Бұл гармондарға фолликулостимулдеуші, лютеиндеуші және лактотропты гармондар жатады.Бұл гармондар жыныс бездеріне гаметогенез және стероидогенезді қамтамасыз етеді.
Химиялық табиғаты: ФСГ күрделі белок – нағыз гликопротеид, антигендік қасиет көрсетеді.
Физиологиялық әсері:
Әйел адамның организмінде аналық бездерде фолликулалардың өсуіне және жетілуіне ықпал етеді.
Ер адам организмінде Сертоли жасушаларымен байланысып оларда андроген – байланыстырушы белокты синтездейді.
Ұрық бездерінде сперматогенді тіннің дамуын қамтамасыз етеді және аталық жасушалардың түзілуін тездетеді.
Анаболикалық процестерді стимульдейді,әйелдердің сүт безінде репликация мен транскрипцияны көбейтіп,жасушалардың көбеюін арттырады.Сондықтан сүт бездерінің көбеюін арттырады.
Бауырда гликогенолизді, май тіндерінде липолизді күшейтеді
Сүт бездерінде сүттің түзілуін қамтамасыз етеді.
Ер адамда екінші реттік жыныс бездерінің дамуына әсерін тигізеді.
Окситоцин
Химиялық табиғаты: Окситоцин мен вазопрессин екеуі де 9 АҚ –дан тұратын пептид.
Физиологиялық әсері:
Босану кезінде жатырдың бірыңғай тегіс еттерінің жиырылуын жоғарылатады.
Сүт бездерінің тегіс бұлшықеттерінің жиырылуын стимульдеп,сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді.
Май тіндерінде липогенезді күшейтеді
ВОЗОПРЕССИН
Физиологиялық әсері:
Бүйрек түтікшелерінің мембранасы арқылы судың реабсорбциясын стимульдейді
Бұл гармон сондай-ақ артериялық қысымды арттырады.