283
ция; 3) параллель жеке сөйлемдер болып келеді, бұл сирек
қолданылған және көбінесе тұтас шумақтың конструкциясына
орай құрылған, яғни мұндайда тұтас төрт жолды шумақ төрт
бөлек параллель сөйлем етіп берілген. Бұл үш құрылымның
ішінде Абай өлеңдерінің синтаксисіне тән немесе сонда етек
алғаны – 2-түрі. Өйткені біздің жинаған материалдарымызға
қарағанда, әсіресе меңгерілген бір тұрлаусыз мүшені бір жолға
орналастыру Абайға дейінгі 11 буыңды өлеңдерде (фольклор
мұрасында да, жеке қаламгерлерде де) жоққа жуық. Ал Абайда
бұл сан жағынан едәуір мол, демек, система. Сондай-ақ тұтас
бір шумақты төрт бөлек автономиялы параллель сөйлем етіп
құрастыру да – тек жазба әдебиеттің, әдейі қырнап-өңдеудің
нәтижесі.
* * *
Сонымен, Абайда ең жиі қолданылған 4 тармақты 11 буын-
ды шумақты құрап тұрған шарттардың бірі (ұйқас пен инто-
нация тұтастығынан басқа) – ол синтаксистік тұтастық, атап
айтқанда жолдардың көбінесе екі-екіден (1-2 және 3-4-ді)
тұтас бір сөйлем болып келуі және мағына жағынан алғашқы
екі жол мен соңғы екі жолдың өзара байланысып келуі. Бұл
байланыс та синтаксистік және логикалық құралымы жағынан
біркелкі емес. Көбінесе мағыналық байланыс байқалады, яғни
шумақтағы ойдың объектісі біреу-ақ болады да шумаққа енген
төрт тармақ синтаксистік тұтас единица болып шығады. Мы-
салы:
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек (I, 7).
Мұнда формальдық бастауыш көп, ал логикалық ой – тұтас
өлеңде айтылатын
Достарыңызбен бөлісу: