Антацидтержәне алгинаттарды сирек қыжылды тоқтату үшін пайдалануға болады (кеудедегі қыжыл және ауырсыну жиі туындайтын тамақтан кейін әр 40-60 мин. кейін, сондай-ақ түнге тағайындау), алайда басымдылық ППИ талап ету бойынша қабылдауға берілуі керек.
Емдеу тиімділігінің өлшемшарты– белгілерді тұрақты жою. Өткізілетін терапиядан әсер болмағанда, сондай-ақ ГЭРА 4-5-кезеңінде (эпителий дисплазиясы бар Барретт өңешін анықтауда) науқастар гастроэнтерологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған көмекті көрсететін мекемелерге жіберілуі тиіс.
Егер пациент терапияға жауап берсе, step down & stop стратегиясын ұстану ұсынылады: ППИ мөлшерін жартылай азайту және дәрілік терапияны тоқтатқанға дейін мөлшерді азайтуды жалғастыру (курс ұзақтығы қатаң белгіленбейді). Егер Дәрі-дәрмектік емдеуді жойғаннан кейін рефлюкстің клиникалық көріністері қайталанса, дәрігер пациентке препараттарды аз тиімді мөлшерде қабылдауды жалғастыруды ұсынуы мүмкін (демеуші ем ұзақтығы сондай-ақ реттелмейді).