Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет46/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
та
-
усылды табанынан...
»
 
немесе: «Елің бұзық болған соң, Ояз 
жатыр шартылдап, 
табаныңнан тозасың, 
Құр жүгіріп, тар-
пылдап» деп берсе, көрсетілген екі фразеологизмнің екеуі де 


118
«шаршау» ұғымына экспрессивтік-модальдық реңк үстеп, оны 
әлдеқайда әсерлі етіп береді: таң атқанша су төккен құлдар да, 
оязға жақсы атты көрінем деп тырысқан болыс та жай шаршап 
қоймайды, әбден сілесі құрып шаршайды, титықтап шаршай-
ды, екінші мысалда тіпті «босқа сандалып, әуре болып шар-
шау» деген реңк те бар. Міне, образды фразеологизмдердің 
күші қайда жатыр! Екі-үш сөздің тіркесі арқылы негізгі
ұғыммен қатар бірнеше қосалқы ұғымды пайдалануға болады 
екен. Тілдің осы күш-құдіретін сөз зергерлері де, тілді пай-
даланушы халық та жақсы білген, өйткені мұндай образды 
тіркестер сөйлеу тілінде де кеңінен қолданылады.
Фразеологизмдерді қолдануда тек көріктеу мақсаты ғана
көзделмейді, сонымен қатар әдеби жанрдың стильдік тұ-
тастығын, дәстүр жалғастығын сақтау сияқты суреткерлік 
талаптар да тұрады. Мысалы, Абай жоқтау цикліне жата-
тын өлеңдерінде халық тіліне, оның жоқтау жанрындағы 
шығармаларына тән тұрақты тіркестерді осы стильдің шең-
берінен шықпау мақсатымен жұмсайды: «
Қолдан ұшқан ақ 
сұңқар Қайтып келіп қонбайды...

Кешегі өткен ер Әбіш... Ар
-
тына қарай аһ ұрып... Замана неткен тар едің 
Сол қалқамды 
қоймаған... Жиырма жеті жасында 
Әбдірахман көз жұмды... 
Тәуекел қып білдірмей 
Күтіпті Тәңірі жарлығын... Ажал тура 
келген соң 
Шыдатпайды берікті» деген өлең жолдарындағы 
көрсетілген фразеологизмдер – қазақ көркем сөзіндегі жоқтау 
циклінің кәнігі элементтері. Бұл циклге тән сөз өрнегі, әсіресе, 
Абайдың баласы өлген анаға шығарып берген жоқтауында өте 
айқын көрінеді. Мұнда 
көз жұму, дүниеден өту, жұмаға қарсы 
өту, шүкірлік қылу, сабыр ету, қызыл балақ қыранның бала
-
панын дерт алды, жеміс ағаш бәйтерек балдырғанын өрт 
алды. Артына белгі тастамай, Жал-құйрығын келте алды... 
деген образдардың барлығы да – «өлу, өлім» ұғымына қатысты 
халық тілі қалыптастырған сөз өрнегі. Ақын баласы өлген ана-
ны дәстүрлі үлгімен жоқтатады.
Абай тіліндегі фразеологизмдерді түстеп-түгендеуде, жоға-
рыда айттық, басты назар олардың Абай қаламынан туған 
жаңаларына аударылмақ. Бұл орайда айтар әңгіме, талданар 
материал баршылық.


119
Жасалатын образдар әдетте фразеологияға иек
 
артатын 
болса, Абай бұл ретте жаңа тіркестер жасаудың жүйелі жол-
дарын жүзеге асырған. Жаңа образ жасайтын немесе ақынның 
айтпақ идеясын күшейтетін тіркестер құрастыру үшін Абай 
бір сөзді бірнеше фразеологизмнің компоненті етіп пайдала-
ну тәсілін ұсынды. Бұл – Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау 
тілінде ұшыраспаған құбылыс. Мысалы, Абай 
сату 
етістігін 
тіркесжасам құралы етіп алады да, бұрыннан бар 
сақал [ын] 
сату, ар-ұятын сату, жақынын сату, арын сату 
дегендердің 
үстіне осы модельмен 
еңбегін сату 
(«еңбегіне сүйену»), 
жан, 
сату 
(«жанын пида қылу»), 
көзін сату 
(«телміру, тілену»), 
сөз сату 
(«сөзін бұлдау, сөзін бір керегі үшін өткізу»), 
терін 
сату 
(«күш-қайратын еңбекке жұмсау»), 
күлкі сату 
(«алдау, 
көлгірсу»), 
қулық сату 
(«қулығын асыру, алдау»), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет