Компрессор– ауаны, газдарды, буды тиісті қысымға дейін сығатын машина. Бұл гидравликалық машина сорғы қозғалтқыштан алған механикалык энергияны сығылған газдың потенциалдық энергиясына және жылуға түрлендіреді; ең көп тараған түрі — поршеньді Компрессор цилиндрлерінің орналасуына қарай тік, көлденең және V тәрізді компрессорлар болып келеді. Өндірісте қолданылып жүрген Компрессор өнімділігі 500 м3/мин. дейін, ал туындататын қысымы 5 Мпа-ға дейін. Қосарлы іс- әрекетті компрессорларда газ поршеньнің екі жағынан да сығылады. Қысымды 6-8 есе арттыру үшін көп сатылы поршеньді компрессорлар қолданылады. Оларда газ бірнеше цилиндрде сығылады.
Қарапайым жұмыс жасайтын бір деңгейлі компрессордың бір жақтан ашық цилиндірі бар, оның ішінде поршень 2 қозғалады, ол қайтару-түсу қозғалысын жасайды және қисық механизмнен жұмыс етеді. Сол жақты қалпақта сорғыш клапан 3 орналасқан, ол поршень жағына ашылады, және нагнеталды клапан 4.
Поршень оң жаққа қозғалған кезде, поршень мен қалпақ арасында магнитсіздену пайда болады, кейін клапан тесігі жоғарылап ашылады, ол ауаны цилиндірге жібереді. Поршень шеткі оң жақты жерге жеткен соң, клапан серпін арқылы өз орнына түседі және оның нәтижесінде ауа целиндірге жіберуді тоқтатады.
Поршень сол жаққа қозғалған кезде цилиндірде орналасқан ауа цилиндірдегі қысым артқанға дейін қысылады.
Компрессордағы ауа қысымы аса ауыр процесс. Оны білуді оңайлату үшін теориялық жұмыс жасау процессі деген түсінік енгізілген. Оны оқып білген соң, одан қиын жұмыс жасау процессі қарастырылады.
Компрессордың жұмыс жасау процессінде туғызылатын көптеген факторлар есепке алынбайтындықтан процесс теориялық жұмыс жасау процессі деп аталады. Поршеннің үйкелуі, клапандардың механикалық және гидравликалық қарсылығы есепке алынбайды. Теориялық жұмыс жасау процессін екі еселік қызмет ету процессінде қарастырамыз.
Поршень оң жаққа клапан арқылы қозғалған кезде цилиндірде атмосферлық қысымға тең қысым пайда болады. Сондықтан диаграммадағы 1-2 сызығы сорғыш сызығы деп аталатын абцисс осіне паралельді болады. Поршеннің керіс жүрісі кезінде сол жақты сорғыш клапан жабылады, кейін цилиндірдегі ауа қысылады. 2-3 сызығы қысым сызығы деп аталады. Ауа көлемі кеміген кезде қысым артады, өйткені сол жақты клапан жабық. Қысылу қысымы қысымға жеткен кезде клапан ашылады, сол қысымдағы қысылған ауа цилиндірден итеріледі.