Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет24/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

тарқылдау, барқылдау, сал
-
пылдау, бұртаңдау, бүксіту, бықсыту, қоқсыту, былшылдау, 
далақтау, жыртақтау, тоңқаңдау, шертию 
сияқты етістік-
тердің немесе 
қыртың, тыртың, қиқым 
сияқты «сұрықсыз» 
мағынадағы сөздердің бір өлеңде я болмаса өлеңнің бір бөлі-
гінде шоғырымен қолданылуы былай тұрсын, тіпті әйелге 
қарата айтылатын 
қаншық 
сөзін де, 
боқ, көт 
сөздерін де кез-
дестіреміз.
Сырт қарағанда, мұндай сөздер поэзия тілін «тәтті» етіп 
тұрған жоқ сияқты, күлтесі көз тартатын раушан гүлінің 
сабағына біткен тікенектерге ұқсайды. Сірә, раушан гүлі жа-
рып шығып

құлпыруы үшін табиғат шіркін тікенектерді де 
керек етіп жаратқаны сияқты өлең тілі тұтасымен көңіл толты-
ру үшін поэзия табиғаты керек жерінде «ащы-тәтті» сөздерді 
шебер қолдануға да баратын болар. Құлаққа түрпідей, ауызға 
қышқылдай тиетін мұндай «дөрекі» сөздердің Абайдағы 
қолданысы стильдік мақсатпен орнымен келгендер 
(
ғылым
тілімен айтқанда, мотиві-уәжі барлар) болып табылады.
Ақын тілінің көркемдік құны сұлу, «тәтті» сөздердің ғана 
шоғырымен танылмайды. Ақын тілін сөз еткенде, көркемдік 
пен шеберлік қатар әңгіме болмаққа керек.
Ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің Абай өлеңдеріндегі 
көрінісі жеке сөздердің қатысуымен шектелмейді. Күнделікті 


78
тұрмыстық сөйлеу мәнері Абайдың бір-екі шумақтан тұратын 
немесе шағын болып келетін Шәріпке, Көжекбайға, Назарға, 
Күлембайға, қара қатынға, Күйісбайға, Дүйсенқұлға арнаған 
өлеңдері мен Баймағамбет қатынының атынан шығарылған 
өлеңде, «Әйелің – Медет қызы, аты Өрім», «Бөстегім, құтылдың 
ба Көтібақтан» деген экспромптарында көрінеді. Бұларда жеке 
сөздерінен бастап, айтылмақ ойды білдіру стиліне дейін ауызекі 
сөйлеу тілінің табы сезіледі. Мұндағы 
байға жарып көрмеген 
[қатын]... 
көрінген ит кетеді бір-бір сарып... шіркінде 
ес бол-
майды сезет деген... ала жаздай 
байың кеп бір жатпайды... 
бүйтіп берген балаңды 
берген Құдай, өзің ал... бір боқты тағы 
бас та және сүрін... 
сияқты сөз орамдары қатар-құрбылар 
арасында немесе айналасындағы жағымсыз қылықтарына 
ренжіген, оны сынаған адамның аузынан күнделікті сөйлеу 
үстінде қолданылатын «дөрекілеу» сөз саптаулар.
Жалпы әдеби тіл әдетінен, одан қалды поэзия тілінен орын 
алмауға тиісті мұндай қолданыстар – көрсетілген өлеңдерде дәл 
орнымен келген, уәжді элементтер. Бұл да өлеңнің мазмұны мен 
түрінің (тілінің) үйлесімінен туған, ақын шығармашылығын 
әр қырынан көрсететін құбылыс. Демек, Абай ауызекі сөйлеу 
тәжірибесінен әдейі алынған сөз таңдаудың тағы
бір үлгісін 
көрсеткен. 
Ауызекі
 
сөйлеу нормасының қарама-қарсысында кітаби 
тілдік сөз ұсыну тұрады. Абай тұсындағы «кітаби тіл» дегеніміз 
– жоғарыда айтылған, қазақтың ескі жазба дәстүрінің жалғасы, 
ол тіл «шағатай тілі» немесе «түркі» деп аталатын ортаазиялық 
ортақ жазба дәстүрдің негізінде қалыптасқан тіл болғандықтан, 
мұның қазақ төл әдеби тілінен өзгешеленетін белгілері бол-
ды. Ол белгілердің бірі – халық тіліне енбеген, көбінесе діни 
мазмұнды немесе абстракт ұғым атауы болып келетін араб 
сөздерінің едәуір мол қолданылатындығы болатын. Абай өлең 
тіліне, әсіресе прозасының тіліне бұл элементтерді де таңдай 
білген. «Шығыс ақындарынша» жазған «Иүзі раушан, көзі 
гауһар», «Фзули, Шәмси, Сәйдали», «Әліпдек ай йүзіңе ғибрат 
еттім» деп басталатын атақты үш өлеңін былай қойғанда, таза 
«қазақы» өлеңдерінде Абай араб және парсы сөздерін белгілі 


79
бір стильдік мақсатпен әдейі таңдап алады. Мысалы: «Мал 
мен бақтың кеселі ұя бұзар, 
Пәруардигәр 
жаратқан несін жан 
қып» деген өлең жолдарында өлшем үшін 
Құдай, Алла, Тәңірі 
деген синонимдердің біреуі де келмей, төрт буынды сирек 
сөз 
пәруардигәр 
деген парсы тұлғасын қолданылып тұр. Ал: 
Біріңді бірің 
ғиззат, құрмет 
етіс – деген өлең жолында 
құрмет 
сөзіне мағынасы жуық арабтық тұлға 
ғиззат 
(қазақша вариан-
ты 
ізет) 
сөзін таңдауда 
қадір-құрмет 
дегеннің бір варианты 
ретінде 
ғиззат-құрмет 
деп беру үшін алған.
Сірә, Абай аса көп қажеті жоқ жерде де ара-тұра араб 
сөздерін өлең тіліне енгізіп отырған, бұл – заманына берген баз 
болу керек, өйткені Абай тұсында қазақ әдеби тіліне жазба си-
пат беру үшін кітаби тілдік элементтерді пайдаланып қою шарт 
болған. Сондықтан оның «Ғылым таппай мақтанба» деп баста-
латын өлеңіндегі: «Жамандық көрсең, 
нәфрәтлі, 
Жақсылық 
көрсен, 
ғибратлы
» деген жолдарындағы 
нәфрәтлі, ғибратлы 
сөздері, «надандар 
баһра 
ала алмас» дегеніндегі 
баһра 
сөзі осы 
ыңғаймен көрінген.
Ал ақын өлеңдеріндегі 
ғанибет, махрұм қалу, иждиһат, 
михнат, ұддасынан шығу, пір, ғапыл, махаббат, ғадауат 
сияқты сөздерді сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің нормасы 
деп тану керек. Бұлардың бірқатары қазақыланған тұлғада 
халық тілінде кеңінен қолданылатындар; 
ғанибет, махрұм 
қалу, меқнат, мақұлық, үдде 
(үде), 
ғапыл 
т

т. Абай тұсында 
мұсылманша, сауатгы адамдармен қатар, намаз оқып, Алла-
ны хақ деп таныған қарапайым қазақтар үшін де 
пір, парыз, 
мінәжат, рақым, бақи, фәни, махшар, тағлим 
сияқты араб, 
парсы сөздері жат болмаған. Демек, оларды таңдап алып, өлең 
тіліне қатыстыруы заңды.
Абай өлеңдерінің ішінде жанры жағынан аса бір қызық 
шығармалары «Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі». Екі өлең де 
жастардың бір-біріне жазысқан хаттары деп ұсынылған: 
жігіт сәл еркіндеу, қызға 
сен 
деп қарата сөйлейді, тілі де ауыл 
мырзасының өзімсінген стилін (мәнерін) танытады, ал қыз 
болса, тәрбиелі, ибалы, сөзін 
сіз 
деп бастайды, бірақ ол да 
еркін өскен құрбысына наз арта алатын сауатты қыз («кірсе 


80
ішіңе, 
оқи 
бер... мұны 
оқыса, 
кім танып» деген сөздеріне назар 
аударалық), сондықтан оның хатынан бұрыннан қалыптасқан 
сабаз, баж 
сөздерінің кітаби тұлғаларын 
(шаһбаз) 
көреміз.
Абайдың араб сөздері біраз шоғырланған өлеңі – «Алла де-
ген сөз жеңіл» деп басталатын төрт шумақтық шағын өлеңі мен 
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңі. Алдыңғысында 
ақын 
Алла 
сөзінен бастап 
махаббат, тағрип, шүбә, мәужүр, 
куаһ, хаус, мүтәкәллимин, мантиқин 
деген араб сөздерін 
таңдап жұмсайды. Соңғы өлеңде мұсылман дініне қатысты 
ондаған араб сөзін әдейі келтіреді. Олар: 
амантү, уәктүбиһи, 
һаби, тағриф, әһли китаб, нәфсі, иман, тағат

тахқиқ, тасдиқ, 
хақ, руза, намаз, зекет, хаж, ғибадат, хүснизән, пайғамбар, 
мү’мин,құран, тә’уилі, нәфа, му’мин, бенде, мүнафиқ, кінә 
сияқты кейбірі қазақтың тіліне еніп, сіңіскен 
(Хақ, бенде, нәпсі, 
иман, ораза, намаз, зекет, пайғамбар, құран, кінә), 
ал кейбіреуі 
халық тіліне енбеген, мағынасы қалың жұртшылыққа түсініксіз 
сөздер. Бұларды Абайдың қолдануы тағы да стильдік мүддеден 
шығып тұр: «Алланың өзі де, сөзі де рас» дегенді тақырып 
етіп алған ақын 
«му`мин 
болсаң, әуелі иманды біл» деген иде-
яны ұсыну үшін, сол иманның негізін мұсылман дінінің «өз 
сөзімен» (араб сөздерімен) танытады. Демек, Абайдың бұл 
жердегі араб сөздерін таңдауы тақырып пен тіл үйлесімін 
көздеуге бағынған. 
Міне, ұлы ақынның білдірмек ойы мен таңдаған тақы-
рыптарына сай сөз таңдау принциптері мен амалдары осын-
дай. Ал сөз таңдаудың ең зор қажеттігі көркемдік-эстетикалық 
мақсатты көздеуге қатысты болады. Әрі қарайғы әңгімеміз 
осы орайда болмақшы, яғни «текст түзу» деген категорияны 
сөз етіп, бұл реттегі сөз таңдаудың, Абай тіліндегі көрінісін 
бермекпіз, сондай-ақ синоним, антоним тәрізді лексикалық 
топтарды Абайдың қалай пайдаланғаны, олардың қайсысын 
қалайша таңдағаны әңгіме болады, осы тұста тілге үйіреміз.


81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет