Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет33/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
елсіз жер Хаққа мүлгіп тұр 
дейді.
Сірә, бұл келтірілген 
мүлгу, бағу 
сияқты сөздерді 
тыңдау, 
қарау 
дегендердің поэтикалық синонимдері деп тануға бо-
лар. Поэтикалық синонимдер қатарына авторлық, контекстік 
қолданыстарды да жатқызуға болатын тәрізді. Бұл ретте 
Абай өлеңдерінің тілі көп материал береді. Мысалы, Абы-
ралы замандасының барлық мұсылманшылық рәсімі дұрыс 
орындалмағандықтан босқа кетеді демейді, 
желге кетеді 
дейді, сұлуды суреттегенде «сөз жетпейді, қызықтырады» де-
ген ойды айту үшін ақын 
тіл байлайды 
деген синонимді тау-
ып қолданады. Абайда таза авторлық, яғни тек өзі қолданған, 
өзі жасаған өте әсерлі етістік синонимдер молынан табыла-
ды. Оның 
қулық сауу 
(алдау), 
күлкі бағу 
(құр сайрандау), 
күлкі 
күйлеу 
(желігу, әуейілену), 
мақтан күйлеу 
(мақтан қуу, мақтан 
іздеу, «Абай тілі сөздігінде» бір жерде бұл тіркесті «мақтанды 
қуу, дәріптеу» деп түсіндірілген, дұрысында, 
мақтан қуу 
мен 
мақтан күйлеу – 
синонимдер, алғашқысы бейтарап мәнде, 
соңғысы – экспрессиялы образ, яғни поэтикалық қатары). 
Күлкі сату – 
Абайдың өзі жасаған образды тіркес, ол еңбекпен 
емес, болмашы әрекетпен көріну дегеннің поэтикалық сыңары. 
Бұл етістік «Абай тілі сөздігінде не «күлкі» сөзтізбесінде 
(реестрінде), не «сату» реестрінде түсіндірілмеген, 
ой табу 
(іздену), бұл тіркестің түсіндірмесі де сөздікте жоқ, 
мал салу 


96
(мал жұмсау), 
мойын түсу 
(үнжұрғасы түсу), 
сөз сату 
(сөзін 
бұлдау) сияқты қолданыстар кейде жеке бір етістіктің, кейде 
тіркестің образды, яғни поэтикалық синонимдері болып келеді. 
Бұл көрсетілгендер – Абай ізденістері, Абайдың авторлық 
қолданыстары. 
Ал 
қышыну 
(пәле іздеу), 
сарнау 
(зар айту, зарлау), 
күлмеңдеу 
(ойнақылану), 
босаспау 
(айрылыспау), 
дүрсу 
(кісімсу) 
сияқты дара етістіктер де, 
айдыну 
(жасқану), 
алқау 
(қолдау), 
азырқану 
(азсыну) сияқты сирек қолданылатын етістіктер 
де синонимдердің поэтикалық қатарын түзейді, бірақ бұлар 
Абайдың өзі жасап ұсынғандар емес, тілде бар сөздер болып 
келеді.
Сөйтіп, Абай ақын айтпақ идеясын айқын, әсерлі етіп 
жеткізу үшін және поэтикалық образды дәл беру үшін сино-
нимдік қатарларды талғап, таңдап өте шебер пайдаланған 
дейміз. Синонимдер – өлең тілінің сөз оралымын арттыра-
тын құралдар. Поэзия өз ерекшелігіне орай тілдегі өте сирек 
қолданылатын сөздер мен кейбір көне тұлғаларды синонимдік 
қатарға тарта алады. Сондықтан біз Абай тілінен 
безу ~ күсу, 
бүкіл ~ мұқым, сырлас ~ ежеттес, қадірлеу ~ әз тұту, кем көру 
~ қоңыр көру, жолдастық ~ сұхбаттастық, шабан ~ шардақ 
~ шау 
деген мағыналас сөздер қатарын көре аламыз. Мұндағы 
екінші қатардағы синонимдер не 
күсу, мұқым, шардақ
сияқты 
сирек қолданылатын сөздер, не 
ежеттес 
сияқты көне тұлға, 
не 
әз тұту 
сияқты поэтизмдер, не 
сұхбаттастық 
сияқты араб 
сөзінің түпнұсқа тілдегі бір мағынасын кәдеге асыру
,
не 
қоңыр 
көру, шау 
сияқты экспрессоидтер болып келеді. Сонымен, 
Абай поэзия тілінде синонимдерді «ойната», «сөйлете» білудің 
ғаламат үлгісін көрсетіп кетті дей аламыз.
Мағыналары қарама-қарсы сөздер – антонимдер деген-
дер де – ақын діттеген поэтикалық қызметті атқара алатын 
құралдардың бірі. Абай мұны да қалт жібермейді. Ол өмір мен 
өлім, жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, білім мен 
надандық сияқты кереғар полюстерді көрсету арқылы өмірге 
көзқарасын, философиялық ой түйінін білдіреді. Бұндай 
қарама-қарсы ұғымдардың тілдегі көрінісі – антонимдер болса, 
ақын оларды бір өлеңде немесе өлеңнің бір шумағында, кей-


97
де тіпті бір жолында қатар келтіріп, сол арқылы айтпақ иде-
ясына поэтикалық өң береді. Мысалы, «
Ішім өлген, сыртым 
сау, 
Көрінгенге деймін-ау. 
Бүгінгі дос – ертең жау, 
Мен не 
қылдым, япырмау» дегендегі айтпағы – қайшылығы мол өмір, 
сол қайшылықты тудыратын құбылыстың бірі – адамдардың 
тұрақсыздығы болса, осыны білдіруде 
іш – сырт, өлген – сау, 
бүгінгі – ертең, дос – жау 
деген төрт жұп антонимді қолданған.
Абайда тілдік антонимдермен қатар, контекстік антонимдер 
де жиі кездеседі Мысалы: «Бұл сөзді 
тасыр 
ұқпас, 
талапты 
ұғар» дегенінде 
тасыр 
мен 
талапты 
сөздері – қарсы мәнді 
образдар және олар антонимдік сипатқа тек осы контексте ие 
болып тұр, әйтпесе 
тасыр 
сөзінің лексикалық мағынасы «есер, 
алаңғасар, тасырлаған адам» дегендер болса, бұл контексте 
та
-
сыр 
сөзі «еш нәрсеге талпынысы, ынтасы жоқ» деген мағынада 
жұмсалып, 
талапты 
сөзінің антонимі болып тұр. Сол сияқты: 
«Надан 
жөндіге 
жөн келмей, Білер қайдағы 
шәргезді
»
 
деген 
өлең жолдарындағы 
шәргез 
деген сирек қолданылатын сөздің 
Абай берген мағынасын оның осы контексте 
жөнді 
сөзіне ан-
тоним ретінде қолданылуына қарап айтуға болады: бұл жердегі 
шәргез – 
«шәлкес, жөнсіз». Әрине, Абай тілінде антонимдер 
сан жағынан синонимдерге қарағанда, әлдеқайда кем, бірақ 
олардың белгілі мақсатпен қолданысы жағынан уәжділігі өте 
айқын көрінеді.


98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет