291
суретті тармақтар синтаксистік дербес бір құрылым (единица)
болады:
1) Желсіз түнде жарық ай
– а
Сәулесі суда дірілдеп, –
б
2) Ауылдың жаны – терең сай, –
а
Тасыған өзен күрілдеп (I, 77).
– б
Мұндайда шумақ екі-екі жолдан өзара өте берік жымдасқан
болады, өйткені екеуі – әрдайым дерлік бір сөйлем, көбінесе
жай сөйлем болып келеді:
1) Қалыңдық құшып, сүюге
Күйеуіне ынтызар.
2) Келісімен тиюге
Дайындалған ойы бар (I, 126),
Бір шумақтағы екі пардың өзара байланысына келсек,
көбінесе мағына мен ұйқас бірлігі ғана байқалады. Мұндағы
мағына бірлігі идея жағынан бір-бірімен ұштасқан екі сөй-
лемнің көбінесе параллель құрауында танылады. Мысалы:
Бала болдың, жас болдың –
Жалғандыққа ермедің.
Төре болдың, бас болдың –
Көкірегіңді кермедің (I, 184), –
деген жолдардағы екі сөйлем (әрі екі жол) – бір-біріне барлық
жағынан параллель түскен конструкциялар, бірақ екеуі бір
субъектіге қазықталған: әңгіме – Әбдірахман туралы.
Әрине, Абайдың 7-8 буынды, 4 тармақты
абаб
ұйқасты
өлеңдерінің бәрі түгелімен параллель парлардан тұрмайтыны
мәлім.
Параллель құрмайтын шумақтар синтаксистік құрылысы
мен мазмұны жағынан екі түрлі болып келген парлардан
құрылады. Бірақ мұнда да синтаксистік тұтастық белгілі бір
амалдармен жүзеге асып тұрады. Мысалы:
Жиырма жеті жасында.
Әбдірахман көз жұмды.
Сәулең болса басыңда,
Кімді көрдің бұл сынды? (I, 182) –
дегенде соңғы
пардың (екі жолдың) алдыңғымен мағыналық
байланысы
Достарыңызбен бөлісу: