Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет57/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
СӨЗ ҮНДЕСТІРУ
Дыбыстар гармониясы
Өлең қай тілде болмасын, ол – дыбыстар гармониясы, ды-
быс үндестігінің, дыбыс ырғағының көрінісі. Эвфония, яғни 
дыбыс әуезділігі, үн гармониясы өлең жазудың басты шар-
ты екенін қазақ әдебиеті теориясын сөз еткен ғалымдар өз 
зерттеулерінде кеңінен дәлелдеп өтеді
34
. Ақындық өнер үшін 
ырғақтың құпия сырын сөз зергерлерінің, оңың ішінде орыс 
ақындары В. Маяковскийдің, А. Блоктың қалай түсінгенін 3. 
Қабдолов әдемі баяндайды
35

Ырғақ – үндестік тудыратын қуат болса, үндестік дегеніміз 
өлең жасайтын сөздердің тақта-тақта, бунақ-бунақ, тармақ-
тармақ болып ұйымдасуы. Бұл – бір. Екіншіден, дыбыс гармо-
ниясы сол сөздерді құрап тұрған дыбыстардың үні, ұқсастығы 
жағынан топтасуы болып табылады.
Өлең сөздің құрылымына жататын бунақ, тармақ, шумақ 
сияқты категорияларды талдау – өз алдына әңгіме, ол да сайып 
келгенде ақынның көркемдік кілтін ашады. Абай өлеңдерінің 
құрылысы, ғылым тілімен айтсақ, архитектоникасы жөнінде 
3. Ахметов, 3. Қабдолов сияқты әдебиет теоретиктері кеңінен 
сөз етіп, талдады. 3. Ахметов қазақ өлеңі құрылысын зерттеген 
үлкен еңбегінің бір тарауын Абай өлеңдеріне арнаған
36

Абай өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, ерекшеліктеріне, 
жаңалықтарына біз де ақын өлеңдерінің синтаксистік құры-
лысын талдаған еңбегімізде оқырман назарын аудартқан бола-
тынбыз
37

Ал бұл зерттеудегі әңгімеміздің арқауы өлең үнділігінің 
екінші қыры – дыбыстар үндесуі, гармониясы болмақ. 
Атап айтқанда, әдебиет теориясын сөз етушілер (мысалы, 
3. Қабдолов) «ажарлау» деп атаған көріктеу амалына (құралы-
на) жататын ассонанс, аллитерация сияқты бірыңғай дауыссыз 
34
Қабдолов 3.
 
Әдебиет теориясының негіздері. - Алматы, 1970. - 263-265-б.; 
Ахметов 3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет