259
Параллелизм жасауда жеке сөйлем мүшелерінің тұлғалық
біркелкілігі
ғана емес, тұтас сөйлемнің бірдейлігі де пай-
даланылады. Айталық, екеуін де сұраулы сөйлем етіп беру
1, 2-жолдардың параллель конструкция болуына мүмкіндік
береді:
Тұрлаусыздың қолынан не келеді?
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? (I, 161).
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? (I, 223).
Қатар келген сөйлемдерді параллель конструкцияға сый-
ғызып, оларды логикалық ой
желісі жағынан тығыз жақын-
дастырып тұратын амалдардың біріне сөйлемдердің біреуіндегі
бір сөзді екіншісінде қайталап келтіру жатады. Бұл әдіс,
біздің байқауымызша, қазақ өлеңінің синтаксисінде бұрыннан
қолданылып келген. Мысалы, «Қозы Көрпеш– Баян сұлу» жы-
рында:
Қарабай мен Сарыбай
бата оқыған,
Бата оқыған
жерінде қате оқыған.
Қалтақ балам, жүрмісің
кетейін
деп,
Кетіп
мені сергелдең етейін деп.
Қозы мен Қодар құл
жақындайды,
Жақындасып
Қодар құл тақымдайды...
Бұл әдісті сирек болса да, Абай да пайдаланған:
Қартаң тартқан адамнан
от азаймақ,
От азайса,
әр істің бәрі тайғақ (I, 247).
Сөйтіп, әр алуан амал-тәсілдермен жасалған параллель
құрылыстар өзара топтасып, синтаксистік тұтастық құрайтын
жолдардың бірі болып шығады.
2. Синтаксистік тұтастыққа топтасқан сөйлемдер бір
субъектімен қазықталады. Мысалы:
Кемді күн,
қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз (I, 38), –
деген төрт тармақты синтаксистік біртұтас дүние етіп тұрған
– бір жағынан, сөйлемдердің тақырыптық жақындығы (бәрі де
татулық, ынтымақ туралы) болса, екіншіден, субъект біреу, ол
260
– осы жолдар қаратылып айтылған адам, оның грамматикалық
көрінісі
сен
есімдігі болар еді. Субъект пен грамматикалық
бастауыш сай түсе бермеуі де мүмкін, жеке жолдардың фор-
мальдық (грамматикалық)
бастауышы өзге болғанмен, логи-
калық қазығы (субъектісі) біреу болып келеді. Мысалы:
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып (I, 72).
Мұнда грамматикалық үш
бастауыш бар
Достарыңызбен бөлісу: