454
және
( ~ тағы) бір шие, онан біраз өткен соң
және
(~ тағы) бір
шие, соның мен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені
он шақты рет иіліп жерден алып жеді» (Сонда, 4-бет). «Үсен
түсініңкіреп, бойы мұздап, қолына манағы қармақтың таяғын
қысыңқырап ұстап,
және
( ~ қайтадан) отыра берді» (Сонда,
25-бет).
Және
(~ жана) сөзінің екі бірыңғай мүшені немесе сөйлемді
байланыстырмай, «тағы, тағы да, қайтадан»
деген мағынада
қолданылуы қазақтың ауыз әдеби тіліне де жат болмағанға
ұқсайды:
Біреу
және
келеді,
Қасын қағып ыржиып
Езуін тартып күледі («Алпамыс», 1957, 48-бет).
Қалы кілем, қара нар
Тай тұяқ жамбы
жана
бар («Қамбар», 1957, 22-бет).
Және
келе жатсам, бір ақ
сұңқар қуды алып жатыр екен
(«Қамбар», 1957, 32-бет).
Және
сөзі Абаймен тұстас жазу нұсқаларында да, халық
әдебиеті тілінде де күшейткіш
да
(<
дағы)
шылауы қызметінде
де жұмсалады: «Бұрынғы заманда бір Қанай деген бай бар
екен. Өзінің ұлы жоқ екен. Қызы
және
жоқ екен» (И.Березин
«Турецкая хрестоматия», т. III, 19-бет).
Мұнда соңғы сөйлем
«Қызы да жоқ екен»
конструкциямен
синонимдес.
Және
сөзін (кейде
және де
тіркесін) күшейткіш элемент
ретінде пайдалану қазіргі әдеби тілімізде де жоқ емес.
Бірақ
бұл амал белгілі бір жеке жазушының тіліне тән болып келіп,
оның индивидуалдық ерекшелігін құрайды. Мысалы, бұл тәсіл
жазушы М. Әуезовтың тілінде айтарлықтай сезіледі: «Әбіш
бұл әңгімені
және де
ұзаққа созған жоқ ( ~ Әбіш бұл әңгімені
де
ұзаққа созған жоқ). («Абай жолы», І, 311-бет). «Үй ішінде
және де
жөнді от жоқ» ( ~ үй ішінде
де
жөнді от жоқ) (Сонда,
104-бет). «Қуып айдап салу
және
жол емес» ( ~ қуып айдап
салу да жол емес) (Сонда, 25-бет).
Абай тілінде
және
сөзі қазіргідей екі бірыңғай мүшені не-
месе құрмаласқа енген жай
сөйлемдерді байланыстырушы
ыңғайлас жалғаулық қызметінде де жұмсалады: «Сонда Ари-
стодим тахқик ойлап тексергенде,
адамды Жаратушы артық
хикмет иесі екендігіне
және
махаббатымен жаратқандығына
455
шүбәсі қалмады» (II, 182). «Осындай қастарға сөзім өтімді
болсын
және де
ептеп мал жаюға күшім жетімді болсын деп
қызметке, болыстық, билікке таластық» (II, 159). «Көшеде шу-
лап
және
жылаған көп» (I, 268).
Сөйтіп, бұл талдаулардан XIX ғасырдың екінші жарты-
сында қазақ тілі грамматикасын зерттеушілердің қазақ тілінде
бірыңғай мүшелерді немесе сөйлемдерді байланыстырушы
жалғаулық шылау (орысша
и
союзының орнына жүретін) жоқ
деген пікірлерінің
78
шындыққа жатпайтындығын байқаймыз.
Сірә, бұл зерттеушілер сын есімнен болған екі бірыңғай
мүшенің арасындағы жалғаулық жайында айтқылары келген
болар. Шынында да, қазақ
грамматикасы нормасында сын
есімнен болған бірыңғай мүшелердің арасында
мен
(<
менен)
жалғаулығы қолданылмайды, ал оларды
және
жалғаулығы
арқылы байланыстыру қазірдің өзінде сирек кездеседі де жа-
санды, кітаби сипатты болады
79
.
Және
сөзінің жалғастырушылық
қызметі Абай тұсында
бірыңғай мүшелерден гөрі, сөйлемдердің арасында айқын
сезіледі. Ауызекі тіл мен ауыз әдебиеті тілінің құрмалас сөйлем
жасаудағы негізгі амалының бірі – паратаксис болса,
және
сөзі екі сөйлемнің жігін айырып тұратын белгі ретінде келеді.
Революцияға дейін араб әрпімен шыққан кітаптардағы ешбір
тыныс белгісі қойылмаған жазуларды басқа транскрипцияға
көшіріп, сөйлем жіктерін айырған кезде, айыру белгісі ретіндегі
және
сөзі кейде бір құрмалас
сөйлемнің ортасында қалып,
кейде жеке сөйлемнің қасына шығып кеткені байқалады.
Әрине, «айыру белгісі қызметінде тұрған
және
сөзінің орны
қайткенде де тұрақты болуы керек» деп түсінуге болмайды,
дегенмен оның жаңа сөйлемнің басында келіп қалатын факті-
сінің өзі
Достарыңызбен бөлісу: