446
сыйыстыру үшін батыл пайдаланады, бұл тәсіл қазақтың ауыз
әдебиеті мен сөйлеу нормасына тән көне амалдардың бірі бола-
ды. Абай «Қара сөздерінде» салаласа құрмаласқан сөйлемдерді
байланыстыратын жалғаулықтардан
да, және
жалғаулықтары
ғана
қолданылған, қалғандары
(бірақ, сондықтан, себебі, ал
т.б.) көп қолданылмаған, бірақ сөйлем конструкциясы осы-
лар қатысып
тұрғандай модельде құрылған, сондықтан Абай
күрделі конструкциялардың бұл түрін жасауда ауыз әдебиеті
мен ауызекі нормадан әлдеқайда алыстап, қазіргі нормамыздың
ізін қалаған дей аламыз.
Абайдың прозалық тілінің синтаксисіндегі ерекше көзге
түсетіні құбылыс – ондағы аса күрделі конструкциялардың
болуы, яғни бір субъектіге қазықтаған
іс-әрекетті білдіретін
жай сөйлемдерді бір сөйлемге сыйыстыру да, көп бағының-
қылы құрмаластарды, аралас құрмаластарды Абайдың жиі, әрі
дұрыс қолдануы да ауыз әдебиеті мен өз тұсындағы қазақша
басқа жазу нұсқаларынан әлдеқайда асып түседі. Абай проза-
сында 10-16 жай сөйлемнен құралған күрделі сөйлемдер едәуір
ұшырасады және олар қаншама шұбалыңқы ұзақ болғанымен,
түсінікті болып келеді. Өйткені Абай күрделі сөйлемдерді
бірыңғай
компоненттерге құрады, мұның өзі білдірейін деп
тұрған ойды бірнеше тең бөліктерге бөліп, ара-арасына пау-
за жасауға, сөйтіп, айтылған (немесе оқылған) бөлікті ойша
қорытуға (қабылдауға) мүмкіндік береді.
Абай прозасында күрделі сөйлем
құрудың әдеби нормаға
әбден сыйымды тағы бір тәсілі бар: ол үйірлі толықтауыш бо-
латын компонентті ашық райға қойып басыңқының соңына
жіберетіндігі
(ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді
қағазға жаза берейін).
Бұл тәсіл – бір жағынан, әдеби нормаға
әбден сыйымды, екіншіден, Абайдың өзіне тән стильдік
ерекшелігі, үшіншіден, Абайға тигізген орыс тілі синтаксисінің
әсері емес пе екен деп жорамалдаймыз (бұл соңғы пікіріміз әлі
де
іздестіре, зерттей түсуді керек етеді).
Абай прозасындағы кұрмалас сөйлем структурасына
қатыстық есімдіктері
(ол – сол, қандай – сондай, кім – сол, қай
– сол
т.б.) жиі қатыстырылған, бұл да – тұңғыш әдеби нор-
малардың бірі, өйткені фольклорда болсын,
басқа жазу нұс-
447
қаларында болсын (әсіресе «Дала уалаятында») бұл тәсіл әлі
белгілі бір жүйеге келмеген (бір сыңары айтылса, екіншісі жоқ
т.т.) бейберекет күйде.
Абай құрмалас сөйлемдердің жеке компоненттерін
деп,
деген
дәнекерші элементтерімен байланыстыру тәсілін жиі
қолданады, оның өзінде
деп
дәнекері
көбінесе сөйлемнің
соңында тұрады, яғни басыңқы мен бағыныңқының орындары
алмасып келеді. Бұл тәсіл жалғыз Абайда емес, Ыбырай про-
засында да, сол тұстағы басқа нұсқаларға да тән. Сөйлемнің
деп
-ке аяқталуының бергі төркіні – халық ауыз әдебиеті, арғы
төркіні көне түркі жазу нұсқалары, ал ең түпкі төркіні – ауызекі
сөйлеу тілі.
Деп
элементімен байланысқан компоненттердің
өз орындарын табу, яғни бағыныңқының бұрын
(деп-
ті
өз ішіне
алып), басыңқының кейін келу нормасы (яғни
деп-
тің
сөйлем
ортасында қолданылуы) қазақ әдеби тілінде соңғы 20-30
жылдың ішінде қалыптасқанын айта аламыз.
Исследования по истории казахского языка.
Отдельный оттиск. - Алма-Ата: Наука, 1965. - С.42-57