390
– Абай осы бір ауыз өлеңінде өзіне дейінгі ақындардың тілін
сынап, қазіргіше айтсақ, әдеби үлгіде емес деп таниды де-
ген болжам, екіншісі –
Абай бұл шумағында олардың тілін
емес, шығармаларының мазмұнын, тіпті идеологиясын сынап
отыр деген тұжырым. М.Әуезов осының екіншісін қолдайды:
«Абай әндері бірі – жамау, бірі – құрау» дегенде, олардың өлең
ұйқастарын, сөз қиыстырып жүрген ақындығын олқысынып
отырған жоқ. Үшеуінің бірдей идеясын, бәріне ортақ ой
кедейлігін әшкерелейді»,
9
– дейді. Абайдың бұл айтқанын өзге
зерттеушілердің бірқатары (М.С.Сильченко, М.Сәрсекеев т.б.)
осылайша түсінеді. Біз де бұл жерде
«
Абайда өзіне дейінгі,
өзінен өзге қазақ қаламгерлерінің тілін мансұқ ету пиғылы жоқ,
оның сыны поэзияның әлеуметтік миссиясына үлкен міндет
арту ниетімен айтылған» деген пікірді қуаттаймыз.
Керісінше, бірқатар зерттеушілер Абай бұл өлеңінде
Бұхар, Шортанбай, Дулаттардың ақындық өнерін, тілін сына-
ды дегенді білдіреді. Мүмкін, тіпті Абайдың осы сөзіне арқа
сүйеген болу керек, кейбір ғалымдар Бұхар, Дулаттардың тілі
әдеби емес дегенге дейін барады, енді біреулері бұлардың тілі
мүлде әдеби емес демесе де, Абай мұнда өзіне дейінгілердің
поэтикалық ерліктерін сынап отыр деп таниды. Ақын мұрасын
жан-жақты ұзақ жылдар зерттеген Сәбит Мұқанов та Абайдың
Достарыңызбен бөлісу: