Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Абай шығармаларындағы кейбір шылаулардың



Pdf көрінісі
бет189/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Абай шығармаларындағы кейбір шылаулардың 
қызметтері
Үшін (оның үшін) 
шылауы
Абай «Қара сөздерінің» тексінен 
үшін 
шылауының 
оның 
үшін 
түріндегі тіркесінің қазіргіге қарағанда, өзгеше қызметте 
келетінін кездестіреміз.
Осы күнгі әдеби тілімізде 
үшін 
шылауы «істің мақсатын, 
бір заттың кімге, неге арналғандығын білдіреді»
75
. Бұл шы-
лаудың 
ол 
деген есімдікпен тіркесі 
(ол үшін 

оның үшін) 
қазірде мақсаттық, салдарлық мағына береді (орысша 
«для 
этого» 
дегенмен әуендес келеді) және көбінесе 
ол 
есімдігі 
атау тұлғада жұмсалады: 
ол үшін.
Ал Абай прозасында 
оның үшін 
болып келген конструкция 
бұл айтылған мағынада емес, «оның себебі» деген тіркестің 
мағынасында жұмсалады, яғни «Қазіргі қазақ тілі» курсының 
терминімен айтсақ, білдіретін мағыналық қатынастарына 
қарай салдарлық емес, себептік шылау қызметін атқарады. 
Осы күнгі 
өйткені 
деген жалғаулықтың дубликаты ретінде 
жұмсалады (орысша 
«потому что» 
дегенге сай келеді): 
«[Адам баласы] тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтан-
нан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да 
көңіл аз ба, көп пе жалығады. 
Оның үшін 
( ~ оның себебі) 
бәрінің айыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғы-
дан да суи бастайды» (II, 175)
76
. «Адам баласы өзі қай жолда, 
қай майданда жүрсе, ол майдандағы кісіменен сырлас болады. 
Оның үшін 
( ~ оның себебі) өзге жолдағылардан «бәрекелді»-
ні оңды күтпейді» (II, 218). «Мұнысы қазақтың тамырын 
ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат 
алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» 
деп қазақтың бетінен оқып, ізденген талап емес. 
Оның үиіін 
(~ оның себебі) кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі 
көкіректі тазалау керек дейді» (II, 219).
75
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 352-353-беттер.
76
Мысалдар Абай шығармаларының 1957 жылы шыққан екі томы бойынша 
алынды. Осы жерде және әрі қарай жақша ішіне томы мен беті ғана көрсетіліп 
отырылады.


449
Үшін 
шылауының 
ол 
есімдігімен тіркесінің бұл сияқты 
қазақ тіліне тән емес қызметі Абай шығармаларын бастырып 
шығарушыларды бірнеше жерде 
оның үшін 
дегенді «оның 
себебі» деп алмастыруға әкеп соқтырған. Әсіресе Абай «Қара 
сөздерінің» тұңғыш жариялануында (1933 жылы) 
оның үшін 
дегеннің көпшілігі 
оның себебі 
деп өзгертіліп берілді. Кейінгі 
басылуларында бұл сияқты редакциялар біраз тежеліп, нұсқаға 
(яғни Абай мұрасының бірнеше көшірмесін қалдырған 
Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбаларына) сәйкестендіріп беру 
бағыты ұсталған. Әйтсе де осы әрекеттің қалдығы ең соңғы ба-
сылуларына дейін созылып келе жатқанын текстологиялық са-
лыстырулар көрсетіп отыр. Мысалы, Абайдың орыс тілі, орыс 
мәдениеті туралы жазған атақты сөйлеміндегі (25-сөзінде) 
қолжазба бойынша 
оның үшін 
болып келетін тіркес кітапта 
оның себебі 
деп өзгертіліп беріліп жүр: «Орысша оқу керек, 
хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор. За-
лалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын
ғылымын білмек керек. 
Оның себебі 
(қолжазбада – 
оның үшін) 
олар дүниенің тілін білді, мұндай болды» (II, 179). Бұл ауыс-
тырулар Абай шығармаларын қалың оқушы жұртшылыққа 
түсінікті, жатық түрде ұсынудан туған талапқа байланысты 
болу керек. 
Оның үшін 
конструкциясының қазіргі қазақ тіліне тән 
емес мағынада жұмсалуын жалғыз Абай прозасының тілінен 
емес, Ыбырай тілінен (Абайға қарағанда сиректеу), В.Радлов, 
Лютштер бастырған материалдардан да (олардың қара 
сөзбен берілгендерінде), «Дала уалаяты газетінің» тілінен де 
кездестіреміз: «Үсен енді білді жақын жерде көл бар екенін, 
оның үшін 
(~ оның себебі) қаз сусыз жерді мекен етпейді» 
(Ы.Алтынсарин Киргизская хрестоматия. - 1879. - С. 25. Бай 
мен жарлы баласы). «Сол берген денелерді тиісті орнына 
жұмсамасақ, Құдай бұйрығына қарсылық болса керек, 
оның 
үшін 
(~ оның себебі ~ өйткені) жүрмей, тұрмай, отырмай, 
көрмей, есітпей, Құдайға құлшылық етіп те болмайды» (Сон-
да, «Лұқпан әкім»).
«Лұқпан әкім» деген әңгіме «Дала уалаяты газетінің» 
1889 жылғы 5 әдеби қосымшасында басылған. Тегі, ол 


450
Ы.Алтынсариннің «Киргизская хрестоматиясынан» алынған 
болу керек, өйткені текстерін мұқият салыстырып өткеніміз-
де, орфограммасы жағынан болмаса, басқа ешбір айырма-
шылық жоқ болды. Жоғарғы сөйлемді осы қосымшаның 
орысша аудармасынан былайша окимыз: «Неупотребление 
этих чувств членов по принадлежности является нарушением 
воли творца: так как не видя, не слыша, и не ходя, невозмож-
но молиться Богу».
«...Егерде қуып жетіп өлтірсе, құны жоқ болсын, тек Тар-
ғыннан айырыңыз да, өзіңіз алыңыз, – деді, – 
оның үшін 
(~ оның 
себебі) бек көңілім қалып өкпеледім» (В.В.Радлов, Образцы... - 
Т. III. - С. 124. Ер Тарғын)

«Барлық ақшамды бір байғұс шалға 
бердім, 
оның үшін 
( ~ өйткені) ол маған насихат айтты» (Лютш 
Киргизская хрестоматия. - С. 33). Мұнда ақша беру әрекеті на-
сихат айтудан кейін істелген, яғни шал әуелі насихатын айтқан, 
содан соң ғана жігіт оған ақшасын берген.
«Қазақ халқының тұрулары мен жайын анықтап байқама-
ған уақытта жоғарғы айтқандары адамды ойландыратын
оның үшін
(~ оның себебі) халық жылдан жылға өсе береді, 
жер бір қалыптан аумайды» («Дала уалаяты газеті». - 1889, 22
декабрь. - №51). «Өзінің иесі өлген мезгілде күншығыс жағын-
дағы әдеттердің рәсімінше атын иесімен бірге көмген екен, 
соның үшін 
(~ өйткені) айтады: ат тапқан мезгілде адам сүйе-
гін бірге тапқан» (Сонда, 1891, 17 май. - №19). Осы
 
сөйлемнің 
сол нөмірдегі орысшасы мынадай: «Лошадь эта когда-то зары-
та по смерти своего хозяина и вместе с ним по обычаю Восто-
ка, 
потому что 
в этой же руине найдены человеческие кости» 
(Н.Жетпісбаев дегеннің Шығыс Қазақстан территориясынан 
табылған археологиялық нәрселер туралы мақаласынан).
Сөйтіп, Абай тіліндегі 
оның үшін 
конструкциясының 
мағынасынан байқалатын ерекшелік жалғыз Абай прозасы-
на ғана емес, өткен ғасырдың соң тұсындағы қазақша жазу 
нұсқалары тіліне де бірқыдыру тән болған деген тұжырымды 
айта аламыз. 
Абай прозасында 
үшін 
шылауының орнына 
себепті
 
деген
 
шылауды пайдаланған бірді-екілі сөйлемді ұшыратамыз. Өзбек 
(және көне өзбек) тіліне тән 
себепті 
шылауы Абайда 
үшін 


451
шылауымен синонимдес жұмсалады: «Гомерге бәйітшіліктігі 
себепті 
(~ бәйітшіліктігі үшін), Софоклге трагедиясы 
себепті 
(~ трагедиясы үшін), яғни біреудің сипатына түспестік, Зевк-
сиске суретшілігі 
себепті 
(~ суретшілігі үшін) таңырқаймын» 
(ІІ, 181). «Ай, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің білуіңше, 
қылған өнерлері 
себепті 
(~ өнерлері үшін) адам таңырқауға 
лайықты» (ІІ, 181).
«Үшін» мағынасындағы 
себепті 
сөзін қолдану өзге түркі 
тілдерінің Абайға тигізген әсерінен болуы керек. Бұл шылау-
дың бір-ақ 27-сөзде (Сократ хакимнің сөзінде) кездесетіндігі 
осы пікірімізді қуаттай түседі. Қазақ тіліне тән емес 
бол
-
сын үшін, жауып тұрсын үшін 
деген өзге түркі тілдік конс-
трукциялардың да осы «Сөзде» орын алғандығына на-
зар аударсақ, жалпы «Сократ хаким сөзінде» басқа бір түркі 
тілінің тікелей әсері (ізі) бар екендігін аңғарамыз. Тегі, автор 
бұл әңгімені әдеби түркі тілдерінің басқа біреуінен оқып, сол 
бойынша жазған болуы керек.
Ал «өйткені, оның себебі» деген мағынада 
оның үшін 
тірке-
сін пайдаланудың тамыры, бір жағынан, өзге түркі тілдеріне 
тіреліп жатса, екінші жағынан, қазақтың жалпыхалықтық 
тілінің нормасына да ұштаспай ма екен деген жорамал туғы-
зады. Әйтпесе кітаби тіл элементтерінен көрінер көзге ірге-
лерін аулақ салған Радлов, Лютш, Алтынсарин сияқты адам-
дар бұл тәсілді өз қолдары тиген материалдардың тіліне жуық-
татпаған болар еді. Оның үстіне өзге түркі тілдік тәсілдер-
ді стилистік мақсатпен 27, 38-інші тәрізді белгілі бір «Сөз-
дерінде» ғана пайдаланған Абай өзінің прозалық шығарма-
ларының ұзын-ырғасы бойына бұл амалды түгел қолданбаған 
да болар еді.
Оның үшін 
тіркесінен өзге тіркестерде келген 
үшін 
шы-
лауы, әрине, Абайда да, XIX ғасырдан басқа жазуларда да 
қазіргідей мақсаттық мағынада жұмсалады.


452


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет