387
бұрыс баға беріп, пікір таластырған адамдар оның тілі туралы
да бір-екі ауыз сөзден айтып өткен. Бұлардың ішінде әсіресе,
Ыдырыс Мұстамбаевтың батыл және ашық айтқан пікірлері
Абай тілі жөніндегі қазіргі көзқарастарымызбен ұштасып жа-
тыр. Ол Абайдың
тілі өте шебер екендігін, «жабайы тілмен
отырып орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса
нәзік болып» келетіндігін айтады да: «Ел мейлі не десе о десін,
біз өзіміз тіл жағына келгенде, Абай Пушкиндей демесек те,
істеген еңбегінің қадірі одан бір де кем емес деп ойлаймыз», –
деп
қорытады
4
.
1930 жылдардың орта шенінен бастап Абайдың тілі жө-
ніндегі пікірлер молырақ және айқынырақ айтыла бастайды.
Әсіресе бұған 1934 жылы ақынның қайтыс болғанына 30 жыл
толуын атап өту шаралары үлкен себепкер болғанын көреміз.
Осы жылы Абай жөнінде баспасөз бетінде жарияланған мақала-
еңбектердің көпшілігінде дерлік ақынның тілі туралы пікір
айтылып өтеді. Суреткер тіліне арнайы жазылған мақалалар да
осы кезден басталады. Мысалы, Құдайберген Жұбанов, Ілияс
Жансүгіров және Есмағамбет Ысмайылов пен Зейін Шаш-
киндер ұлы ақынның тілге
деген көзқарасы мен еңбегін, сөз
қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді.
Мұхтар Әуезов Абайдың ақындығы, оның қазақ әдебиетінде
алатын орны мен жаңа дәуір үшін маңызы жөнінде ертерек-
тен бастап ізденген, ара-тұра айтып келген пікірлерінің үлкен
бір түйінін 1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» атты
еңбегінде бір тастап өтеді. Сол тұста Абайдың тілі туралы да
дәлелді сөз айтады. Мұнда Абайдың «шағатайша» өлеңдерін,
олардың тілін өзге мұраларынан бөліп қарайды. Шағатай
әдебиеті үлгісіне, соның әсері мен тіліне Абай таза еліктеу
нәтижесінде
келгенін, ақынның поэзия есігін қағар шақта
ізденген, бірақ үйрену орнына еліктеген әрекеті екенін айтады.
Бұл үш өлеңде әлі қазақ ақыны Абай жоқ, бұларда «тақырып,
тіл, ырғақ, кейде ұйқас және теңеу, салыстыру суреттері
Достарыңызбен бөлісу: