Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет109/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 Ахметов 3.
Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 146.


248
шумақ, кейде алдыңғы 8 жол – екі шумақ, кейде соңғы жолдар 
– бір шумақ («Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»-да) тәрізді 
болып келеді. Сондай-ақ бұларда шумаққа бөлінбеушілік 
(астрофика) тенденциясы да бар: екі-екіден (кейде төрттен) 
жұпталатын кейінгі тармақтарды біз өз алдына тұтас бір 
шумақ деп те немесе екі жолдан (кейде төрт жолдан) құралған 
бірнеше шумақ деп те таппаймыз. Бұл типтес 12 өлеңді 
астрофикалық өлеңдердің ерекше түріне жатқызамыз. Мүмкін, 
тіпті субстрофикалық (шумақ элементі бар) деуге болар ма еді? 
Әрине, орыс өлең теориясында аталып жүрген субстрофикалық 
шығарма дегендердің бұдан айырмашылығы бар. Ең алды-
мен, А.С.Пушкиндегі субстрофикалық деп табылған шығарма 
– қысқа лирикалық өлеңдер емес, «Полтава» сияқты поэма, 
онда да астрофикалық ұзақ периодтың өз ішінде строфика 
элементтері қосылып отырған
95
. Мысалы, «Медный всадник»
С.Б.Рудаковтың талдауы бойынша, 15 периодтан құралса, әр
периодтың өз ішінде (басында не аяғында) төрт және екі
тармақты строфика элементтері бар көрінеді
96
.
Абайдағы өлең шумақтаудың бұл тәсілін тек өзіне ғана тән,
өзі шығарған ерекшелік деуге болмайды. О баста қайдан келсе
де (мұны түркі поэзиясына араб-парсы өлеңінің әсерімен 
келген газельдік ұйқас деп танушылар бар екенін жоғарыда 
айттық), өлең ұйқастырудың бұл түрі қазақ поэзиясында кең 
етек жайған, үйреншікті тәсіл болғанын көреміз. Мұндай 
өлеңдерді XIX ғасырда өмір сүрген Абайға дейінгі, оны-
мен тұстас ақындардың барлығынан да кездестіреміз. Және 
мұсылманша хат таныған, яғни шығыс әдебиетінің дәстүрін 
өз бетімен игере алатын қаламгерлер ғана емес, өлеңді төкпе 
түрде (импровизациялап) айтқан, кейде мұсылманша сауаты 
жоқ ақындарда да қолданылғандығын ескерсек, бұл амалдың 
қазақ өлеңі техникасына әбден сіңген (немесе әуелден өзінде 
дамыған) кәнігі тәсіл деп тануға тура келеді. Мысалы, Шөже 
ақында (1808-1895):
Дәуеке, осынша не қылды 
бейлің қашып ?
– 
а
Арқада жатыр едім 
мойным қашық
– 
а
95
 Поспелов Н.С.
Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. - 
М., 1960. - С. 36-38.
96
Сонда. 40-б.


249
Атағың Алатаудай болғаннан соң, 
– 
б
Құмар боп келіп едім 
болып ашық
– 
а
Бір тоғыз сіз бен бізге лайық емес, 
– 
Құрғақ кетіп қаламын 
амандасып.
– 
а
Арғы атаң қыдыр болған Дулат қожа, 
– 
Даңқыңа Дәукем деген 
келдім тасып.
– 
а
Бергенің бір сөзіме татымайды, 
– 
Қалды ғой көңіл шіркін 
жаман жасып
97

– 
а
Шернияз Жарылғасұлында (1817-1881) оның Баймағамбет
сұлтанға айтқаны дегеннің көп жері осы тәсілмен құрылған.
Ақан серіде (1843-1913):
Тартылып қай жараға 
ем болмадық?
– а
Қалайша патшамызға 
дем болмадық,
– а
Орыс, ноғай, сарт-сауан сәудегерге
– а
Қалайша малмен, жермен 
тең болмадық?
– а
Сексен бес жыл болыпты бодандыққа,
– а
Қайырсыз патшамызға 
ел болмадық
– а
Құр мен қоян секілді алуға оңай, 
– 
Қай жұртқа аңқаулықпен 
жем болмадық?
– а
Өлең жолдарын бұлайша топтастыруды көптеген ақын-
дардан (Базар Өтемісов – 1842-1911; Шәңгерей Бөкеев – 1847-
1921; Алмажан Азаматқызы – XIX ғасырдың I жартысы; 
Сүйінбай Аронұлы – 1827-1896 т.б.), Біржан мен Сара айтысы-
нан т.б. көре аламыз.
Дегенмен Абай мен бұл аталған ақындардың өлеңді бұл-
айша құруында айырмашылық бар. Аталған ақындар бұл 
тәсілді көбінесе тұтас бір шығармаға қолданбайды, өлеңнің 
бір бөлегін ғана осылайша құрады және онша көп тармақтарды 
қамтымайды. Ал Абай бұл тәсілді негізінен тұтас бір 
шығармасына қолданады, бұлайша құрылған тармақ жолдары 
Абайда 10-12-ден 52-ге дейін барады. Өзге ақындарда бұл тәсіл 
көбінесе 11 буынды өлеңдерге қолданылған болса, Абай оны 
7– 8 буынды өлең түріне де шебер қолданады.
97
Осы жерде және әрі қарай XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген қазақ ақындарынан 
алынған мысалдар «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарынын шығармалары» 
(Алматы, 1962) атты жинақтан келтірілді.


250
* * *
Сөйтіп, Абай өлендері тармақтарды топтастыру жағынан 
екі түрлі болып келеді: шумақтарға бөлінетін немесе шумақты 
(строфикалық), шумақтарға бөлінбейтін немесе шумақсыз 
(астрофикалық) өлеңдер.
Сонымен, жалпы шумақты тануда бірді-екілі меже аздық 
етеді. Белгілі бір тармақтар тобын бір шумақ деп тану үшін 
олардағы ұйқастың бірдейлігін негізгі принцип етуге бол-
майды. Бұл принцип әрбір шумақ жеке-жеке әр түрлі ұйқасқа 
құрылған күнде ғана біршама кәдеге асар еді. Ал қазақ поэзия-
сында, әсіресе Абайда, көптеген өлеңдер тұтасымен неме-
се оның үлкен бөліктері монорифмалық (бір ұйқасты) болып 
келеді. Және ондай өлеңдер өз ішінен шумақтарға бөлінген 
болып та келеді, шумақсыз жыр ағымымен жазылған болып 
та келеді, тіпті аралас та (бірінші төрт жолы шумақ тәрізді, 
қалғандары шумақсыз «газель өлеңдер») болып келеді. Демек, 
бұларда негізгі меже ұйқас бірлігі емес. Бірақ ұйқас бірлігі 
деген белгі принципінде дұрыс, яғни шумаққа топталған 
тармақтарды белгілі бір ұйқас біріктіреді (мейлі ол ұйқас 
келесі тармақтарда қайталансын-қайталанбасын). Бұл ретте, 
сөз жоқ, ұйқасты шумақ құрайтын элементтердің бірі деп та-
нуымыз қажет.
Екінші меже – тақырыптың ой тұтастығы (бірлігі) болса, 
бұл жерде қазақ поэзиясына қатысты ескертулер айтуға тура 
келеді. Ең алдымен, тақырыптық-синтаксистік бірлік принципі 
қазақ поэзиясындағы күллі шумақ атаулыға түгел жатпайды. 
Абайға дейінгі поэзияда – ауыз әдебиеті үлгілерінде де, жеке 
ақындар мұрасында да – әсіресе 11 буынды қара өлеңдерде 
шумаққа топталған тармақтардың тақырыптық-синтаксистік 
тұтастығы әрдайым сақталмайды. Атап айтсақ, кейде бір шумақ 
құрап тұрған төрт жолдың алдыңғы екеуі негізгі айтылмақ 
поэтикалық ойға тікелей қатысы жоқ тақырыптағы жеке 
сөйлемдер болып келетіні мәлім. Демек, мұндай шумақтарға 
тақырыптық-синтаксистік тұтастық (бірлік) принципін негізгі 
шарттардың бірі етіп қоюға болмайды, олар бұл бірліксіз-ақ 
шумақ бола алады.


251
Құланның жаста көрдім шоқырағын,
Қайыңның жолда көрдім жапырағын.
Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың, –
(Халық өлеңі)
дегенде, отыз ұлдан қалған Зәурешін атап, оның топырағы 
бұйырмағанын айтқан ой мен құлан, қайың туралы айтылған 
ойдың арасында ешқандай логикалық бірлік жоқ, яғни 
тақырыптық тұтастық жоқ, керісінше, бұл шумақта үш тақырып 
бөлек-бөлек танылады, соған қарамастан, бұл – шумақ. Мұны 
шумақ етіп тұрған ритмика-интонациялық бірлік пен өлшем 
бірдейлігі және ұйқас суреті.
Бұл анықтамадағы шумақты тек ауыз әдебиетінен емес, 
тіпті өткендегі ақындардың көпшілігінен табамыз. Әсіресе, ай-
тыс жанрында бұл – система. Демек, белгілі бір даму сатысын-
да 11 буынды өлең шумағын құру принципінде ырғақ, ұйқас 
және өлшем бірдейлігі негізгі белгі болған. Кейінгі дәуірлерде, 
тіпті Абайдан көп бұрында бұған ой-мазмұн (тақырып) бірлігі 
қосылған. Өйткені ой (мазмұн) тұтастығы жағынан төрт 
тармақты түгел қамтитын шумақтар ауыз әдебиеті үлгілерінде 
де, Абайдан өзге жеке ақындарда да көп кездеседі. Абайдың 
еңбегі – негізгі тақырыпқа жанаспайтын тармақтары жоқ 
шумақты өзі шығарғандығында емес (өйткені оны Абай 
шығарған жоқ!), бұл сипаттағы шумақты осы категорияға тән 
принцип етіп ұсынуында, яғни норма етіп орнықтыруында. 
Абай үшін шумақ – ритмика-интонацияның да, ұйқас пен 
өлшемнің де және тақырып пен синтаксистік құрылымның да
тұтастығы, бірлігі; егер алдыңғы шарттар болғанмен, логи-
калық ой байланысы, тақырып бірлігі болмаса, ондай тармақ-
тарды Абай шумақ етіп тұтастырмайды, бір тақырып бір 
шумақта аяқталып отырады.
Абай өлеңдеріндегі және қазіргі поэзиядағы шумақ катего-
риясына қойылатын шартта оның ритмикалық-интонациялық 
құрылым жағынан тұйықталған біртұтас дүние болуымен 
қатар, синтаксисі және тақырыбы жағынан да тұйықталған, 
дербес дүние болуы міндетті саналады. Сонымен қатар өлеңді 
шумақтауға осылардың бәрінің үстінен койылатын ең ба-


252
сты шарт – шумақталған тармақтар санының қатаң түрдегі 
біркелкілігі; өлең шумақты болып табылуы үшін ондағы 
шумақтар ырғағы мен өлшемі жағынан бастан-аяқ бірдей 
болуы шарт. Ол бірдейлік болмаса, өлең шумақталған бо-
лып есептелінбейді, өйткені ұйқас, өлшем және тақырып пен 
синтаксистік құрылыс бірлігі шумаққа ғана емес, тирадаларға 
топталған тармақтарда да болады. Соңғылар да көбінесе бір 
ұйқасқа құрылады, тармақтардың буын саны біркелкі болады, 
бұнда да тармақтар синтаксистік күрделі тұтастыққа бірігіп, 
бір тақырыпты қамтиды, бұл жағынан шумақ пен шумақ емес 
топ (тирада немесе өлең шоғыры) бір-біріне өте жуық келеді, 
айырмашылығы: шумақты өлеңдерде тармақтардың топта-
луы бастан-аяқ біркелкі (төрттен, алтыдан, сегізден т.т.) бол-
са, шумақсыз өлеңдерде топталған тармақтар санында мұндай 
қатаң біркелкілік болмайды. Сондықтан кейбір зерттеушілердің 
«шумақ» деген терминмен жалпы тармақтар тобын атау-
ын дұрыс деп таппаймыз (терминдерді өз мағынасында, бір 
мағынада қолданған абзал ғой).
Демек, Абай шумақтарын тануда негізгі белгі ұйқас емес, 
керісінше, Абайда ұйқас тұтастығының рөлі шумақтан гөрі,
тирадалар құрауда күшті сезіледі. Абай шумақтары ритмика-
интонациялық единица болумен қатар, мазмұны біртұтас 
синтаксистік те единица болуды негізгі шарт етіп ұстайды. 
Сондықтан да Абай қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған 
шумақтар түрін жасаған, жаңа түрдегі шумақтарды ұйым-
дастыруда Абай осы принциптерді қатаң ұстаған, яғни бұл 
принциптер Абайға буын саны жағынан да, ұйқас суреті 
жағынан да алуан түрлі шумақтар жасауға мүмкіндік берген.
Абайда шумақталуға біртабан жақын құрылған өлеңдер 
де бар, бірақ көп емес. Мысалы, «Сап, сап, көңілім...» өлеңі 
тармақ саны жағынан бірдей шумақтардан құрылған деуге бол-
майды, дегенмен ұйқас тұтастығы, грамматикалық және тема-
тикалык дербестігі жағынан бұл өлең 5 бөлікке бөлінеді. Тіпті 
әрбір бөліктің «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» деген жолдан 
басталып анафоралық рөл атқаруы бұл өлеңді шумақтауға 
итермелейді. Дегенмен 7 буынды аралатпа ұйқас пен – жыр 
ағымымен – жазылған бұл өлең тармақтары бірде азырақ, бірде 


253
көбіректен топтасып, шумақ шарты түгел сақталғандардың 
қатарына қосыла алмай тұр. Дәл осындай жайт «Келдік талай 
жерге енді» өлеңінің де басында бар. Мұнда бір ұйқас бастан-
аяқ келіп, өлеңді жеке-жеке синтаксистік единицаларға бөледі, 
бірақ бұл бөлістегі тармақ саны әрқилы: бірде 2, бірде 3, бірде 
4 (көбінесе 4):
1. Келдік талай жерге енді,
Кіруге-ақ қалдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет