Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет51/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
қарсақ жортпас қара адыр 
деп мүлде астарлап атайды: «Сап, 
сап, көңілім, сап көңілім! Сарқа берме санасын... 
Қарсақ жорт
-
пас қара адыр 
Қарамай неге шабасың? Сол сияқты ақын өз за-
манын, өз ортасын 
соқтықпалы соқпақсыз жер
» деп атауы да 
– классикалық перифраз: «Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен 
бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. 
Соқтықпалы соқпақсыз 
жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!»
Абайдың тілінде адамның жан дүниесін жырлауға қатысты 
көз майын ағызу 
(зар-мұңын айту: Жылайын, жырлайын, 
Ағызып көз майын), дүниеге бой алдыру 
(өмірдің ырқына көну, 
қажу: Көп адам 
дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып аяғын 
көп шалдырған), 
көңілдің күні өшу 
(үміті үзілу), 
иман жүзін 
тоздыру 
(ұялмай өтірік айту) сияқты фразеологизмдердің көбі 
соны перифраздар болып келеді. 
Абайда затты не құбылысты перифраз амалымен бейне-
леуде орыс поэзиясы тілінің ізі де байқалады. Мысалы, өзі 
жақсы танып оқыған әрі аударған Пушкин, Лермонтовтарда, 
әсіресе Пушкиннің 1820 жылдарға дейінгі өлеңдерінде пе-
рифразды қолданыстар жиі кездеседі. XVIII ғасырдың соңғы 
онжылдығы мен XIX ғасырдың алғашқы онжылдығы орыс по-
эзиясында перифрастық стиль дәуірі деп аталды
30
. Бірақ 1820 
30
 Григорьева А. Д.
 
Поэтическая фразеология Пушкина // Поэтическая фразеология 
Пушкина. - М., 1969. - С. 6.


128
жылдардан бастап Пушкин Карамзиндер мен Батюшковтар 
мектебінен қол үзіп, олардың ең жиі жүгінген көркемдік амалы 
– перифраздарды қолдануды біраз тежейді. Ал Лермонтовтың 
тілінде перифраздардың әлі де бірсыпыра бар екендігін оның 
Абай аударған өлеңдерінен көреміз. Бұл өлеңдерде кездесетін 
қараңғы көңіл (Көңілім 
менің 
қараңғы. 
Бол, бол, ақын), 
көңілдің 
жүгі (Көңілдің жүгін 
қиял қып, Ызаға тұтқын бойың зең), 
улы сусын 
(Одан гөрі еңбек қыл, 
Улы сусын 
төгілсін), 
жанға 
түскен жара, жалтаңдаған жас жүрек, жүйрік уақыт, 
үміттің нұры, еркелі қол, асау өмір, тентек өмір, жабырқаңқы 
сөз, тәтті үн, нәпсінің сынған қайғысы, асау той, тентек 
жиын 
сияқты тіркестер – сөз жоқ, түпнұсқадағы образдардан 
аудармалары. Бұлардың барлығы дерлік орыс тілінің өзінде 
перифраз ретінде қолданылған образдар болса, Абай олар-
ды қазақ тіліне өте әдемі аударып, перифрастық тіркестердің 
қазақша баламасын ұсынады. Әрине, Абай орыстың поэти-
калық тілінің канондық (заңға айналған) сөздігін, орыс 
тіліндегі образдар жүйесін теория жүзінде зерттеп таныған 
жоқ, бірақ оның ақындық таланты мен қазақтың көркем сөз 
мәдениетін жақсы білуі Лермонтовтың көркем қазынасын дәл, 
дұрыс аударуға мүмкіндік берген.
Қазақтың көркем сөзінде бұрын-соңды кездеспеген тіркес-
тер бола тұра, Абай өлеңдерінде олардың не образ ретінде, не 
көркем элемент ретінде жаттығы сезілмейді. Бұлар қатысқан 
өлең текстерінің тігісі жатық болып шыққан, өйткені бұл 
іспеттес перифрастық тәсіл, біріншіден, қазақтың көркем сөз 
дүниесіне бұрыннан да жат емес, бар амал болса, екіншіден, 
бұл амалды Абай толтума поэзиясында да кеңінен қолданып, 
жандандырғандықтан, жоғарыда көрсетілген тіркестердің 
не шеттігі (өзге тілден калька жолымен жасалғандығы), не 
сонылығы көзге ұрмайда. Бұл – Абайдың сөз кестесінің төлтума 
(оригинал) және аударма деп бөлінбейтін тұтастығын таныта-
ды. Ал бұл тұтастық – ақындық қуаттың, ақындық даралық-
тың бірден-бір белгісі.
Сөйтіп, Абайдық фразеология саласында көзге түсетін 
еңбегінің зоры – оның жаңа тіркестер ұсынуы деп білеміз. Бірақ 
бұл жаңа дүниелер – жалпы тіл жүйесіне (қазақ тілінің лекси-
ка-фразеологиялық құрылымына) енетін тұрақты тіркестер 


129
емес, авторлық, контекстік қолданыстар. Сондықтан болар, 
бірқатар зерттеушілер фразеологизмдер және авторлық мета-
форалар немесе фразеологизмдер және образды тіркестер деп 
айырып қарастырады
31
. Жалпытілдік болсын, авторлық болсын 
фразеологизмдердің дені метафораланған сөз тіркестерінің 
негізінде туады, яғни сөздердің мағына ауыстыруы арқылы 
образ жасалса, мағына ауысуы үшін сөздердің бір-бірімен 
тіркесуі (мағыналарын «соғыстыруы») қажет, сол күнде ғана 
сөздік негізгі мағынасына қосымша мағына үстеледі де, негізгі 
мағынасының жүгі не «қисаяды», не «ауып кетеді». Мағыналық 
жүгі ауған тіркестердің барлығы бірдей жалпыға ортақ көпші-
лік қолданатын тұрақты тіркеске айнала бермейді, олардың 
көбі автарлық метафора статусында (дәрежесінде) қалады. 
Абай тілінде де солай: оның перифраз болып келетін және 
өзге де өзі жасаған соны тіркестері – авторлық тіл өрнектеріне 
жатады.
Жалпыхалықтық тілдегі бейнелілік пен көркем сөздегі 
бейнелілік бірдей болмайды: жалпытілдік образдар – ұжым-
ның мүлкі, олар қолданыла-қолданыла келе жалпақ жұрттың 
меншігіне айналғандар, ал көркем сөздегі образдар – жеке 
қалам иелерінің табысы, олардың беретін мағынасы контексте 
айқындалады. Бұның барлығы – лингвистикалық поэтиканың 
сөз құбылту (орысша словопреобразование) деп аталатын 
жаңа саласының зерттеу объектісі. Соңғы кездердегі орыс 
ғылымында бұл сала жайында жиірек айтылып, батыл түрде 
күн тәртібіне ұсынылып жүр
32
. Жеке ақынның поэтикалық 
тілін зерттеуде бұл саланың мағына ауыстыру, мағыналық 
реңктерді (сема дегендерді) жандандыру, сөздердің тіркесу 
қабілетін таныту сияқты сәттерін көрсетудің мәні зор, өйткені 
бұл – сөздің көркем текстегі әрекеті (орысша поведение слова) 
туралы ізденістің өзегі болмақ.
31
 
Федоров А. И.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет