67
ты. Имандылыққа шақыру, оны үгіттеу, оны таныту – гума-
нист суреткердің міндеті. Міне, Абай осы үдеден шыққан.
Иман
сөзі о баста «ислам дінінің бес парызының бірі»
дегенді білдіргенімен, ал діни терминдік мағынасы, Абайдың
түсіндіруімен айтсақ, «Алла табарака уа тағаланың... бір-
лігіне, барлығына... жіберген жарлығына мойынсұнып,
иланбақ» болғанымен, бұл сөз қазақтың халық тілінде жалпы
«адамгершілік», «ізгілікке деген сенім» ұғымында жиірек
қолданылған. Абайдың өзі: Ескендір патшаға Аристотель ау-
зымен: «Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда
иман
жоқ,
түпке жетер» дегізгенінде,
иман
сөзі таза діни нанымды ғана
емес, ар, ұят сияқты адамгершілік қасиетті атап тұр. Бұл сөздер
қазақ поэзиясында бұрын да кездескенімен, дәл Абайдағыдай
бір ақынның өлеңдері де 30-40
реттен орын алмағандығын
білеміз.
Сондай-ақ Абай адам қасиеттерін атайтын
жақсылық
(33
рет),
жаманшылық
(18),
арсыз
(18) сияқты сөздерді өлең
тілінің актив сөздігіне айналдырған. Ақын жақсы-жаман мінез-
қылықтар мен іс-әрекеттерді атайтын сөздерді жиі қолданады.
Абайдың адамнан, әсіресе жастардан күтетіні талап болса,
ақын осы идеясын білдіруде
талап
сөзін 45
рет қолданған
екен. Ал өз тұсындағы қазақ қоғамы үшін сауаттылыққа,
білім-ғылымға ұмтылуды, өнердің түр-түрін игеруді жырлау –
Абайдың ең негізгі тақырыбы. Бұл – өз халқының сауаттылық
жайын, өнер-білім дәрежесін ойлағанда, Абайдың қабырғасы
қайысқан тұсы.
Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла, толғанып.
Жұртым
деуге арлымын,
Өзге жұрттан ұялып, –
деп зарланған, арланған сәттері де осы замани мәселелерге
қатысты. Сондықтан оқу, білім, өнер жайын сөз еткен шығар-
маларында осы категориялардың өзін жиі атайды:
Достарыңызбен бөлісу: