Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Әдебиет теориясының негіздері. -Алматы, 1970. - 234-б. 26  Ахметов 3



Pdf көрінісі
бет36/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
 
Әдебиет теориясының негіздері. -Алматы, 1970. - 234-б.
26
 Ахметов 3.
 
Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973. - 22-б.
27
Сонда, 236-б. 


100
символы: 
жел – 
бірде рақат, тыныштықтың (Жұмақтағы жібек 
желден, 
Мәңгі жайнап тұрған гүлден Жаратылған әйел сұлу), 
енді бірде 
жел
– тағдырдың адам өмірінің символы. Мысалы, 
«Мені де, өлім, әлдиле» деген өлеңінде: 
же
л образы алты рет 
қайталанып келіп, адам тағдырының образын тұспалдайды: 
«
Жел 
бұйығып, тербелген Әлдекімнің өлгенін, Оны қалай 
көмгенін Әңгіме қып күңіренген», «Қара орманның шетінде, 
Нағыз 
желдің 
өтінде Өскен жалғыз жас қайың...», «Сол жас 
қайың құлапты, Жанында 
жел 
жылапты...», «Майданда ұлан 
қайтыпты, 
Жел
иманын айтыпты...», «Сорлы шөлде өліпті, 
Жел 
құмменен көміпті...», «Қайтыпты қозы көз тиіп, Бетінен кей-
де 
жел 
сүйіп... Құшыпты да өліпті, 
Жел 
толқыннан біліпті...». 
Бұл өлеңде символ – тек 
жел 
емес, 
жас қайың, жаңа біткен 
балдырған – 
жас өмірдің символдары, 
бетпақ шөл – 
қиын 
өмірдің символы.
Мағжан ақынның айтпақ идеясының заттық нышаны 
ретінде желдің өте күшті образ болып келген тұстарын біраз 
өлеңінен табуға болады.
Кәкімбек Салықовтың 
жезкиігі – 
сұлулықтың, сұлулыққа 
құштарлықтың символы, Қасым Аманжоловтың 
Дариғасы 
– 
арманның символы т. т. 
Көркемдеу тәсілдерінің ішінде сирек кездесетіні – символ. 
Бір ақында көзге түсетін нағыз символдар төрт-бестен аспай-
ды десек те болады. Символды Абай көп қолданбаған. Оның 
себебін, сірә, поэтикалық шығарманың жанрынан, ақынның 
көркемдеу тәсілдеріне деген талғамынан іздеу керек болар. 
Символ негізінен лирика тіліне
тән. Әсіресе ақынның жан 
дүниесін толғаған өлеңдерінде айтпақ идеясын тіке атамай, 
бейнелеп, тұспалдап білдіру әсерлі. Дегенмен идеяны сим-
волдап (тұспалдап, нышанын ғана білдіріп) беруді лирик 
ақындардың барлығы бірдей ең тартымды тәсіл етіп қолдана 
бермейді. Оның үстіне оқырманның (тыңдаушының) сим-
волды түсінетін дәрежесімен де санасу керек. Ол үшін ақын 
қолданатын символдар халық санасында орныққан, көпшілік 
оқырманның құлағына қанық образдар болуы керек (мы-
салы, 
қос аққу – 
сүйіскен жастар, ғашықтар, дала – еркіндік 
т. т.), не бұл тәсілге өте сақтықпен сараң түрде бару керек. 


101
Сірә, «тыңдаушымды ұғымсыз қылып Тәңірім берген-ді» деп 
таныған Абай білдірмек ойын тұспалдамай-ақ тура айтып 
жеткізуді көбірек ойласа керек. Оның үстіне ақын символ 
дегенді өзінің ең бір толғантқан идеясын бейнелеп беру үшін 
оған материалдық дүниеден (көзге көрінетін, қолға
ұсталатын, 
құлаққа естілетін дегендей) балама іздейді.
Ал Абайдан символ іздей қалсақ, ең алдымен, 
жүректі 
атар 
едік. 
Жүрек – 
адам организміндегі мүшенің атауы, демек, ол да 
– зат. Осы затты ақын адамның ішкі дүниесінің, санасының ру-
хани сұранысының символы етіп қолданады, тіпті әрі-беріден 
соң 
жүрек – 
адамның өзінің символы болып шығады. Мыса-
лы, ақын: «
Жүрегім, 
ойбай, соқпа енді, Бола берме тым күлкі» 
дегенде де, «Сорлы 
жүрек 
мұнша ауыр Неге қатты соқтығар» 
дегенде де, «Сенісерге жан таба алмай, Сенделеді ит 
жүрек
»
 
дегенде де – барлығында да әңгіме организм мүшесі – жүрек 
туралы емес, адамның өзі туралы: күлкі болатын – жүрек 
емес, адам, 
сорлы 
эпитеті адамға ғана тән, сенделетін де – 
адам. Абайдың жүректі адамның символына айналдыраты-
ны соншалық, тіпті жүрекке берілген қимыл-әрекеттің бәрі – 
адамның әрекеті. «Ақыл да, ашу да жоқ күлкі де жоқ, Тулап, 
қайнап, бір 
жүрек 
қылады әлек» – тулайтын, әлек салатын – 
адамның өзі ғой, демек, мұнда да 
жүрек – 
адамның символы.
Адамның ішкі дүниесі абстракт нәрсе болса, оның символы 
материалдық дүниеден алынып отырғандығын күшейте түсу 
үшін Абай жүректі «заттандырып» алады: жүрек киім, төсек 
сияқты жамаулы болып та келеді 
(Жүрегім 
менің 
қырық жа
-
мау 
қиянатшыл дүниеден), жылқы сияқты асау болып та келеді 
(Асау жүрек 
аяғын шалыс басқан), адамның өзі сияқты асыл 
болып та келеді (ақылды, 
асыл жүрек 
сөзі майда), сондай-
ақ жылы да, ыстық та, мұз да, сұм да болып келе береді. Бұл 
сипаттардағы жүректердің барлығы – адамның, лирикалық 
кейіпкердің өзінің символы.
Абай 
тіл 
дегенді де ақындықтың, поэзияның символы етіп 
көрсеткен деуге болады. 
Тіл 
сөзін 80-нен аса рет қолданғанда, 
ол қолданыстың көбінде тіл сөзінің адамның ауыз қуысындағы 
дәм беретін мүшесінің атауынан басқа және адамдардың бір-
бірімен сөйлесетін қатынас құралы деген ұғымынан басқа, 


102
оны тұспалды мағынада да жұмсайды. Абайдың атақты 
«Сегізаяғы» толғауы тоқсан қызыл тілін «үндеуден» баста-
лады. Оның «қиуадан шауып, қисынын тауып, тағыны жетіп 
қайыратын толғауы тоқсан қызыл тіл» деп отырғаны – поэ-
зия, өлең сөз. Тіпті үңіле қарасақ, ақын өзі «сөйлеймін десең 
өзің біл» деп өз талант күшіне, ақындық қуатына айтып тұр. 
Әрине, үстірт қарағанда, қиуадан шабатын да, қисынын тауып, 
тағыны қайыратын да тілдің (сөздің) өзі сияқты, бірақ сол тіл 
қай түрде жұмсалғанда тағыны қайырады: жай сөйлегенде ме, 
әлде поэзияға қызмет еткенде ме? Әрине, соңғы жағдайда. Де-
мек, ақынның бұл жердегі 
толғауы тоқсан қызыл тілі – 
өзінің 
ақындық қуаты, өзінің поэзиясы.
Абайдың аударма өлеңдерінде кездесетін 
желкен 
(па-
рус) сияқты символдары – әрине, өзінікі емес, түпнұсқа өлең 
авторінікі, Лермонтовтікі. Бірақ мұндай кірме символдар да 
Абайда көп емес.


103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет