Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет160/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

(көзі 
– 
гәуһар сияқты) 
– бәрі де өз төркінін кім екенін танытып 
тұр»
5
дейді.
4
 Мұстамбаев Ыдырыс 
Абай // Жаңа әдебиет. - 1928. - № 7. - 37-б.
5
 Әуезов М. 
Абай ақындығының айналасы // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12. 
- 12-б.


388
Бұл пікірді М.Әуезовпен қатар I.Жансүгіров те айтады. 
«Ер жетпей тұрған кезіндегі» Абайдың шағатай үлгісіне 
еліктеуінің себебін де ашып кетеді. Құнанбай аулы сияқты мол-
да, қожалы ауылда өскен, Семейдегі дін мектептерінде оқыған 
Абайдың кітаби өлеңдер тілінен, шағатай тілінен әсер алуы 
заңды екенін көрсетеді.
Абайдың бұл еліктеу көпірінен тез өткенін, бетін қазақтың 
халықтық өз тіліне бұрғанын, әрі қарай «қазақтың таза тілін, 
күшті сөздерін жаңа мазмұндарға қалап, жаңа мәдениетке, 
жаңа әдебиетке жөн тартқанын» айтады.
6
Бұл екі зерттеушінің осы пікірі Абайдың тілі жөнінде кейінгі 
ой айтушыларға бас ноқта болғанын көреміз. 
Абайтанушылардың ең мықтысы – М.Әуезов өзінің ұзақ
жылдар бойы ұлы ақынның өмір кешкен жолы мен қалдырған 
мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде Абайдың тілі жөнінде 
де дұрыс әрі түбегейлі програмдық сөздер айтып отырды. 
Жоғарыда көрсетілген ойын 1951 жылы жазған «Абай мұрасы 
жайында» деген еңбегінде де, сол тұстарда дайындаған «Абай 
(Ибраһим) Құнанбаев» деген монографиясында да және бір 
қайталап анықтай айтады. Сонымен қатар Абайдың таза 
қазақша тілі жайында М.Әуезов мынадай пікірлер білдіріп, 
тұжырымдар ұсынады: «Ең алдымен, Абай – көркем әдебиеттің, 
поэзияның тілі ретінде өз тұсында көріне бастаған кітаби тілді 
емес, қазақтың халықтық тілін қалайды. «Горькийдің Пуш-
кин турасында айтқанындай, қазақтың халық тілін, әдебиет 
тілін қалай жасау керек екендігін, халықтық қорды қалай 
пайдалану дұрыс болатынын көрсетеді»
7
. Ол үшін Абай 
қазақтың халықтық тілін жақсы білген, ескі ақындарын, кемел 
шешендерін, жорықшыл батырлары жайындағы жырларды 
танып-біліп өскен».
Абайдың қазақ әдеби тілінің даму тарихындағы орны 
жайындағы М.Әуезовтің бір пікіріне көңіл аудартуға тура 
келеді. Кейбір лингвист ғалымдардың Абай тілі туралы 
50-жылдарда айтқан сөздерінде «қазақтың әдеби тілі Абайдан 
басталады» деген тұжырым болды. Шындығында, қазақтың 
6
 Жансүгіров І. 
Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12. - 45-б.
7
 
Әуезов М. 
Абай мұрасы жайында //Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. - 
1951. - №2 (71). - 128-б.


389
жалпы әдеби тілі, жазба әдеби тілі, қазіргі әдеби тілі дегендер 
– барлығы бір категория емес. Егер Абай қазіргі жазба әдеби 
тіліміздің негізін қалаушы десек, ол түсінік қазақтың жалпы 
әдеби тілі Абайдан ғана басталады дегенмен барабар ұғым 
болып шықпайды. Білімдар М.Әуезов бірден осыны қатты 
аңғартады. Қазақта Абайға дейін де ғасырлар бойы әдеби тілі 
бар болып келгенін жоққа шығаруға болмайтығын баса айтады. 
Ол тіл – ауызша шешендік пен ақын-жыраулар туғызған поэзия 
тілі екенін де зерттеуші ашып айтады. «Абайдың алдындағы 
қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, 
ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, 
көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, 
Махамбеттерде әдеби тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола 
ма?»
8
– дейді. Бұл жерде М.Әуезов Бұхар, Махамбеттерді атау 
арқылы қыруар өзге ақын-жыраулардың туындылары да әдеби 
тілді танытатын үлгілер екенін білдіреді.
Осы жерде Абайдың өзіне дейінгі немесе өзімен тұстас 
қазақ ақындарының тілі жөніндегі көзқарасын білдірді деген 
бір ауыз өлеңі жайындағы талас пікірлерді көрсете кету қажет. 
Ол – Абайдың: 
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, 
Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау. 
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса, 
Кемшілігі әр жерде-ақ көрінеу тұр-ау! –
деген өлеңі. Бұдан Абайдың Шортанбай, Дулат, Бұхар жырла-
рын естіп, танып, жаттап, тіпті тамашалап өскенін-сезуге бо-
лады. Абайдың осы төрт жолы арқылы «Абай мен оған дейінгі 
және онымен, тұстас қазақ әдебиеті» деген проблеманың 
шешімін іздеуге тура келеді. Абайды әңгімелеу үшін одан өзге 
қазақ ақын-жырауына соқпай өту мүмкін емес. Сондықтан 
да болар, Абайдың творчествосы мен тілі туралы шағын 
мақаладан бастап, монографияға дейін қалам тартып көрген 
зерттеушілердің ішінде осы шумақты сөз етпей кеткені кемде-
кем. Бірақ әркім әртүрлі түсініп, бұл шумақтың мән-мағынасы 
жөнінде екіұдай пікір болып келгендігі және байқалады. Бірі 
8
 Әуезов М. 
Қазақ әдеби тілінің мәселелері // Қазақ ССР Ғылым академиясының 
Хабаршысы. - 1951. - № 3 (72). - 97-98 б.; Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы // Абай 
Құнанбаев. - Алматы, 1967. - 129-130-б.


390
– Абай осы бір ауыз өлеңінде өзіне дейінгі ақындардың тілін 
сынап, қазіргіше айтсақ, әдеби үлгіде емес деп таниды де-
ген болжам, екіншісі –
 
Абай бұл шумағында олардың тілін 
емес, шығармаларының мазмұнын, тіпті идеологиясын сынап 
отыр деген тұжырым. М.Әуезов осының екіншісін қолдайды: 
«Абай әндері бірі – жамау, бірі – құрау» дегенде, олардың өлең
 
ұйқастарын, сөз қиыстырып жүрген ақындығын олқысынып 
отырған жоқ. Үшеуінің бірдей идеясын, бәріне ортақ ой 
кедейлігін әшкерелейді»,
9
– дейді. Абайдың бұл айтқанын өзге 
зерттеушілердің бірқатары (М.С.Сильченко, М.Сәрсекеев т.б.) 
осылайша түсінеді. Біз де бұл жерде
«
Абайда өзіне дейінгі, 
өзінен өзге қазақ қаламгерлерінің тілін мансұқ ету пиғылы жоқ, 
оның сыны поэзияның әлеуметтік миссиясына үлкен міндет 
арту ниетімен айтылған» деген пікірді қуаттаймыз. 
Керісінше, бірқатар зерттеушілер Абай бұл өлеңінде 
Бұхар, Шортанбай, Дулаттардың ақындық өнерін, тілін сына-
ды дегенді білдіреді. Мүмкін, тіпті Абайдың осы сөзіне арқа 
сүйеген болу керек, кейбір ғалымдар Бұхар, Дулаттардың тілі 
әдеби емес дегенге дейін барады, енді біреулері бұлардың тілі 
мүлде әдеби емес демесе де, Абай мұнда өзіне дейінгілердің 
поэтикалық ерліктерін сынап отыр деп таниды. Ақын мұрасын 
жан-жақты ұзақ жылдар зерттеген Сәбит Мұқанов та Абайдың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет