Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет3/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 
алдыңғы
 
бөлікте сыртқы сұлулық суреттелсе, екінші бөлікте ішкі 
сұрықсыздық 
(бұртаңдаған, тыртыңдаған, жыртақтаған, 
жыртақтаған 
қылықты қыз бен жігіт) суреттеледі, мұнда 
енді өткен шақ есімше қолданылады. Бірақ мұнда да қылық 
бар, қимыл жоқ, қыз бен жігіттің жағымсыз қасиеттері бар
әрекеттері жоқ, демек, бұл да – статика.
Ал енді сүйіскен қыз бен жігіттің жарық айлы желсіз 
аулақта жолығысқан сәті, сырт қарағанда, қалыпты күй (ста-
тика) ретінде суреттелуге тиіс болғанымен, осы тақырыпқа 
арналған «Желсіз түнде жарық ай» деп басталатын өлеңіндегі 
етістіктер 
-ып 
жұрнақты көсемшемен берілген. Бұл
тұлға, 
жоғарыда айттық, динамиканы: тынымсыз қозғалысты, үздіксіз 
іс-әрекетті, қарқынды қимылды білдіруге бейім, ал «сөз айта 
алмай бөгеліп, жүрегі дүрсіл қағып» кездескен ғашықтардың 
ішкі дүниесі алай-түлей, сезімдері бір ысынып, бір суынған 
тынымсыз күйде. Міне, осы тынымсыз күйді, «өлең қағып, 
бос шошыған» жан қозғалысын беретін етістік 
-ып 
жұрнақты 
өткен шақ көсемше екендігін сөз құдіретінің теориясын емес, 
табиғатын сезген ақын дөп басқан.
Абайдың көп өлеңі толғаныс болғандықтан, ондағы іс-
әрекет, қимыл-харекет жай баяндау үнімен (тонымен) берілген, 
яғни етістіктің ашық рай тұлғалары қолданылған. Мыса-


39
лы, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі – ақындық 
оқу-білім қажеттігіне көзқарасы туралы толғаныс. Ақын 
көңілінің бұл сыры 
ескермедім, тексермедім, кеш сермедім, 
жек көрмедім, дес бермедім, теріс көрмедім 
сықылды қара 
басының іс-әрекеті арқылы беріледі. Бұл өлеңнің стильдік бо-
яуына экспрессивті 
-ып 
тұлғалы көсемше де, философияға 
бейім 
-мақ
 
жұрнақты тұлға да сай келмес еді.
Етістік тұлғалардың өлеңде айтылған ойдың берілу түріне 
қарай икемделуі Абайда жақсы көрінеді. Мысалы, ақынның 
философиялық толғауларында етістіктің -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет