Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


О поэзии Анны Ахматовой. - Л., 1925. - С. 15. 23 Григорьев В. П



Pdf көрінісі
бет35/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
 
О поэзии Анны Ахматовой. - Л., 1925. - С. 15.
23
Григорьев В. П.
 
О единицах художественной речи // Поэтика и стилистика 
русской литературы. - Л., 1971. - С. 386.
24
 Жұмалиев Қ.
 
Әдебиет теориясы. - Алматы, 1950. - 125-б.


99
риясын зерттеуші ғалым 3. Қабдолов кейіптеу (жансыз заттар-
ды жандылардың қасиет, қимыл, әрекетін беріп суреттеу) деп 
келтіреді
25
. Символды бұл зерттеуші астарлау деп атап, оған 
толығырақ анықтама береді: «Құбылтудың бір түрі – астарлау, 
яки символ, бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға 
ұқсас басқа бір нәрсеге не құбылысқа құпия теліп, жасыра 
жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тар-
тымды тұспалмен түсіндіру»
26
. Зерттеуші қазақ ақындарынан 
мысалдар келтіреді: «Әбділда Тәжібаевтың бір өлеңінде 
теңіз 
– 
өмірдің символы, Қасым Аманжоловтың бір өлеңінде 
құз – 
терең ой үстіндегі ақынның (ойлы адамның) символы», – деп 
дұрыс көрсеткен. Көркемдеу тәсілінің бірі символ мен әдеби 
ағым символизмді шатастырмау керек екендігін де жақсы 
айтқан.
Символ жайында сөз еткен әдебиет теоретигі Зәки Ахме-
тов те: «Символ дегеніміз – балама бейне. Оған негізгі ойды, 
айтқалы отырған нәрсені, құбылысты сол балама бейне, сурет 
арқылы тұспалдап көрсету тән», – дейді
27
.
Сөйтіп, символ – идеяның заттық (болмыстық) нышаны, 
астарлы образы. Қазақ поэзиясы символды ежелден жақсы 
білген. XV ғасыр жырауы Қазтуған «кір жуып, кіндік кескен 
туған жер, отан, халқының тұрақты мекені» деген идеяны 
білдіру үшін 
Еділ 
өзенін символ етіп жырлайды: «Қайран 
менің 
Еділім, 
Сен салмадың, мен салдым» десе, мұндағы идея –туған 
жерді еріксіз тастап кеткен, жырау зарын «Еділді қалдырып 
кетіп барамын» деген астармен айтып тұр. Туған жердің, ел, 
отанының символы ретінде 
Еділ, Жайық 
деген заттық ны-
шандарды алу күні кешегі Махамбеттерге дейін келді. Оның: 
«
Еділдің 
бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жайықтың 
бойы көк шалғын, Күзерміз де жайлармыз» деген өлең жол-
дарында айтпақ идеясы – Еділ мен Жайық өзендерінің бо-
йына ел қондыру, оны жаз жайлап, күз күзеу емес, нақты осы 
әрекеттер емес, басқа, яғни «туған жерде емін-еркін өмір сүру» 
идеясы. Олай болса, 
Еділ 
мен Жайық – символдар. Мағжан 
Жұмабаевтың поэзиясында 
жел – 
символ, ол бірқатар идеяның 
25
 Қабдолов 3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет