Гатунок Алина


Л. Михельсон сынағы (Ю.З. Гильбухтың аудармасында) бойынша оқушылардың ҒЗҚ-ның (ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік) қалыптасу деңгейін анықтау



бет9/15
Дата13.03.2023
өлшемі143,09 Kb.
#172240
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЗЕРТТЕУ

2.3 Л. Михельсон сынағы (Ю.З. Гильбухтың аудармасында) бойынша оқушылардың ҒЗҚ-ның (ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік) қалыптасу деңгейін анықтау

ҒЗҚ-ның (ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік) қалыптасуын бағалаудың жалпы қабылданған әдістемелерін жүйелі талдау негізінде, ғылыми зерттеу барысында оқушылардың ҒЗҚ-ның (ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік) қалыптасу деңгейін бағалаудың жалпыға қолжетімді диагностикасы, оқушылардың қарым-қатынасындағы кейбір компоненттер мен жағдайларды бағалауға мүмкіндік береді деген қорытынды шығарылды. Жұмыстың теориялық бөлімі аясында, әрбір әдістеменің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар екені аңғарылды және сол әдісмелердің арасында, субъективті көзқарас негізінде, олардың тек кейбіреулерінің мазмұнын талдау орынды деп табылды. Айта кетсек, таңдаудың негізгі критерийі – жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қолдануға қолжетімді әдістемені таңдау болды.


Оңтайлы әдістерді таңдау мақсатында, қолданудың қолжетімділігі, әдістеме жүргізудің жылдамдығы, нәтижелерді өңдеудің қарапайымдылығы, нәтижелердің сапасы, әр түрлі жас топтарына қолдану – деген критерийлер бойынша нәтижелерді жүйелеу туралы шешім қабылданды. Бұл нәтижелердің қорытындысын, келесі кестеден көруге болады (1-кесте).

1 кесте

ҒЗҚ-ның (ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік) қалыптасу деңгейін бағалаудың авторлық әдістерін салыстыру



Әдістеме атауы

Қолданудың қолжетім-ділігі

Әдістеме жүргізу-дің жылдам-дығы

Нәтиже-лерді өңдеудің қарапай-ымдылығы

Нәтиже-лердің сапасы

Әр түрлі жас топ-тарына қолдану

"Сол және оң тараптар"
Ж. Пиаже

++


+


+


++


+


"Социо-метрия"
Дж. Морено

++

+

+++

+

+++

"Алма вазасы"
Ж. Пиаже мен Дж. Флейвелл

++


+++


+++


+


++


Л. Михельсон Сынағы
(Ю.З. Гильбух)

+++


+++


+++


++


+++


Кеттеллдің жеке сауалнамасы
(Л. Ясюкова)

++


++


++


+++


+++


Бұндағы «+ + +» белгісі – жоғары деңгейдегі бағаны, «+ +» белгісі – орташа деңгейдегі бағаны, «+» белгісі – төмен деңгейдегі бағаны білдіреді.


Бұл кестеден Л. Михельсон әдістемесі (Ю.З. Гильбухтың аудармасында), осы зерттеудің негізгі құралы ретінде жақсы жұмыс істейтінін көруге болады, өйткені оны қолдану қолжетімді, нәтижелерді өңдеу үшін айтарлықтай уақыт шығындалмайды және орта буындағы оқушыларды диагностикалау үшін қолдануға ыңғайлы болып табылады.
Сонымен, ҒЗҚ-ның (ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік) қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтауға бағытталған зерттеуімізге, №34 «Бірлік» жалпы орта мектебінің 151 оқушысы қатысты. Л. Михельсонның тест-сауалнамасы, ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында қолданылды. Диагностика, топтық тестілеу форматында жүзеге асырылды.
Бұл әдіс, жетістіктер тестінің форматында ұсынылған. Сауалнамада болжамды дұрыс жауабы бар 27 тапсырма бар. Л. Михельсон диагностикасының мазмұны (Ю.З. Гильбухтың аудармасында) және кілттер 2-қосымшада келтірілген.
Осы әдістеменің арқасында, тест сұрақтарын саралау арқылы оқушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігінің қалыптасу дәрежесі анықталды.
Л. Михельсон әдістемесі бойынша №34 «Бірлік» жалпы орта мектеп оқушыларының ҒЗҚ-ның қалыптасу дәрежесінің бастапқы диагностикасының нәтижелері (Ю.З. Гильбухтың аудармасында) 3-суретте көрсетілген.
Зерттеу нәтижелері бойынша, №34 «Бірлік» жалпы орта мектебінің 151 оқушыларының көпшілігінде, ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктің қалыптасқандығы анықталды. Солайша, ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік сауалнамаға қатысқан №34 «Бірлік» жалпы орта мектебінің 151 оқушыларының 56,5%-да қалыптасқан. Ал, №34 «Бірлік» жалпы орта мектебінің 151 оқушыларының 38,25%-ында, ҒЗҚ-ы әлі қалыптасу барысында және тек 28,25%-ында мүлде қалыптаспаған. Алынған мәліметтерден, биология пәнін оқытуда жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу құзыреттілігінің төмендігі, бұл пәнге деген қызығушылықтың болмауынан туындайды деген нәтиже шығаруға болады. Ал бұл өз кезегінде, көбіне жалпы білім беретін мектеп жағдайында биология пәні қызықсыз оқытылады деген мәселенін барын, зерттеу басында қойылған гипотезаның орындылығын растайды.
Сонымен қатар, диагностика мәселелерін "блоктарға" бөлу арқылы, білім алушылардың қандай нақты ғылыми-зерттеу дағдылары бар екені анықталды:

  • әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеу, тақырыпты зерттеу,

  • жаңа білімді өз бетінше игере алу,

  • идеялар мен гипотезалар ұсыну,

  • мақсат қою және жоспар құру,

  • қажетті ақпаратты жинау және талдау,

  • ең оңтайлы ғылыми әдістер кешенін таңдай білу және қолдана білу (-сурет).

Л.Михельсон әдістемесі бойынша оқушылардың "ғылыми-зерттеу дағдыларын" анықтау диагностикасының нәтижелері


Бұл диаграммадан, жетінші сынып оқушыларының жартысынан көбінде бастапқы ғылыми-зерттеушілік дағдылары бар екенін айтуға болады, атап айтқанда қажетті ақпаратты жинау және талдау, өз бетінше жаңа білімді игеру, әр түрлі білім көздерімен жұмыс істеу. Ал, ғылыми әдістер кешенін таңдай білу, гипотезаларды ұсыну, жоспар құру болса, қалыптаспағанын көруге болады. Ұсынылған мәліметтер, сабақтағы топтық жұмыс формасының фрагменттік сипатымен, өзіндік жұмыспен, жоба жасаумен түсіндіріледі, мұнда оқушылар оқу-танымдық міндеттерді шешу барысында өз ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктерін танытты.


Осы әдіс бойынша, жетінші сынып оқушылары арасында қолданылатын коммуникация тәсілдері де зерттелді: тәуелді, құзыретті немесе агрессивті. Себебі, коммуникация — ғылыми-зерттеу құзыреттілігінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл диаграммадан, жетінші сынып оқушыларының 60%-ы, коммуникацияның тәуелді түрін қолданатының көруге болады. Бұл оқушылардың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуының төмен деңгейін көрсетеді, өйткені осы топтың оқушылары сабақ немесе сабақтан тыс талқылау кезінде, өз пікірлерін білдірмейді, оларға құрдастары мен мұғалімнің ықпалына ереді. Сонымен қатар, жетінші сынып оқушыларының 8,5%-ы қарым-қатынастың агрессивті тәсілін қолданады: олар сыныптастары мен мұғалімдердің сындарын жеткілікті түрде қабылдамайды, тұлғааралық қарым-қатынасты қалай құруды білмейді, өз мүмкіндіктерін бағаламайды.
Осылайша, ұсынылған деректер жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқу сабақтарында тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін дамыту, білім алушылардың коммуникативтік әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыруға және одан әрі дамытуға бағытталған әдістемелік құралдарды, тәсілдерді әзірлеу, сондай-ақ жоспарланған метапәндік нәтижелерді жедел бағалау әдістемесін әзірлеу қажеттілігін көрсетеді. Коммуникативті дағдыларды дамыту, биологияны зерттеу кезінде когнитивті, жеке және реттеуші деңгейінің жоғарылауына, биологиялық материалды жақсы игеруге ықпал етеді деп болжануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет