Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет23/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 
немесе «
то- 
мағалы сұңқар мен едім
»
 
десе, мұндағы 
ақ сұңқар, томаға 
сөздері сол құсты, оның томағасын суреттеу үшін емес, 
кейіпкердің портреті үшін қолданылған.
Бұрынғы қазақ поэзиясы тіліне тұрмыстық сөздер өздері-
нің тура мағынасында келіп, белгілі заттарды атау үшін емес, 
образ үшін қолданылатын болса, Абай да бұл тәсілмен қатар, 
тұрмыстық қарапайым (экспрессивтік бояуы жоқ) сөздерді өз 
мағынасында жұмсау кеңінен орын алады. Мысалы, Бұқар 
жырау «Керей, қайда барасың?» деп, бұл руға «сен бұзау 
терісі 
шөншіксің, 
мен өгіз терісі 
талыспын
»
 
дегенінде ыдыс-


76
аяқ атаулары болып табылатын 
талыс, шөншік 
сөздерін қол-
данғанда, әңгіме осы ыдыстар туралы емес, сол ыдыстарға 
теңеп көрсеткен әлді, әлсіз (үлкен, кіші – көп, аз) рулар тура-
лы болып тұр: керей, сен бұзау терісінен жасалған кішкентай 
шөншік сияқтысың сенімен белдесіп отырған мен – арғын 
зормын, өгіз терісінен жасалған талыстаймын деп тұр. Ал 
Абай болса, қыстың басындағы қазақ аулының көрінісін бе-
руде кедейдің қатыны 
тоңған иін жылытып, тонын 
илеп, 
бүрсең қағып 
шекпен 
тігер дейді, мұнда 
и де, 
тон да, 
шекпен 
де өздерінің тура мағынасында келіп тұр, өйткені бұл жердегі 
әңгіме – осылардың өздері туралы, дәлірек айтсақ, терінің 
иін жібітіп, тонын илеп, одан шекпен тігіп отырған кедей 
сорлының үй іші көрінісі. Сол көріністі беру арқылы ақын қазақ 
аулының әлеуметтік топтарының өз заманындағы хал-күйін 
суреттейді. Мұндай мысалдардың бірнешеуін келтіруге бола-
ды. Тұрмыстық сөздердің поэзия тілінде тура мағынасында 
жұмсалуы – өлеңнің тақырыбына, сол тақырыпты толғау 
мәнеріне, шығарманың жанрлық сипатына тікелей байланысты 
екенін Абай шығармашылығы айқын көрсетеді. 
Әдетте ақын бір нәрсені баяндамайды, суреттейді дейміз. 
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деп басталатын 
өлеңінде Абай қыстың басы, күздің жуан ортасындағы қазақ 
аулын суреттейді, ол сурет үшін сол ауылдағы бай мен кедейдің 
тұрмыс күйін көз алдымызға елестетеді. Ақын мақсаты – ай-
наласы киіз тұтқан бай үйінің жылы екенін, отыны жоқ кедей 
үйінде жас баласы мен кемпір-шалы тоңып, «талтайып, отқа 
қақтана алмайтынын» баяндау емес, соларды суреттеу арқылы 
өзі таныған әлеуметтік теңсіздікті көрсетіп, қазақ халқының 
қалың бұқарасының сол кездегі кешіп отырған күй-халіне деген 
күйінішін айту, ақын ретінде әлеуметтік үнін білдіру. Бұл үнді 
естіртуде енді бұрынғы ақын-жырауларша фактіні констатаци-
ялау (барын көрсету) және жалпы насихат-ақыл стилін қолдану 
– Абай үшін қол емес, «сөзі түзелген», яғни
ақындық идеяны 
білдірудің жаңа тәсілін ұсынған Абай сөз қолданыстың жаңа 
амалдарына барады: бай мен кедей тұрмысының нақты карти-
насын беру арқылы әлеуметтік диссонансты (кереғарлықты) 
көрсетеді, ал тұрмыстың нақты суреті «тұрмыстық» сөздерді 


77
өз мағынасында жұмсауды қажет етеді. Міне, сырт қарағанда, 
Абай тіліндегі 
ет (ет 
әпер деп жалшы баласынын шешесіне 
қыңқылдағаны), 
бұрқылдаған самаурын, 
салтанатты байлардың 
астына төселген 
кілем, 
енесіне иірткен 
шуда жіп, кемік сүйек, 
сорпа-су 
т

т. сөздер әдетте өлеңге қатысуға «правосы жоқ» бо-
лып көрінгенмен, Абай қолданысында өз орындарында тұрған 
және қажетті дүниелер болып тұр. Сөз таңдаудың бұл ретінде 
де Абай біліктілік танытқан.
Ақын «қара дүрсіндеу» тұрмыстық сөздер түгіл, «дөрекі-
леу» ауызекі тіл элементтерін қолдануға барады. Проф. Құдай-
берген Жұбановтың сөзімен айтқанда, «суретті ойдағыдай 
күшейтіп жіберетін болса, Абай [сөздің] ондай-мұндай ерсі-
лігіне, әдепке шеттігіне де қарамайды». Сондықтан Абайдай 
сөз шеберінің қазақтың поэзия тілін асқақтата, қазақ сөзінің 
небір асылын жарқырата ұсынған ақынның тілінен жағымсыз 
қимыл атаулары болып келетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет