295
Көзім жатқа қарамас,//
Жат та маған жарамас (I, 103).
Сонымен қатар
аа
ұйқасымен келген алғашқы екі тармақтың
параллель емес бір сөйлем болып келу құбылысы 7 буынды
шумақта 11 буындыдан гөрі жиілеу:
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез (I, 86).
Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, Тәңір алғыр (I, 86).
Бір-бірімен осылайша не параллель құрап, не бір сөйлем бо-
лып, тығыз байланысқан алдыңғы екі тармақ соңғы екеуімен
іліктесіп келіп, синтаксистік біртұтастық құрайды. Ол
іліктестік, өзгелердегі сияқты, тәуелдік жалғаулы сөздер мен
есімдіктер арқылы, ортақ субъект арқылы, ортақ сөздер т.б.
арқылы жүзеге асырылған.
Таза 8 буынды өлеңдер төрт тармақты шумақ құрғанда,
әрдайым дерлік
абаб
ұйқасымен келгендіктен, синтаксистік
құрылысы осы типтегі 7-8 аралас буынымен бірдей берілген.
Міне, Абайдың төрт тармақты шумақтарының синтаксистік
құрылысы – осындай.
* * *
6 тармақты шумақ мөлшерімен Абай 10 шығармасын
жазған. Оның ішінде біреуі ғана бір шумақтан тұрады, бірақ
ұйқас суретіне қарап 6 тармақты деп есептейміз. Бұл – Абайдың
Лермонтовтан аудармасы («Ғашықтық іздеп тантыма»). Абай
Лермонтовтың «И скучно, и грустно» деген шығармасының
екі шумағын екі түрлі етіп аударып көрген. «Әм жабықтым,
әм жалықтым» деп басталатын шумақ, біздіңше, 8 тармақпен
берілген (кітапта 6 тармақ – II, 71). Суреті –
Достарыңызбен бөлісу: