Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет48/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
Перифраздар 
Перифраз – көріктеу тәсілдерінің бірі. Перифраз деп бір
нәрсені немесе құбылысты, іс-әрекетті олардың бір белгі-
сін, бір қасиетін көрсетіп, суреттеп атауды танимыз. Мы-
салы, адам өмірін ұзақ 
көш 
деп атаса, мұнда адам өмірінің 
көш сияқты жылжу, ілгері басу, күннен күн, жылдан жыл 
өткізу тәрізді белгісін 
көш
сөзімен көрсетіп, суреттеп, өзге 
сөздермен атап тұр. Немесе 
өлді 
дегенді 
дәм-тұзы таусыл
-
ды 
деп суреттеп білдіретін болсақ, мұнда адам баласының 
қоректенудің арқасында өмір сүретіні, сол қорегі (дәм-тұзы) 
таусылса, тіршіліктен де айрылатын белгісі аталып, бұл ұғым 
суреттеме тәсілмен білдіріліп тұр.
Перифраз құбылысын тануда көзқарастар біркелкі емес. 
Біреулер белгілі бір ұғымды әдеттегі (тілдегі, қолданыстағы) 
бар атаудан өзгеше сөздермен (не сөзбен) аталғанның бәрін пе-
рифраз деп таныса, енді бір зерттеушілер мұнда екінші атаудың 
(орысша «вторичная номинация») арнайы жасалу жолы (ама-
лы) барын көрсетеді, ол амал бір нәрсені (затты, құбылысты, 
іс-әрекетті, абстракт ұғымды), оның бір белгісін көрсетіп, яғни 
астарлап айтқанда сол белгіні танытатын сөзді келтіріп сурет-
теп атауды жүзеге асырады. Біз де осы еңбекте перифраз деп 
соңғы анықтамаға сай келетін атауларды алдық.
Абай тілінде жұмсалған перифраздар сонылығы жағынан 
да, саны жағынан да, суреттемелік сипаты жағынан да бұрын-
ғылардан мүлде өзгеше болып келеді. Айталық, Бұқар жырау 
өлімді 
үшкілсіз көйлек кию

әзірейіл келген күн 
деп периф-
раздайды, әлем, дүниені 
сегіз қиыр шартарап 
деп бейнелеп 
атайды, арам, жалғаншы адамды 
қызыл
 
көзді пәле 
деп сурет-
теп атайды. Бөгембай батырды қазақтың 
қамал қорғаны 
деп 
бағалайды. Бар болғаны осы. Перифраздап атайтын тәсіл бар, 
бірақ өнімді емес.
Абайға дейінгі қазақ поэзиясында перифраздардың, оның 
ішінде авторлық-стильдік түрлерінің көбірек кездесетін жері – 
Дулат Бабатайұлының өлеңдері. Ол: 
тас ағызатын ағын 
деп 
өзінің поэзиясын бейнелеп атайды: «Дулатты Дулат демеңіз, 
Тас ағызып ағыны 
Төре алдында ақпаса... Өз тұсындағы 
қазақтың ел билегеңдерін 
топырыш топас күшіген
»
 
деп су-


124
реттеп атайды. Мұнда перифраздық тіркеске негіз болып 
тұрған – ел билеушілердің жемқорлық қасиеті, бұл қасиет 
күшіген сияқты ұсақ жыртқыш құста бар, сондықтан периф-
раз жасайтын белгіге осы қасиет «иесі» – 
күшіген 
сөзі алынған. 
Заманын 
толқынды теңіз, 
сол замандағы қазақ қауымын 
жел 
қайық 
деп тұспалдап атауы – осылардың барлығы Дулаттың өз 
туындылары. Ал 
ұрыға құрық беру 
деп ұрлыққа жұмсауды ата-
са, Сүлеймен төрені 
алтынның айшық буы 
десе, бұлар – халық 
тілінде қалыптасқан перифраздар. Бұл қатарға өлең-жырларын 
сары алтынның буы, жылғадан сарқырап аққан суат 
деп су-
реттеп атауларын да қосуға болар.
Абайда перифраздардың жалпыхалықтық тілде қалыптас-
қандары да, өзі жасаған авторлық түрлері де бар. Мысалы, 
Абайда өмір, тіршілік дегенді 
сұм жалған, сұм дүние 
(Бір 
қызық ісім екен 
сұм жалғанда), қайран дәурен 
(Қалжыңдасып 
өткізген 
қайран дәурен), кемді күн 
(Бір дәурен 
кемді күнге 
бозбалалық), 
бұлдыр заман 
(Қайта айналып, бұрылмас 
бұлдыр 
заман) 
деп перифраздап, 5-6 түрлі етіп суреттеп атаса, бұларды 
ақын өзіне дейінгі әдеби дәстүрден алған. Абай жастарды көк 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет