Тәңір
кезекші синоним ретінде
әлдеқайда кемдеу (40 шақты рет) ұшырасады. Бұл әсіресе
Тәңір тобы, Тәңірінің
құрған
тезі, Тәңірі
– қазы,
тас – таразы
сияқты аллитерациялы тіркестер жасау үшін таңдалынады.
Абай да, өзгелер сияқты, синонимдерді қатарынан қолданып,
айтпақ ойының экспрессиясын күшейтеді: «Түзу кел,
қисық,
қыңыр, қырын
келмей», «
Есер, есірік
болмасаң, тіршіліктен
пайда жоқ», «
Тыным, тыныштық
көрмеген», «
Абайлаңыз,
538
байқаңыз,
Елдің жайы солай-ды» т.т. Синонимдерді қатар
келтіру үшін үлкен шеберлік керек, өйткені синонимдердің
барлығы бірдей бір сызықта тұра алмайтыны мәлім. Бір
қатарда тұратып синонимдер көбінесе түбірлес элементтер бо-
луы мүмкін
(тыным ~ тыныштық; есер ~ есірік; шалықтап
~ шалқып)
немесе плеоназмдар болуы мүмкін
(әуелесін ~
қалқысын: әуелеудің
түбірі –
әуе –
«аспан», ал
қалқысын
дегеннің түбірі –
қалық,
көне түркі тілінде бұл да – «аспан»)
я болмаса морфологиялық құрылымы бірдей сөздер болуы
мүмкін
(тиянақсыз ~ байлаусыз;
жас
өспірім ~ көк өрім).
Осы
заңдылықты ұлы зергер жақсы сезінген.
Қатар түзей қолданылған мәндес сөздер әртүрлі тұлғада
келіп, бірін бірі толықтыра, айқындай түседі. Мысалы,
«
Жақындай
бер
жуықтап
»
дегенде, біреуі – көсемше, екіншісі
– тиянақты тұлғада келтірілген синонимдер, олар өзара бір-
біріне өте жақын, бірін бірі күшейтіп тұр. «
Өтірік
берген
қағаздың Тауып алып
жалғанын
»
дегенінде де сондай: өзі
өтірік қағаздың жалғанын тағы ескертеді.
Сын есім, үстеу синонимдерді де қатар қолдану айтылмақ
ойды мүлде әсерлі етіп жібереді: «
Мұқым
қазақ баласы
Тегіс
ақыл сұрапты», «
Босқа
ұялып,
текке
именіп», «Сорлы жүрек
мұнша
ауыр
Неге
қатты
соқтығар?» т.б. Абай әсіресе бір сөзді
қайталай бермес үшін синонимдерді кең пайдаланады: «
Рас
сөздің кім білер қасиетін, Ақылсыз
шынға
сенбей, жоққа сен-
бек», «Әркімде бар
туысқан...
Жақсыға біткен
ағайын
»
.
Сол
сияқты
бәле ~ кесапат, алаш ~ жұрт ~ ел, қулық ~ алдау
т.т.
тәрізді синонимдік тізбектер бір-біріне кезекші болып түсіп,
өлең тілін құбылтып отырады.
Синонимдерді белгілі бір жазушы тіліне байланыстырып
қарастырғанда, оларды екі тұрғыдан алып талдау қажет: бірі
– олардың сол контекстегі мән-мағынасын ашу, екіншісі –
автордың бір ұғымдас сөздердің өзгесін емес, дәл сол берілгенін
неліктен таңдағандығын, арқалап тұрған жүгін көрсету.
Біздің жоғарыда сөз еткендеріміз – алғашқы аспектіден қарап
талданғаңдар. Екінші тұрғыдан да материалды молынан тауып,
ұзақ сөз етуге болады. Өйткені тіл қадірін жақсы білген, «өлең
деген – әр сөздің ұнасымы» деп өткен Абайдай ақынның сөздің
539
анасын емес, мынасын таңдауының кез келгенін дәлелдеуге
болады. Абайдың ақындық құдіреттілігі де, поэзия тілін
ұстартудағы үлкен еңбегі де, кейінгіге қалдырған үлгі-өнегесі
де осы жерде: сөзді таңдап талғап қолданысында. Мысалы,
Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтауы
– метафоралы образдарға толы шығарма. Осы толғаудың
бір жерінде: «Қызықтың
Достарыңызбен бөлісу: |