Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет28/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
СИНОНИМДЕРДІ ТАҢДАУ 
Өлеңнің эстетикалық құнын оның көркемдігі көрсетеді. Ал 
көркемдік әр алуан амалмен жүзеге асады. Көркемдік, әрине, 
тек сыртқы әсемдік емес. Сыртқы әсемдік деп тұрғанымыз – 
образды сөздердің: эпитеттер мен метафоралардың, ұтықты 
теңеулердің, арнаулы поэтизмдердің қолданылуы. Әрине, өлең 
көркемдігі үшін олардың болуы – басты шарт. Сонымен қатар 
көркемдік дегеніміз сыртқы (тілдік) көрінісі жоқ сәттерде де 
жүзеге асып жатады. Айталық, синонимдерді таңдауда олардың 
сол текске алынған қатары пәлендей экспрессивті немесе 
көріне поэтизм болмауы да мүмкін, бірақ белгілі бір стильдік 
мақсатпен келгенде, синонимдердің дәл сол таңдалған вариан-
ты ұтымды болып табылады.
Абай синонимдерді таңдауда нағыз ұтқырлық танытқан. 
Тұлғалары бөлек, мағыналары жуық сөздер болып табыла-
тын синонимдер – поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. 
Синонимдік қатардағы сөздердің біреуін таңдап алу ақын-
ның айтпақ ойын (идеясын) дәл беру, ұсынбақ образды әсерлі 
етіп шығару сияқты шарттарды жүзеге асырады. Синонимдер 
бір-біріне сайма-сай мағынадағы сөздер емес, әрқайсысында 
өзіне тән мағыналық реңкі бар, ұқсас мағыналы сөздер болса, 
олардың қолданысы көркем әдебиетте, әсіресе өлең тілінде 
ерекше орын алады. Өйткені поэзияда әрбір сөздің мағыналық 
та, стильдік те жүгі ауыр келеді. Ғылым тілімен айтсақ, әрбір 
ең шағын көркем контекстің экспрессивтік арқауы – сөз болса, 
оның экспрессия тудыратын күші семантикасында: мағынасы 
мен мағыналық реңктерінде. Демек, мағыналас сөздер өлең 
тілінде бір-біріне тең түспейді, әрқайсысының өз қолданылу 
орны, контекстік ортасы болуы қажет. 
Синонимдерді таңдайтын тұстар әртүрлі: ұйқас жасауда 
да ақын синонимдердің көмегіне жүгінеді, бір сөзді шағын 
микротексте, яғни бір сөйлемнің ішінде немесе қатар келген 
өлең жолдарында қайталамау сияқты қарапайым шеберлік 
үшін де синонимдер қатары пайдаланылады (тек өлең емес
прозада да бір жерде бір сөзді себепсіз қайталау жүрекке жылы, 
құлаққа жағымды тимейтіні мәлім).


89
Бұл айтылған теориялық жайттарды оқып білмесе де, 
Абайдың тілдік интуициясы (сезімталдығы) синонимдерді 
шебер жұмсауға жол берген. Синонимдердің стильдік, конна-
тативтік, үдетпелік (градациялық) қасиеттері (қызметтері) бар 
десек, оларды Абай тілінен көре аламыз. Синонимдер контек-
сте мағыналық контраст деп аталатын кереғарлық мән туды-
рып, оның оқырманға тигізетін әсерін – экспрессиясын күшей-
ту арқылы стильдік жүк арқалайды. Мысалы, Абайдың бала-
сы Әбдірахманның өлімінде оның жұбайы Мағышқа шығарып 
берген жоқтауындағы: «
Қызықтың 
заңғар басынан Қорлыққа 
кеттім 
жығылып. 
Құдай қосқан 
қосақтан 
Жалғанда 
қалдым 
жырылып. 
Қайғыңда 
қалдым қамалып, 
Қызығым кетті сыры-
лып» деген тармақтардың үш жерінде синонимдік қатарлардан 
сөз таңдайды. Бірінші сөйлемде 
құлау 
мен 
жығылу 
деген 
синонимдердің Абай екіншісін алады. Сырт қарағанда, ақын 
тілдің әдеттегі нормасынан ауытқып кеткен сияқты, өйткені 
адам биіктен құлар болар, жығылу – көбінесе өзі аяқ басып 
тұрған жеріне құлағанда болатын қимыл атауы. Ақын бұл жер-
де Мағышқа «заңғар биіктен құладым» дегізсе, ол айтпақ идея-
ны бейтарап мәнде хабарлау болар еді, ал 
қызықтың 
(бақытты 
шақтың) 
заңғар биігінен жығылдым 
дегенде әрі мағыналық 
контраст пайда болып, бұл сөйлемнің экспрессиясы күшейіп 
тұр, әрі 
биік 
деп тұрғаны – өз
 
мағынасындағы биіктік емес, ау-
ыспалы мәнде келген сөз: бұл 
биік – 
Мағыштың Әбдірахман-
дай асылға жар болған бақыты, демек, өзінің өмірі. Мағыштың 
қызықтың заңғар басынан жығылғаны – ең бақытты шағынан 
айрылғаны. Сол сияқты келесі сөйлемде де Мағыш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет