-ар
жұрнақты есімше мен ауыспалы шақ
(-ады)
тұлғасын өте актив қолданғаны мәлім. Әсіресе, Абай
өлеңдерінде
-ар
жұрнақты тұлғаны жиі пайдаланғанын атап
көрсеттік
131
. Көрсетілген қызметті атқаруда осы екі дублет
тұлға тұрғанда, Абай үшінші тәсілді (өткен шақ көсемшені)
неге қалайды? Абай тұсында және Абайдың өзінде граммати-
калық варианттардың болуы – онша құптарлық құбылыс
емес. Әдетте тілдің әдеби нормалары әбден қалыптасып бол-
маған дәуірде варианттылық орын алатыны белгілі. Вари-
анттылықтың екінші мотиві стильге қатысты болатыны және
мәлім. Абай
-ар
мен
-ады
тұлғаларын қатар тепе-тең дублет
еткенде, бір жағынан, бұлардың тілде әлі де екеуі қатар өмір
сүріп келе жатқанын танытса, екіншіден, ақын бұл екі тұлғаны
өлең өлшемінің қажетін өтейтін дублеттер ретінде пайдала-
нады
132
(буын саны артып кетсе –
-
ар
,
жетпей жатса –
-
ады
қосымшасын алады). Ал -
ып
жұрнақты үшінші дублет қандай
жүкті көтеріп тұр?
Егер
-
ар
мен
-
ады
тұлғаларының варианттылығы, яғни бір
қызметте жұмсалуы – жалпыхалықтық тілге де тән, жалпы
норма болса,
-ып
жұрнақты көсемшенің бұларға қосалқы бо-
лып қолданылуы жөнінде мұны айта алмаймыз. Бұл – біздіңше,
таза стильдік мотивтен туған дублеттілік. Өткен шақ көсемше
-
ар, -ады
тұлғаларымен қызметтес түскен сәттерінің өзінде
стильдік қызметті қоса атқарып тұрады. Едәуір зерттеушілер
дұрыс танығандай, Абайдың
-ып
жұрнақты көсемшемен
берілген өлеңдерінде (оның ішінде бұл тұлғаның тиянақты
мүше болып келген сәттерінде ғана екенін атап көрсету керек)
белгілі бір эмоциялық бояу бар екендігі танылады. Мысалы,
үздігіп табысқан, жүректері лүпілдеп, көңілдері шарқ ұрған екі
ынтық жастың күйін суреттеген өлеңінде Абай баяндауыштар-
ды тек көсемшемен береді:
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп
жүрегі.
Өзгеден
ұрланып,
131
Сыздықова Р.
Абай шығармаларының тілі (лексикасы мен грамматикалық
ерекшеліктері). - Алматы, 1968. - 258-262-б.
132
Бұл да сонда, 262-б.
372
Өзді-өзі керегі...
Аяңдап
ақырын,
Жүрекпен
алысып.
Сыбдырын, тықырын,
Көңілмен
танысып.
Демалыс
ісініп,
Саусағы
суынып.
Белгісіз
қысылып,
Пішіні
құбылып.
Иығы
тиісіп,
Төмендеп
көздері.
Үндемей
сүйісіп,
Мас болып
өздері...
Жүрегі
елжіреп,
Буындар
босанып.
Рахатпен
әлсіреп,
Көзіне
жас алып...
(I, 135).
Мұндағы лүпілдеу, үздігу мотивін өлең текстімен қатар,
өлшемі де (ең қысқа 6 буын), морфологиялық тұлғасы да қоса
білдіреді.
Өткен шақ көсемшеде «асыға», үстірмелете жетеқабыл
орындалған (немесе орындалатын) іс-әрекет, қимыл-қозғалыс
семантикасы бар. Сондықтан асау Теректің ағысын сурет-
тесе де, ала қыстай бұйығып, қыстауда тығылып шыққан
елдің көктемдегі аққан селдей көш-қонын суреттесе де, ақын
көсемше тұлғасын әдейі алады да оған ашық райдың қызметін
артады:
Асау Терек
долданып, буырқанып,
Тауды
бұзып
жол салған, тасты
жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай
бүктеліп,
жүз
толғанып
(II, 115).
Қырдағы ел ойдағы елмен
араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойны
босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып
(I, 122).
Демек, қазақ әдеби тіліне ертеден таныс, бірақ таңдап-
талғап сирек қолданылатын бұл тәсілді Абайдай сөз шебері
373
нақ түсініп, орынды, яғни таза стильдік мақсатта және жиі
пайдаланған.
Сөйтіп, Абай өлеңдерінде етістік ұйқастардың басым көп-
шілігі тиянақты баяндауыштар емес, олар не пысықтауыш,
не бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары болып келеді. Бұ-
лардың ішінде жалпы қазақ поэзиясына бұрыннан тән
-
ып
жұрнақты көсемше жиі кездеседі. Тегі, әдебиет зерттеушілер
(3.Ахметов т.б.) етістік ұйқасты жыр ағымымен берілген қазақ
поэзиясындағы көне (архаистік) ұйқастардың бірі деп табады.
Оның дұрыстығын біз де мойындаймыз. Бірақ бір ескеретін
нәрсе: бұрынғы етістік ұйқастар негізінен ашық райдың ау-
ыспалы шағы
Достарыңызбен бөлісу: |