Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет254/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Сильченко М.С. 
Творческая биография Абая. - Алма-Ата: Наука, 1957. 


566
«Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. 
Әдеттегідей бәріміз орындарымыздан тұрдық. Әкем айна-
ла қарады да: Отырыңдар! – деді. Біз отырып жайғасқан соң, 
молдаға қарап:
– Балаларға мына бір кітап әкелдім, осыны көшіріп, 
көбейттіріп, бала басына бірден таратып бер. Бүгіннен бастап 
осы кітапты қоса оқыт, – деді.
Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі 
кітапты алды да бас жағын оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол 
кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Басқа кітаптарға көп көңіл 
бөлмейтін болдық. Өйткені бұл жаңа кітаптың тілі ұғымды
сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап бол-
ды. Кейіннен байқасам, сол кітап – әкемнің «Ғақлия» атты қара 
сөзбен жазылған кітабы екен. Біздің молдадан бұл кітапты 
естіген басқа молдалар да келіп, көшіріп алып, өз шәкірттеріне 
оқытып жүрді»
118
.
Абай «Қара сөздерін» басқалар үшін жазғанын дәлелдейтін 
келесі бір факт мынадай: «Сөздердің» бірқатары (12, 13, 32, 
43-сөздер), әсіресе 38-сөз жалпы көпшіліктен гөрі, белгілі бір 
оқырмандар тобына арналған. Мысалы, 12, 13-сөздерін «иман» 
дегенді қалай ұғыну керек деп, иманды уағыздайтын, бірақ 
оны теріс ұғатын әрі теріс ұғындыратын дін қызметкерлеріне 
немесе жалпы «имаммен ісі бар» адамдарға арнайды. 32-сөзін 
«білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға» арнайды. Сірә, 
бұл жерде бастапқы шағын ғана білім-ғылымды емес, жоғары, 
терең білім-ғылымды меңгерсем дегендерге айтқан насихаты 
болса керек. 43-сөз деп
берілген философиялық этюдті де кез 
келген оқып түсіне беретіндей емес. Бұл да қалың оқушыдан 
гөрі, «жибили, кәсіби нәрселердің» сырын білмек болғандарға 
арналған сияқты. Ал 38-сөзіне келсек, мұнда автор «адам 
ұғлының мінездері» туралы айтады, сонымен қатар «хаким 
атына дұспан», «хүкім шариғатты таза білмейтін ишандармен» 
айтысады, сондықтан бұл сөздің негізгі адресаттары да – со-
лар.
Абай 12, 13, 32, 43, 38-сөздерін белгілі бір әлеуметтік 
топтарға арнап жазған деген пікірімізді олардың тек мазмұ-
118
Абай әңгімелері (ел аузынан алынған). ҚР Ұлттык Ғылым академиясы Орталық 
кітапханасынын қолжазба фондысы. - 1950.


567
ны ғана емес, тілі де дәлелдейді. Абай тұсындағы қазақ 
мәдениетінде «кітаби тіл» деп аталған жазба тіл араб, парсы 
сөздерін молынан пайдалануға бейім тұрды. Абайға келсек, 
ол өлеңдері мен «Қара сөздерінің» көпшілігінде қазақтың 
жалпыхалықтық тіліне әбден сіңіп, қалыптасып кеткендері 
болмаса, өзге кірме сөздерді сараң қолданған. Ал жоғарыда 
аталған «Сөздерінде» ислам діні оқуына, философияға қатысты 
араб сөздерін жиі қатыстырған, бұларда тіпті арабша тұтас сөз 
тіркестері мен сөйлемдері де қыстырылған. Қазақ грамматика-
сына тән емес нормалардың да дені көрсетілген «Сөздердің» 
үлесіне тиеді. 
Ләкин, уа ләкин, бірлән, һәм 
дегем шылаулар да 
осы шығармаларында жиі қолданылған, 
дүр (сифаттары дүр), 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет