лық
жұрнақты зат есім, -
лық
жұрнақты сын есім және
-лық
қосымшалы етістік
(сан құмарлық ~ шошынарлық ~ сөз
шығардық)
сияқты үш түрлі сөз табының біркелкі тұлғасын
бір шумаққа топтастырған. Сол сияқты «Қыс» өлеңінде
-ды
жұрнақты сын есімді (
ақ
сақалды), -
ды
жалғаулы етістікті
(келіп, қалды), -
ды
деген табыс жалғаулы зат есімді
(малды,
шалды)
ұйқастыруы ақын шеберлігін танытады. Абай бұл
орайда шылау, одағайларды да «іске қосады». Мысалы, «Ішім
өлген, сыртым сау» деген өлеңінде
сыртым сау ~ деймін- ау ~
япырмау
деген бірі – есім, екіншісі – шылаулы сөз, үшіншісі
одағай болып келген тұлғаларды ұйқастырады. Әрине, Абай
олардың үш түрлі тұлға екенін біліп, әдейі іздеп келтіріп тұр-
ған жоқ (тіпті Абайдың қазақ морфологиясы, оның сөз тапта-
62
рын, сөз тұлғаларын ажыратуы жөнінде қазіргі оқулықтар-
дағыдай таным-білімі де болмағанын ескерелік), өлеңде айтпақ
ойы, сөз қиыстырудағы ақындық дарыны осындай моно-
ұйқастарға әкеліп тұр.
Өлеңнің өн бойына жіберілген моноұйқас немесе бір өлең-
нің бірнеше шумағын қамтитын бір ұйқасқа алынған сөздерге
көбінесе стильдік қызмет артқан, яғни олар не ой (тақырып)
тұтастығын қамтамасыз етеді, не ақын идеясын білдіретін
сөздердің эмоциялық-экспрессивтік әсерін күшейтеді. Мы-
салы, «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» деген өлеңінде
шартты раймен берілген етістік ұйқастар ғашық жанның қандай
шартпен келсе де, орындалмаған арманын білдіреді және ол
арман бірнеше шартты бағыныңқы сөйлемдер шоғырланып
айтылғанда, тіпті әсерлі шығады. Ақын тапқырлығы да,
шеберлігі де, міне, осындай жерде айқын көрінеді.
Бірқатар өлеңдерінде ұйқасқа алынатын сөздерді сыртқы
тұлғаларымен қатар, ішкі мағынасына, мағыналық реңкіне
қарай таңдау да – Абай қаламының көрінеу тұрған бір ерек-
шелігі. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерден жасалған етістіктерді
көсемше тұлғасына қойып, ұйқасқа қатыстыру арқылы
Абай «Болыс болдым, мінекей» деген өлеңінде болыс, ояз,
пысықтардың жағымсыз портретін әсерлі етіп қалай бергенін
жоғарыда (
-
ып
жұрнақты көсемшенің стильдік қызметін
көрсеткен тұста) кеңінен айттық.
Тек бейнелеуіш сөздер емес, семантикасында жағымсыз
реңкі бар өзге сөздер де мәлім. Мысалы,
ыржақтау, далақтау,
бос салақтау, бұтып-шату, Құдай ату
сияқты сөздер «оңған»
қылықты білдірмейді. Абай «Қыран бүркіт не алмайды, салса
баптап» және «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деп ба-
сталатын өлеңдерінде осы сөздерді ұйқасқа алады. Біреуінде
«өзі алмайтын, қыранға алдырмайтын» күйкентайын қияға
қоса жіберіп жүрген, «басқа сая, жанға олжа» дәнеңесі жоқ
замандастарын бейнелесе, екіншісінде «сұм-сұрқия, қу,
білгіш атанбаққа Құдай құмар қылып қойған» ауылдастарын
суреттейді. Екеуінде де ақын образды дәл, әсерлі етіп беруге
ұйқас жасап тұрған сөздерді қатыстырған.
63
Әрине, тек жағымсыз образдарды жасауда ғана емес, өзге
көп сәттерде Абайдың ұйқасқа алған сөздері мен өлеңнің (не-
месе оның жеке бөліктерінің) мазмұны (идеясы) сай түсіп жа-
тады. Мысалы, «единица – жақсысы, ерген елі бейне
нөл
» де-
ген идеяны бір өлеңнің өзегі еткен ақын, алдымен, орыстың
осы сөзін
(ноль)
образ етіп алады да, оған ой екпінін түсіруді
көздейді, сондықтан оны да екі рет тармақ соңына шығарып, 36
жолдық тұтас өлеңнің ұйқасын бастан-аяқ осы сөзге құрады.
Сөйтіп,
нөл
сөзі ерекше таныла түседі, өлең идеясын таныта
түседі.
Сонымен, ұйқасқа шығарылған сөздердің типтері, грам-
матикалық тұлғалары, ұйқас жасайтын сөздердің мағыналық
реңктері – осылардың баршасы ақынның поэтикалық тіліне
тікелей қатысты болады, яғни оларды поэтикалық құралға
айналатын сәттері бар элементтер деп түйеміз. Мұны біздің
жоғарыдағы талдауларымыз қазақ жазба поэзиясының аса
күрделі үлгісі болып табылатын Абай өлеңдерінің тілі
арқылы
әбден дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |