Гастроэзофагеалді рефлюксті ауру



бет19/19
Дата03.01.2022
өлшемі140,12 Kb.
#108761
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
8ca27241-aa65-4ec3-9dae-d53262c130d6
ea738980-de3b-4cec-85d0-39b3ebc27bd2 (1), 55aa2ba4-827f-4358-a03c-174e8109fac9
ХПА

Шығарылу нысаны

Дозалау режимі

ДД

Гистаминді рецепторлардың Н2 тежегіштері

1

Фамотидин

Таблеткалар, қабыршықпен жабылған (с.і. клегейше) 20 мг және 40 мг

Ауыз арқылы 20 мг тәулігіне 2 рет

 

2

Ранитидин

Таблеткалар, қабыршықпен жабылған
(с.і. клегейше)  150мг  және 300мг

Ауыз арқылы150 мг тәулігіне 2 рет

 

Протонды помпа ингибиторлары

3

Омепрозол

Капсулалар (с.і. шекте еритін, созылған босатылумен, гастрокапсулалар) 10 мг, 20 мг және 40 мг

Ауыз арқылы 20 мг тәулігіне 1 рет таңертең аш қарынға.

А

4

Лансопразол

Капсулалар
(с.і.  түрлендірілген босатылумен) 15 мг және 30 мг

Ауыз арқылы15 мг тәулігіне 1 рет таңертең аш қарынға.

А

5

Пантопразол

Таблеткалар, қабыршықпен жабылған
(с.і. шекте еритін); кейінге қалдырылған босатумен 20мг және 40 мг

Ауыз арқылы 20 мг тәулігіне 1 рет таңертең аш қарынға.

А

6

Рабепразол

Шекте еритін қабыршықпен жабылған 10 мг және 20 мг таблеткалар/капсулалар

Ауыз арқылы10 мг тәулігіне 1 рет таңертең аш қарынға.

А

7

Эзомепразол

Таблеткалар/Капсулалар
(с.і.  шекте еритін, қатты және т.б.) 20 мг және 40 мг

Ауыз арқылы 20 мг тәулігіне 1 рет таңертең аш қарынға.

А


8-кесте. ГЭРА-да қолданылатын қосымша дәрі-дәрмектер тізбесі 



ХПА

Шығарылу нысаны

Мөлшерлеу режимі

ДД

Прокинетиктер

1

Метоклопрамид

Таблеткалар 10 мг
Инъекциялар үшін  ерітінді 0,5% 2 мл
Инъекциялар үшін ерітінді 10 мг/2мл

Ашық көріншен құсуда және лоқсуда.
Бір реттік мөлшерін 40-60 минуттан кейін тағайындау. Тамақтан кейін түнге
 

В

2

Домперидон

Таблеткалар (с.і.
Диспергирленетін, қабықпен / клегейше қабыршықпен  жабылған) 10 мг
 Ішке қабылдау үшін тамшылар, шәрбат, суспензия
 

Ашық көрінген құсуда және лоқсуда.
Бір ретті мөлшерді 40-60 минуттан кейін тағайындау. Тамақтан кейін түнде
 

В

3

Итоприд

Таблеткалар, қабықпен жабылған
50 мг

Ересектерге арналған мөлшер —
50 мг-нан (1 таблетка) тәулігіне 3 рет тамаққа дейін.

С

Антацидтер

4

Магний
гидроксиді және
алюминий
гидроксиді

Шайнайтын таблеткалар
Ішке қабылдауға арналған суспензия 15 мл

Талап бойынша бір реттік мөлшер

А

5

Кальций карбонаты
+ натрий
гидрокарбонаты +
натрий альгинаты

Шайнайтын таблеткалар
Ішке қабылдауға арналған суспензия

Талап бойынша бір реттік мөлшер

А


Лечение (стационар)
СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Дәрі-дәрмексіз емдеу амбулаториялық деңгейдi қараңыз.
 
Емдеу тиімділігінің өлшемшарттары, мақсаттары, емдеу тактикасы, емдеудің басқа әдістері: амбулаториялық деңгейдi қараңыз.

Хирургиялық араласу:
ГЭРА хирургиялық емдеу Дәрі-дәрмектік емдеуге толыққанды тиімді балама және көрсетілімдері бар пациенттерге ұсынылуы тиіс (А дәрежесі).

Показания:


ГЭРА нақтыланған дәлелдеуде хирургиялық (оперативтік) емдеуде көрсеткіштер болып табылады:
·               тиімсіз дәрі-дәрмектік емдеу (белгілерді дұрыс бағаламау, ауыр регургитация, қышқылды бақыланбайтын басу және дәрі-дәрмектерді қабылдаудан мүмкін әсерлер);
·               сәтті дәрі-дәрмектік емдеуге қарамастан пациенттерді таңдау (өмір бойы дәрі-дәрмек қабылдау қажеттілігі, дәрі-дәрмектердің қымбаттығы және т.б. әсер ететін өмір сүру сапасы топшылауларынан) (А деңгейі);
·               ГЭРА асқынуларының болуы (мысалы, Баррет өңеші, пептикалық стриктуралар және т.б.);
·               экстра өңешті көріністердің болуы (бронхылы демікпе, дауыстың қарлығуы, кеудедегі ауырсыну, аспирация).
 
Операция алдындағы тексеру:
Операциядан кейінгі тексеру мақсаты  хирургиялық емдеу үшін рефлюксі бар дәл келетін пациентті  таңдау.
 
Операциядан кейінгі зерттеулер тәртібі және көлеміне қатысты тәсілдер:
·               биопсиясы бар ЭГДС – ГЭРА диагнозын растайды, сондай-ақ эзофагогастралды шырыштының бұзылуларының басқа себептерін сәйкестендіреді және биопсия алуға мүмкіндік береді;
·               рН-метрия;
·               өңештік манометрия – әдетте операцияға дейін өткізіледі және өңеш моторикасына негізделген жеке тәсілге сәйкес фундопликация типін өзгертуі  немесе қарсы көрсетілімдер (өңеш ахалазиясы сияқты) болуы мүмкін жағдайды анықтауға мүмкіндік береді;

·               барийлі жүзгінмен зерттеу – өңештің қысқаруы бар, диафрагманың өңештік саңылауының үлкен жарықтары бар науқастар.


 
Лапароскопиялық антирефлюксті операцияға түсетін пациенттер операцияға дейін симптомдардың мүмкін қайталану жиіліктері туралы және қышқылдықты төмендететін препараттарға қайту туралы хабардар болуы тиіс (А деңгейі).
 
Үрдіске шырышты қабатты немесе терең қатыстыратын аденокарциномалы Баррет өңешін анықтау пациентті жоспарланған антирефлюксті операциядан сақтайды және үрдістің сәйкес кезеңінде  толық  онкотерапияны талап етеді (эзофагэктомия, химио-терапия,  және/немесе сәулелі терапия).
 
 Профилактикалық іс-шаралар:
·               антирефлюксті іс-шаралар;
·               антисекреторлық терапия;
·               міндетті демеуші ем;
·               асқынулар (Барретт өңешін анықтау) мониторингі үшін науқастарды динамикалық бақылау (көрсетілімдер бойынша биопсиямен эндоскоптық).
 
Әрі қарай емдеу:
Баррет өңеші және белгілерді дәрілік бақылауды анықтау, асқынулар мониторингі үшін науқастарды динамикалық бақылау. Эпителидің тікішектік метаплазиясы Баррет өңешінің морфологиялық субстраты болып табылады. Оның қаупінің факторлары: қыжыл аптасына 2 реттен көп, белгілер ұзақтығы 5 жылдан артық.
 
Баррет өңешінің анықталған диагнозында өңеш дисплазиясы және аденокарциономаны анықтауға арналған 3,6 айдан кейін және жыл сайын  ППИ демеуші емнің фонында бақылау эндоскопиялық және гистологиялық зерттеулерін өткізген жөн. Дисплазия жоғары деңгейге дейін көтерілгенде республикалық деңгейдегі мамандандырылған мекемеде оперативтік (эндоскопты немесе хирургиялық) емдеу туралы мәселені шешеді.
 
Диагностика және емдеу әдістерінің қауіпсіздігі және емдеу тиімділігінің индикаторлары:
· клиникалық белгілерді тоқтату;
· эрозияның жазылуы;
· асқынуларды болдырмау немесе жою;
· тұрмыс сапасын арттыру.

Госпитализация
ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР (УДА) [11,12,16]

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·               өңеш жараларынан қан ағу;
·               өңештің тарылуы.
 
Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:
·               дәрі-дәрмектік емдеудің тиімсіздігі (белгілерді дұрыс емес бақылау, ауыр регургитация, қышқылдықты бақыланбайтын басу және/немесе дәрі-дәрмектік емдеудің жанама әсерлері);
·               ГЭРА асқынулары (Барретт өңеші, пептикалық стриктуралар);
·               егер экстраөңешті көріністер (астма, қарлығу, жөтел, кеудедегі ауырсыну, аспирация).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет