Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет45/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
ала жылан, аш бақа 
тіркесін 
«Абай тілі сөздігін» түзушілер: «Ақын бұл жерде «елді аз-
дырушы» деген мағынада қолданып отыр», – деп анықтаса, 
«Фразеологиялық сөздікте» «ала көз болып, араздасу» деп 
түсіндіріледі. Ал «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» мұны «ел
арасына іріткі, бүлік салушы» деп анықтайды. Бұл
 
түсінік-
темелерде мағыналық айырмашылықтар едәуір: «елді аздыру» 
мен «ала көз болып, араздасу» немесе «пәлеқор, пәлеқұмар 
болу» – әрқайсысы – бөлек-бөлек ұғымдар. Бұл бейнелі тіркес 
Абайдың «Көңіл қайтты достан да, дұшпаннан да» деп бас-
талатын өлеңінде қолданылған. Осы туындысында ақын 
замандастарының: түстеп-түгендеп көрсеткен байлардың, 
саудагерлердің, естілердің, надандардың, күпілдектердің т.т. 
жағымсыз қылықтарымен іс-әрекеттерін көрсетіп, қатты сы-
найды, ол үшін образды сөздерді пайдаланады. Айталық, 
пайда үшін ғана бүгін жолдас болып жүргеңдер ертең 
ба
-
стан жыға қисайғанда 
(«қолдан билік, бастан бақ тайғанда») 
қасыңда тұрмайтынын, мал қызығын біле алмай жүрген бай-
лар малын ұрлатып, 
ізін жоғалтып 
(«ұрланған малын таба 
алмай»), ыза болып
ыржиып күле алмай (
«көңілі жай бола 
алмай») жүргенін, руластар (қарындас) бірін-бірі 
қара жерге 
тыға алмай 
(«тас-талқанын шығарып жеңе алмай») жүргенін, 
көп күшті бір тентекті 
жыға алмай 
(«тыя алмай, жөнге сала 
алмай») жүргенін, 
сәлемнің борыш, сөздің қулыққа 
айналғанын 
айтқанда, көрсетілген фразеологизмдердің әрқайсысы өте 
әсерлі образ болып тұр, яғни ақынның айтпақ ойын, бермек 
портретін дәл көрсетіп тұр.
Фразеологизмдер құрылымы жағынан есім мағыналы, етіс-
тік мағыналы, үстеу мағыналы болып бөлінеді. Қазақ тілінде, 


117
сірә, сан жағынан етістік мәнді фразеологизмдер басым болып 
келеді деп ойлаймыз және олардың барлығы дерлік адамның 
әрекет-харекеттерін бейнелеп, суреттеп, астарлап атайды. 
Абайдың жырлаған ең басты объектісі – адам, оның қоғамдағы 
іс-қимылы болғандықтан, ол образ жасауда жалпыхалықтық 
тілдегі дәстүрлі фразеологизмдерді кеңінен, еркін, орынды 
жұмсаған. Әрине, бұл тәсіл тек Абайдың ерекшелігі емес сөз 
зергерлерінің қай-қайсысы да фразеология қазынасына иек 
артпай, поэзия дүниесін жасай алмайды. Қазақтың ауызша 
дамыған әдеби тілінің ақын-жыраулар мұрасының бұл игілікті 
дәстүрі Абайдай шебердің қолына мол байлықты ұсына салған. 
Әсіресе қазақ халқының күнкөріс тіршілігінен, айналасын 
қоршаған табиғат құбылыстарын танудан алынған образды сөз 
өрнегі Абай тіліне еркін оралып отырады.
Құлынтайдай айқасу, дөң айналмау 
(атты адам ғана дөң ай-
налады), 
арқасы босау 
(мініс атының арқасы босайды), 
қырқын 
мінсе, қыр артылмау, ат үстінен ұйқы алу, атының басын 
бұру, бәйге атындай аңқылдау, малға шылбыр беру, атының 
жалын құшу, із жоғалту 
(малдың ізін таба алмау) деген 
тіркестер сан ғасыр көшпелі өмір кешіп, мал шаруашылығымен 
айналысып келген қазақ халқының өзіне қажет образдар-
ды да көбінесе осы салаға қатыстырып алғанын көрсетеді. 
Бұлардан басқа да 
ақ жем болу, істің ақ пен қарасы, ақыр 
заман, Аллаға жазу, Алла оңғару, басын бұлт шалу, ант ату, 
арқаға қағу, аруақ аттау, табанынан таусылу, қара тер болу, 
ұя бұзу, ісі түсу, іш қайнау 
сияқты көптеген (жүзден асатын) 
фразеологизмдерді де Абай өзі жасаған жоқ, жалпыхалықтық 
қордан алды. Бұлардың барлығы да Абайдың сөз кестесінің 
бояуын құбылтып, көз бен көңіл тартатындай әсем болып 
төгілуіне үлес қосқан бұйымдар

Мысалы, «шаршады» деген 
ұғымды осы сөзбен ғана білдірсе, бұл қимыл-әрекетті жай 
ғана хабарлау болып шығар еді, ал оның орнына бұл ұғымды 
ақын: «Су сарылдап құйылды, кемені ырғап, Отыз құлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет