293
Қорқытпайды қар мен мұз,
Өзге
нәрсе қорқытты.
Ойсыз, доссыз, бақытсыз
Жыбырлақпен өмір өтті (ІІ, 96).
аб
ұйқасты 1-пардағы
өзге нәрсе
деп тұрғаны екінші
аб
па-
рында ашып көрсетілу арқылы бұл екі пар бір шумақ құрып
тұр.
3) Тәуелдік жалғаулы сөздер арқылы шумақ ішіндегі
сөйлемдер синтаксистік тұтастық құрайды.
Бұл тәсіл 7-8 буынды шумақтарда өте актив қолданылған.
Мысалы, Әбдірахманға арналған өлеңінде:
Талаптың мініп тұлпарын
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді
іңкәрің,
Әр қиынға сермедің (I, 184), –
деген шумақты тұтас дүние етіп тұрған – екінші компоненттегі
іңкәрің
деп тәуелдеулі тұлғада берілген сөз арқылы оның
алдыңғы компонентпен іліктесуі.
Шумақтың синтаксистік тұтастығын құрайтын және бір
тәсіл бар, ол – 1-тармақта айтылған ой қазығына қалған тар-
мақтардың тәуелді (байланысты) етіп берілуі:
Жастықтың оты, қайдасың?
Бұл – бірінші тармақ, негізгі ой. Қалған жолдар:
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай.
Бұлар –
жастық отының
іс-әрекет амалдарын білдіретін,
синтаксистік құрылымы жағынан бірінші басыңқы сөйлемге
тәуелді бағыныңқы сөйлемдер. Демек, төрт жол – бір-ақ
сөйлем, субъект – біреу
Достарыңызбен бөлісу: