Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет25/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
ТЕКСТ ТҮЗУ
Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, 
көлеңкесін де түсіріп тұрады.
(Ғабит Мүсірепов)
Текст түзу – қазақ филологиясында бұрын-соңды әңгіме 
болмаған тақырып. Ал, шындығында, бұл – көркем шығарма 
тілін, автордың поэтикалық тілін талдауда кеңінен сөз болуға 
тиіс мәселе. Себебі көркем шығарма, оның ішінде поэзия 
дүниесі сөздерден өрілетін болса, яғни сөздерден шығарма 
тексі түзілетін болса, сол түзілістің қыр-сырын ашу қажеттігі 
туады.
Текст түзу (орыс ғылыми әдебиетінде – текстообразование) 
термині жалпы «текстің пайда болуына қатысты айтылмайды, 
ол – поэтикалық контекст» деген ұғымға байланысты сөз бо-
латын құбылыс. Поэтикалық контекст көркем шығармадағы 
сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасқа тусуімен, сондай-
ақ ырғақ пен әуеннің, дыбыстардың бір-бірімен ұйымдасуы 
арқылы жасалады.
Текст түзілісінің өзіне тән шарттары болады. Кез келген 
көркем шығармада немесе оның кез келген тұсында текст түзіле 
бермейді. Қазақ көркем сөзінде текст түзудің айқын көрінісі 
Абай өлеңдерінен басталады деуге болады. Текст түзілісінің бір 
белгісі – шығарманың бір бөлігінде немесе бір өлеңнің өн бой-
ында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңктері 
біртектес сөздерді шоғырлап беру. Модальдық реңк дегеніміз 
сөйлеушінің (жазушының, ақынның) айтылған ойға жағымды, 
жағымсыз көзқарасын білдіретін мағыналық реңк, ол реңк 
жеке сөздердің өз бойларында (лексикалық мағынасында) да 
болады немесе шылау, одағай, көмекші есім, көмекші етістік, 
етістіктің рай тұлғалары, сын есімнің шырай тұлғалары, дау-
ыс әуені (интонация) сияқты лексика-грамматикалық құралдар 
арқылы да беріледі.
Абай өлеңдегі сөздің белгілі бір стильдік (поэтикалық) 
мақсатты өтеуі үшін сол текстегі өзге сөздерге «арқа сүйеуі», 
яғни бір-біріне «қызмет көрсетулері» керек екендігін де жақсы 


82
сезеді. Сондықтан көптеген өлеңдеріндегі сөздер қай сөз табы-
на жататындығына қарамастан, мағыналық реңктері біртектес 
(мысалы, бірыңғай жағымсыз) немесе тақырыптас болып 
келеді. Айталық, өз заманындағы қазақ қауымының жағымсыз 
мүшелерін – «Құдай атып қойған жұртты» суреттейтін «Бай-
лар жүр жиған малын қорғалатып» деген шағын өлеңіндегі 
сұм-сұрқия, қу, білгіш 
деген зат есімдерден бастап, 
Құдай ату, 
сілесі қату, бұғып-шату, есіру, ісіп-кебу, қабару, ит ырылда
-
ту 
деген күрделі етістіктер – бәрі де жағымсыз адамдарды, 
жағымсыз эмоция тудыратын іс-әрекеттерді атайды. Жағымсыз 
реңк бұл сөздердің лексикалық мағынасының өзінде бар, соны-
мен қатар мұндағы етістіктердің көбі жағымсыз экспрессияны 
күшейте түсетіндер: сұм-сұрқия, қулар жоқтан-барды жай айта 
салмайды, 
бұтып-шатады, 
құр мақтанбайды, 
есіреді, 
жай 
шығынды болмайды, 
шығынға белшесінен батады, 
қу, білгіш 
атанбаққа жай құмар болмайды, оларды 
Құдай қалжыратып, 
құмар қылады. 
Демек, бұл көрсетілген сөздердің әрқайсысы 
экспрессоид болып келсе, олар шағын бір өлеңде шоғырланып, 
сол өлеңде айтылмақ ойды әрі әсерлі етіп тұр, әрі өлең тұтас 
бір жұмыр текст болып тұр, яғни «текст түзіліп» тұр.
Абайдың өз заманын, замандастырының кейбір топтарын: 
болыс пен пысықтарды, кербез, керімдерді, бойы былғаң
сөзі жылмаңдарды ашық сынауға, ащы тілмен мысқылдап 
әшкерелеуге, өз сөзімен айтсақ, «заманын түзетпекке» барған 
өлеңдерінде текст түзу – тақырыптас, модальдық реңктес 
сөздерді таңдап, бір өлеңде топтап келтіру өте-мөте көзге түседі. 
Олардың бейнесін дәл және әсерлі етіп беру үшін оқырман 
сезіміне ерекше әсер ететін сөздерді поэтикалық құралға ай-
налдырып қана қоймайды, бұл сөздерді бір өлеңге топтасты-
рып, бір-біріне әсерін тигіздіріп, олардың экспрессивтік болу-
ын қалыңдата түседі.
«Болыс болдым, мінеки» – Абай заманындағы болыс, ша-
барман, пысықтардың классикалық портреті. Мұнда осы 
әлеуметтік топтың жағымсыз портреті олардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет