68
Ғылым
сөзінің бұл ұғымда келуі Абайда өте сирек. Бұл сөзді
ақын көбіне-көп «білім, оқу, сауаттылық» мағынасында
жұмсаған. Мысалы, атақты «Ғылым таппай мақтанба» деп
басталатын өлеңіндегі
ғылым
деп тұрғаны – сөздіктерде көр-
сетілгендей, «жаратылыстың,
қоғамның, ойлаудың даму
заңдылығын білу жүйесі және жеке білім тараулары» (Абай
тілі сөздігі, 1968, 183-б.) емес, «сауатты болу, білім алу, оқу»
деген жалпы мағынада. Мұны ақынның
білім-ғылым
деп қос
сөз түрінде де келтіруі оның жалпы «білім» деген ұғымда
жұмсалғанын айқындай түседі.
Қазақ халқы үшін ағартушылық идеясын ұсыну – Ыбырай
Алтынсарин мен Абайдан жүйелі түрде
басталса, кейін оны
XX ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып
Дулатовтар жалғастырып әкеткені белгілі. Демек, ағарту-
шылықты уағыздау – Абайдың да басты мұраты.
Білім, ғылым,
оқу
сөздерінің ақын тіліне ең жиі оралғандығы – тақырып пен
тілдің үндесуі болып табылады. Ал мазмұн мен түрдің сәйкес
келуі – Абайдың сөз таңдауда ұстаған
басты принциптерінің
бірі.
Әдетте бұрынғы қазақ өлеңдерінде кездескенімен, жиі кө-
рінбейтін
қайғы
(66 рет),
қулық
(32),
иттік
(7),
қорлық
(19),
қызық, (72), мақтан
(56) сияқты сөздерді Абай таңдап алып, жиі
жұмсағанда, тағы да ақын айтпақ идеясының тілдік көрінісін
танытады. Бұл қатардан
қайғы
мен
қызық
сөздерінің жиілігі
көзге түседі. Әр адамның тіршілігінде жиі кездесетін үлкенді-
кішілі уайым-қайғының үстіне, заманын, айналасын ойлаған
күйініш сезімі қосылғанын білсек, «бір қайғыны ойласаң, жүз
қайғыны қозғайды» деп шынын
айтқан Абайдың бір басын-
да қайғы-қасіреттің аз болмағанын көреміз. Сондықтан оның
тілінде
қайғы жеу, қайғы басу
сияқты үш-төрт реттен келген
тіркестерден өзге, жеке тұрып қолданылған
қайғы
тұлғасын
60-тан астам рет кездестіреміз. Бұл – ақынның жан даусын
тілмен, сөзбен, сөздің активтігімен танытуы.
Көп сәтте
қайғы
сөзіне
антоним болып келетін
қызық
сөзі де Абай қаламына 72 рет іліккен. Ол да заңды. Қайғы
сияқты қызық та әр адам өмірінде жиі ұшырасады. Қайғыра
білген ақын өмірдің тамашасын,
рақатын да сезінген, сезіне
69
тұрып өлең тілінде қызықтың түсін түстеп, атын атап кеткен:
«Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат,
қызық
мол жылдар»
деп жастық шақтың әдемі кезеңін бір жырласа, құс салып,
ит жүгіртуді «ешкімге
зияны жоқ өзім көрген бір
қызық
ісім
екен сұм жалған-да» деп тамашалайды. Сірә, қызықтай білген
адамға өмірінде қайғыдан қызық көп болмақ. Сондықтан ақын
баланың жақсысын да, тіпті қатын-баласы, досын да, татулықты
да кемді күндегі
қызық дәурен
деп таниды: «
Қызықтан
өзге
қалсаң бос, Қатының, балаң, досың бар», – дейді.
Тегінде Абай – уайымшыл емес, өмірді сүйген, тамаша-
лай білген, әр нәрсеге үмітпен қарап білген суреткер. Мүмкін,
сондықтан да Абайда
жақсы
сөзі 130 рет,
жаман
сөзі 46 рет,
Достарыңызбен бөлісу: