540
«сорлы Көкбай» өлеңді не шығармайды, не жазбайды, жоқтан-
бардан «жияды».
Мұнда
өлең жазған тырбанып
десе, нағыз
сынау, кемсіту реңкі болар еді. Өлеңді
тырбанып жазғаннан
гөрі
тырысып жию
(құрастыру) әлдеқайда зілсіз, әзіл-оспақ
түрінде айтылған сөз боп шығады.
Абайдың сөз таңдап, тап басуын әсіресе аударма өлеңдері-
нің тілінен жаксы көруге болады. Аударып отырған шығар-
маның идеясын дәл беруде сөз таңдаудың мәні орасан зор. Ау-
дарма көшірме болмай, екінші тілдегі поэзия болуы керек, ол
үшін
әрбір сөздің бояуы, көзге ілінер-ілінбес семантикалық
реңктері, өзге сөздермен тіркесу қабілеті – баршасы іске
қосылуы қажет. Сондықтан Абай әсіресе аударма өлеңдерінің
тіліне қыруар еңбек сіңіргені байқалады. Ол
Пушкин, Лермон-
тов шығармаларының мазмұнын қазақшалап,
идеясын беріп
қоймайды, осы екі суреткердің өз қолтаңбаларын, өз «иістерін»
сақтауға күш салады. Ол үшін жеке сөздерді таңдайды,
синонимдерді сұрыптайды. Мысалы, Лермонтовтың «Пусты-
ня
внемлет Богу
»
дегенін «Елсіз жер тұрғандай боп
Хаққа
мүлгіп
»
деп аударады. Мұнда
внимать
етістігінің кітаби көне
поэтикалық элемент екенін Абай іштей сезінеді,
сондықтан
тыңдап, құлақ салып
сөздерін емес,
мүлгу
сөзін алады. Хақты
(Құдайды) жай тыңдауға, оған жай құлақ салуға болмайды,
жан-тәнімен беріліп, не бұйырса да мойын сұнып, мүлгіп
тыңдау керек,
осы себептен Лермонтов та
Достарыңызбен бөлісу: