу мақсатына сай қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырыңыз. Сабақ тақырыбы: Электртерістілік және байланыс полярлығы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;

10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру


5. Оттегі мен озон қоспасының сутек бойынша тығыздығы 18-ге тең. Қоспадағы газдар көлемін табыңдар.

«Химия», «Биология» және «Химия-Биология» білім беру бағдарламалары оқу-әдістемелік секциясы мәжілісінде бекітілді.

№ 1 хаттама «26» тамыз 2022 ж.
Білім беру бағдарламасының жетекшісі: Кемелбаева А.К.

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ


6В01504-Химия білім беру бағдарламасы
Қорытынды аттестаттау
Кешенді емтихан № 17 билеті
1. Оттегі топшасы. Алу әдiстерi. Қасиеттері. Маңызды қосылыстары (Оттегі, сутегінің асқын тотығын алу жолдары мен қасиеттерін сипаттайды).
2. Күкірт қышқылының өндірісі (күкірт қышқылын өндіру әдістері: контакт және нитроза әдістерін талдап, сұлбасын сызып түсіндіреді).
3. Ергіштік көбейтіндісі (тұнбалардың ерігіштігіне әсер ететін факторларды анықтаңыз).
4. Ұсынылып отырған оқу мақсатына сай қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырыңыз. Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі стехиометриялық заңдары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы
5. Қорғасын (ІІ) оксидін сутек ағысында қыздырғанда массасы 18,47г-нан 18,07г-ға дейін кеміді. Түзілген судың макссасын есептеңдер.
«Химия», «Биология» және «Химия-Биология» білім беру бағдарламалары оқу-әдістемелік секциясы мәжілісінде бекітілді.
№ 1 хаттама «26» тамыз 2022 ж.
Блім беру бағдарламасының жетекшісі: Кемелбаева А.К.

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ

6В01504-Химия білім беру бағдарламасы
Қорытынды аттестаттау
Кешенді емтихан № 18 билеті
1. Қосымша топша металдары. Алу әдiстерi. Қасиеттері. Маңызды қосылыстары мен қолданылуы (I-IV қосымша топша металдарын талдайды)
2. Заттардың агрегаттық күйлері (Заттардың агрегаттық күйлері сипаттап, су күйінің диаграммасын сызады).
3. Майлар. Майлардың химиялық құрамы, алу әдістері (майлардың құрамы мен құрылысын, қолдану аймақтарын сипаттайды).
4. Ұсынылып отырған оқу мақсатына сай қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырыңыз. Сабақ тақырыбы: Энтропия
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
10.3.1.5 энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер арқылы есептеу
5. Темір (ІІ) сульфатының 20г 5%-дық ерітіндісіне натрий гидроксидінің 20г 8%-дық ерітіндісі қосылды. Түзілген тұнбаның массасын табыңдар.
«Химия», «Биология» және «Химия-Биология» білім беру бағдарламалары оқу-әдістемелік секциясы мәжілісінде бекітілді.
№ 1 хаттама «26» тамыз 2022 ж.

Блім беру бағдарламасының жетекшісі: Кемелбаева А.К.


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет