Биологиялық белсенділігі жоғары ең кішкентай табиғи пептидтердің біреуі, ол үш амин қышқылының қалдығынан тұрады.
Тиреолиберин синтезі гипоталамустың әр бөлімінде жүреді,бірақ көбінесе паравентрикулярлық нейрондарда,ол қозғалу белсенділігінің және артериялық қысымды арттыратын нейромедиатор рөлін атқаратын ОЖЖ басқа бөлімдерінде синтезделеді.
Гипофиздің басқа бөлімінде тиреолиберин тиреотропиннің синтезін және бөлінуін күшейтеді,сонымен қатар басқа көптеген гармондардың синтезіне әсер етеді
Тироелиберин нысана- жасушаларда және қанда талғамды протеазалар әсерінен ыдырайды.Қандағы жартылай өмір сүру уақыты 3- 4 күн
Люлиберин
Декапептид,ол аденогипофиздің лютиндеуші гармонының бөлінуіне жағдай жасайды
Ұзақ әсерлі люлиберин әйелдерде ұрықсыздық дертінің кейбір түрлерін емдеуде қолданылады.Оның әсерінен әйелдерде овуляция басталады.
Алғашқыда соматостатин гипоталамустан бөлініп алынған болатын,кейіннен оның гипоталамустан тыс орналасқан көптеген жасушаларда:қарында,ішекте, ұйқы безінде шеткейлік жүйке ұштарында,жатырда бүйрек үсті безінде синтезделетіні анықталған.
Соматостатин өсу гармонының синтезін тежейтін фактор.Ол сонмен қатар ұйқы безіне әсер етеді,инсулин мен глюкагонның бөлінуін төмендетеді.Соның нәтижесінде қан құрамындағы глюкоза мөлшері азаяды.Сондықтан соматостатин қант диабеті дертін емдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Соматотстатин рецепторлары ,көптеген гармондар бөлетін ісік жасушаларында кездеседі.Бұл жағдай ұйқы бездерінін ісіктерінде, қалқанша безі, бүйрек және сүт бездерінін қатерлі ісік ауруларында диагноз қоюға маңызы өте зор