256
екі мүшелімен тіркесіп келуі (сочетание двучленных и одноч-
ленных предложений), баяндауыштардың вид, шақ жағынан
әртүрлі болып келуі т.т.
Қазақ поэзиясында сөйлемдерді күрделі
синтаксистік
тұтастыққа топтастыратын тәсілдердің бірқатары орыс
тіліндегімен сай түссе, бірсыпырасы өзгеше болып келеді.
Олардың басты-бастылары, біздіңше, мынадай:
1. Басқа тілдердегідей, біртектес параллель сөйлем-
дердің қатарласа келуі, В.М.Жирмунскийдің
тілімен айтсақ,
«салғастырылған сөйлемдер тобы»
101
синтаксистік тұтастық
құрайды. Мысалы:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ еткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек
(I, 26).
Мұнда бірінші тармақтың өзі параллель үш
сөйлемнен
құрылған, ал шумақтың өзі алты сөйлемнен тұрады, олардың
барлығы да мазмұны жағынан да, құралымы жағынан да
(баяндауыштарының -мақ жұрнақты етістік тұлғасымен келуі)
біртектес, бұларды топтастырып тұрған да – осы біртектестік,
параллельдік.
Төрт тармақты шумақ бір күрделі синтаксистік тұтастық
құрап тұрғанда, ондағы жолдардың бәрі бірдей бір-бір сөйлем
болуы – шарт емес, мұнда көбінесе алғашқы екі жол – парал-
лель екі сөйлем, соңғы екеуі – бір-ақ сөйлем болып келуі де
мүмкін:
1. Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
2. Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек,
3. Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
4. Құдай сүйіп жаратқан осы демек
(І, 27).
Мұндай параллель сөйлемдердің бір тұтастыққа топта-
суы 11 буынды, 4 тармақты өлеңдерде ғана емес, өлшемі мен
шумақталуы жағынан әр алуан өлеңдердің қай-қайсысында да
бар. Мысалы:
1.
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
101
Жирмунский В. М.
Композиция лирических стихотворений. - С. 20.
257
2. Талаптың оты арындап,
Әр қиынға салған шақ
(I, 133).
Немесе:
1.
Тайға міндік,
2. Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
1.
Үкі тақтық,
2. Күлкі бақтық,
Жоқ немеге сүйініп,
1. Күйкентай күтті –
2. Құс етті -
3. Не бітті?
(I, 129).
Мұндағы параллелизмдердің барлығы да құралымы жағы-
нан келгенде, сөйлемдердің біркелкілігінен пайда болып тұр,
яғни параллелизм сөйлем мүшелерінің саны мен олардың
тұлғаларының бірыңғайлылығынан туып тұр. Бұларда әсіресе
баяндауыштар біркелкі:
жантақ шақ– салтаң шақ; күлмек
–
өкірмек – осы демек; міндік – шаптық, тақтық ~ бактық;
күтті
–
құс етті – не бітті
т.т. Параллель сөйлемдерді шумақ
аясындағы синтаксистік тұтастыққа ұйымдастыратын басты
элемент – олардың өзара мағыналық жақындығы, яғни ой (объ-
ект) ортақтығы. Мысалы:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең
(I, 69), –
деген шумақтағы төрт жеке сөйлемді синтаксистік бір тұтас
етіп біріктіріп тұрған– әңгіменің объектісінің,
тақырыбының
ортақтығы, ол объект –
өлең
(бұл ортақтық алдыңғы үш жол
сайын
өлең
сөзінің біреуінде бастауыш, біреулерінде тұрлаусыз
мүшелер болып қайталап келіп отыруы арқылы қазықтала
түскен).
Параллель сөйлемдерде мағына жақындығы біркелкілікке
байланысты болады, сондықтан олардың сыртқы (грамма-
тикалық) құралымында да параллельдік элементтер болады.
Мысалы, «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы» деген өлең-
нің көптеген шумақтарының 1-2-жолдары параллель жеке
сөйлемдерден құрылған:
258
Жаздың көркі
енеді
жыл құсымен,
Жайраңдасып жас
күлер
құрбысымен (I, 22), –
дегендегі жолдар – әрқайсысының өз бастауыш,
баяндауыш-
тары бөлек жеке сөйлемдер, бұларды параллель етіп тұрған
– логикалық ой желісінің жақындығы мен грамматикалық
сәйкестігі (грамматическое тождество): екі сөйлемнің екеуінде
де баяндауышта шақ категориясына бейтарап, үнемі бо-
лып түратын іс-әрекетті білдіретін тұлғалармен (-
Достарыңызбен бөлісу: