Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет49/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
өрім, жаңа өспірім 
деп, жас қызды қаламқас деп ауыстырып 
атаса, бұлар да бұрынғы қазақ поэзиясына тән перифраздар бо-
латын.
Абайдың көркем тіл кестесіндегі көзге түсер ерекшелік-
терінің бірі – контекстік (авторлық) перифраздарды қолдануы, 
яғни жаңа перифраздық тіркестер ұсынуы. Олар есім мағына-
лы және етістік мағыналы болып келеді. Есім мағыналылар 
әртүрлі абстракт ұғымдарды суреттеп атайды. Мысалы, «сана-
лылық» ұғымын Абай 
жүректің көзі 
деп астарлап атай-
ды. Мұның перифраз болуына саналылықтың көру, байқау 
әрекеттерімен байланысты екендігі, сондықтан ақын сана-
лылықтың осы белгісін көрсету үшін 
көз 
сөзін пайдаланады, ал 
жүрек 
дегеніміз адамның өзі, оның ішкі дүниесі ғой.
Сол сияқты надандықты 
қараңғылық пердесі 
деуі де осы 
жолмен жасалған: надандық бір нәрсені көре алмау, біле ал-
мау, оның осы белгісін ақын 
перде 
сөзімен білдіріп тұр (перде 
өзінің сыртындағыны қалқалап көрсетпейтін зат қой), ал 
қараңғылық 
сөзі – 
надандық 
дегеннің контекстік синонимі. 
Абай уайымды 
көңілдің сызығы, 
жазмышты 
тағдырдың сызы- 


125
ғы, 
қайғыны 
өмірдің шыжығы 
деп суреттеп атауын біз қазақ 
көркем тіліндегі перифраздардың классикалық үлгісі дер едік.
Лермонтов сияқты, Абайдың да ақындық, азаматтық толға-
нысының бір қазығы – адамның жан дүниесі, жан тебіренісі 
(сірә, бұл Абайдың Лермонтовқа ерекше бой ұрып, біраз 
өлеңдерін аударуына себеп болса керек), сондықтан адамның 
ішкі жан дүниесін білдіретін 
уайым, надандық, саналылық, 
сүю, күйіну 
сияқты сөздерге суреттеме қосалқы атау беруі 
айқын сезіледі. Бұл жерде ақынның мақсаты – солар туралы 
баяндау емес, сол ұғымдар жайындағы өзінің толғанысын, 
ойын, көзқарасын білдіріп, яғни өзінің субъективтік бағасын 
беріп суреттеу. Ал ақын сөзі оқырман (тыңдаушы) сезіміне 
әсер еткенде ғана көркем сурет болып шығады. Ақын сөзінің 
эмоциялы болуына тілдік құралдардың экспрессиялы болуы 
шарт. Перифраз сияқты суреттеме номинация (атау), әрине, 
экспрессоидтердің қатарынан табылады.
Абайда «екінші атау» («вторичная номинация») – периф-
раздарға ұшырайтындар жоғарыда айтқан адамның ішкі жан 
дүниесінен басқа өмірге, өлімге, табиғат құбылыстарына, 
поэзияға, тіпті жеке адамдарға қатысты ұғым атаулары болып та 
келеді. Бұлар – ақын ұсынған образдардың негізі, тақырыптық 
тарамдары.
Әр тақырыпқа қатысты образдарды – перифраздарды жасай-
тын тірек сөздер болады. Мысалы, соғыс образына қатысты су-
реттеме атауларда 
дауыл, өрт 
сөздері, сүю, құмарлану, қайғыру 
сезімдерін білдіруде 
сусын, от, өрт 
сөздері, батырлықты, 
ерлікті білдіруде 
арыстан, сұңқар, жолбарыс 
сияқты сөздер 
перифраздың тірек сөзі болып келеді: 
жүрегіне өрт түсу 
– 
сүю, 
көкірегінде оты бар – 
саналы

ойлы, 
от қып өртеу – 
күйік тарттыру, 
отқа түсу – 
жанын пида қылу, 
отқа күймеу 
– 
пәледен аман болу, 
қайғы оты – 
қасірет-күйік т.т. 
Адамның көңіл қүйіне, жан дүниесіне қатысты перифраз-
дардың тірек сөзі ретінде көбінесе 
көз, тіл, бой, бет, жүрек, 
өкпе 
сияқты дене мүшелерінің атаулары жұмсалады. Ол 
ренішті 
өкпе сызы 
деп тұспалдап атайды. Мұнда реніштің 
өкпелеуден туатын белгісі алынған: «Қылт етпеге көңілдің 
кешуі жоқ, Жүрегінде жатады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет