Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1964. - 11-б. 35  Қабдолов 3



Pdf көрінісі
бет58/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
 
Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы, 1964. - 11-б.
35
 Қабдолов 3.
 
Көрсетілген кітап. - 263-264-б.
36
 Ахметов 3.
 
Казахские стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 304-366.
37
 Сыздықова Р.
 
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы, 1970.


141
немесе дауысты дыбыстардың өлең жолында не жолдарында 
(микро не макро-тексте) қайталануына, сондай-ақ өлең жолын-
да түбірлес сөздердің қолданылуына қатысты дыбыстар гар-
мониясын талдаймыз.
Абай поэзиясы тіліндегі дыбыс гармониясы туралы тұңғыш 
рет 1934 жылы сөз еткен ғалымдар Е. Ысмайылов пен 3. Шаш-
киндер болатын. Олар «Абайдың поэтикасы» атты ортақ 
мақаласында «Дауыс ырғағы туралы» деген тақырыпша қойып, 
Абай өлеңдеріндегі аллитерация, эпифораларды көрсетеді 
38

Бұл мақалада: Абай «Күз» деген өлеңінде күзгі желді, ызыңды 
білдіретін сөз дыбыстарын жиі келтіреді, ал «Өзгеге, көңілім, 
тоярсың» тарығып, қысылып жазылған өлең болғандықтан
мұнда «сарнаған дауысты» 
н, м, ң
дыбыстары көп дейді, 
«Қыс» өлеңінде ақ, ашық түсті беретін 
а
дыбысы көп дегенді 
айтады
39
Әрине, бұл танымда субъективтік сипат бар екендігіне 
қарамастан, дыбыстың стильдік қызмет атқаруы және образ 
жасауға қатысы туралы қазақ филологиясында тұңғыш рет 
мәселе қойылғанын атаймыз. Сөз жоқ, поэзия тіліндегі дыбы-
стар үні, гармониясы тек өлең біткенге тән дауыс ырғағының 
(ритмиканың) ғана белгісі болып қоймайды, оның көркемдік-
бейнелеуіштік жүкті де арқалайтындығын кез келген ақыннан 
табуға болады. Ал бұл ретте Абай поэзиясының тіліне үңілудің 
үлкен мәні де, қажеттігі де бар.
Көріктеу құралы ретінде үн гармониясын туғызатын тәсіл-
дердің бірі – аллитерация мен ассонанс. Аллитерация микро-
тексті бірыңғай (бірдей немесе ұқсас) дауыссыз дыбыстары 
қайталанып келетін сөздермен құру болса, ассонанс бірыңғай 
дауысты дыбыстарды қайталап келтіруде қолданылатын тәсіл 
болып табылады. Бұл – белгілі жайт.
Егер ырғақ (ритм) өлеңді жасайтын құрал болса, ассонанс 
пен аллитерация – өлеңді әшекейлейтін құрал. Бірақ екі топ та 
– өлең сөздің сазын, әуенін дүниеге келтіретін амалдар.
Кездесетін орындарына қарай дыбыстар гармониясын 
дыбыстардың өлең жолының басында келетін және қатар 
38
 Ысмайылов Е., Шашкин 3.
 
Абайдың поэтикасы // Әдебиет майданы. - 1934. - № 
11-12. - 111-112-б.
39
Сонда. - 112-б.


142
тұрған сөздердің өн бойында кездесетін біркелкілігі деп бөліп
қарастыруға болады. Өлеңнің, кемінде қатар келген үш-төрт
жолының бір не біркелкі дыбыстан басталуын біз аллите-
рацияға (не ассонансқа) құрылған дыбыстық анафора деп 
санағанды жөн көреміз. Ал анафора дегеніміз – қатар түзілген 
өлең жолдарының біркелкі басталуы. Өлең жолдары біркелкі 
дыбыстардан немесе біркелкі буындардан да басталуы 
мүмкін, ол дыбыстық немесе фонетикалық анафора болып 
шығады. Анафораның лексикалық деп аталатын түріне өлең 
жолдарының бір сөздің қайталап келуінен басталуы аталса, 
синтаксистік түрі деп өлең жолдарының ұқсас параллельдік 
құрылымдар болып айтылуы аталады. Сондай-ақ анафораның 
шумақтық деп аталатын түрі де болады, бұл жағдайда өлеңнің 
әр шумағы немесе әр шоғыры бір тармақтың қайталап келуінен 
басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет