45
сөйлемнің баяндауышы (мен хат
жазып,
жолдасым кітап оқып
отыр дегендей) ретінде тұруы керек. Бұл сәттердің барлығында
да көсемше ашық райда келетін екінші етістікке «байлаулы»
болады: тиянақты тұлғадағы
отыр, жүр, қарады,күлді
де-
ген сияқты етістіктерсіз
-
ып
жұрнақты көсемше дәрменсіз,
сондықтан оны тиянақсыз тұлға деп атайды.
Ал Абайдың ақындық дарыны тілдің осы заңдылығына «қол
сұқтырады», бірақ ғажабы бұл «тәртіпсіздік» айтылмақ ойды
бұзбайды, тіпті оның бұзылғаны сезілмейді. «Жаз» өлеңінің
кейбір бөліктерін алып оқысаңыз, сурет толық түсінікті болып
шығады. Мысалы, ауыл суретінің түр-түріне қарай бұл өлеңді
шартты түрде бөліктерге бөлсек, 1-бөлік жаздағы жылқы ма-
лынан сурет береді:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны
қылтылдап.
Ат, айғырлар,
биелер
Бүйірі шығып
ыңқылдап,
Суда тұрып
шыбындап,
Құйрығымен
шылпылдап.
Арасында құлын-тай
Айнала шауып
бұлтылдап.
Бөлік осымен аяқталады. Тіл заңы бойынша мұндағы
етістіктердің әрқайсысы
тұр, жүр
деген
сияқты сөйлемді
тиянақтайтын тұлғаларды керек етеді: жоны
қылтылдап
тұр, бүйірі шығып
ыңқылдап тұр,
айнала шауып
бұлтылдап
жүр...
десе керек еді. Өлеңде бұл көрсетілген сөздер жоқ.
Демек, көсемше тұлғалардың өздері «тиянақты»,
тұр, жүр
етістіктерінсіз-ақ өздері осы шақ немесе ауыспалы шақ
мағынасын беріп тұр. Келесі бөліктер де осындай:
Көлеңке
қылып
басына,
Кілем
төсеп
астына
Салтанатты байлардың
Самаурыны
бұрқылдап...
Бұл жолдардағы
-ып
тұлғалы көсемшелер де астына кілем
төсеп
отырды,
самаурыны
бұрқылдап қайнап тұр
деген
сияқты тиянақты тұлғалардың келуін қажет етер еді,
бірақ
46
олар жоқ және олардың жоқтығы сезілмейді. Бұл – өлең тілінің
табиғатына тән құбылыс. Атап айтсақ, өлең тексінде эллипсис
(ықшамдау) деп аталатын амал орын алады, ол – әдетте тіл
нормасы бойынша қажет сөздердің түсіріліп айтылуы. Эллип-
сис өлең тексіне, мақал-мәтелге және ауызекі сөйлеу тіліне
тән. Өлең тексі мен мақал-мәтелдердегі, афоризмдердегі элли-
сис пен диалогтерде кездесетін эллипсистердің айырмасы бар.
Мысалы,
асыл
тастан,
ақыл жастан
дегендегі ықшамдауда
табылады, шығады
деген сөздер айтылмайды, бірақ тыңдаушы
оларды ойша қабылдайды. Диалогтердегі эллипсистерді кон-
текстен шығарып тануға болады. Мысалы: – Қайдан
келесің?
–
Үйден.
Мұнда екінші сөйлемнің
келемін
деген баяндауышы ал-
дыңғы сөйлемдегі
келесің
сөзіне қарап ойда тұрады. Бұл мы-
салдарда сөйлем мүшелерінің түсірілуі көрініп тұр. Ал
Абай
ұсынған жоғарыдағы эллипсистер бұлардан басқаша: Абай
сөйлемнің жеке мүшесін емес, көсемшені тиянақтайтын
етістікті тастап кетеді. Бұл – қазақ поэзиясында тек Абай қол-
данған, өте сирек ұшырасатын тәсіл (Абайдан кейінгілерде кез-
десуі, әрине, олардың Абай үлгісін қабылдап, әрі қарай жал-
ғастырулары болып табылады).
Абай бұл амалды қай тұстарда қолданған десек, біздің
байқауымызша, мынаны айтуға болады. Өткен шақ көсемшенің
стильдік жүк арқалау қабілеті күшті: ол кейде динамизмді
беруге
жұмсалса, енді бірде адамның психологиялық күй-
қалпын білдіру үшін алынады. Мысалы, Абайдың «Қызарып,
сұрланып» деп басталатын өлеңі ғашық екі жастың оңаша
кездескен шағындағы «жүректері елжіреп, буындары боса-
нып» тұрған күйін суреттеуге арналған. Мұндағы етістіктердің
барлығы да
-
ып
жұрнақты көсемше тұлғасында: әрбір
шумақтағы сөйлемді оқырман өз ішінен
болып тұр (тұрады)
деп аяқтайды. Бір-біріне құмар екі асық кездескенде:
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп
жүрегі.
Өзгеден
ұрланып.
Өзді-өзі керегі [боп тұр]
Екі асық құмарлы
47
Бір жолдан
қайта алмай.
Жолықса ол
зарлы
Сөз жөндеп
айта алмай
[тұр].
Осылай кете береді. Иықтары тиісіп, көздері төмендеп,
үндемей сүйісіп тұрғанмен, екі жастың ішкі дүниесі алай-түлей
динамизмге толы, сол халді көрсетуді ақын тек
-ып
жұрнақты
көсемшеге жүктеген. Мұндайда көсемше эллипсистеніп,
тиянақты тұлғаның қызметін атқарып тұр.
Әрине, өткен шақ көсемшеге ашық райдың қызметін жүк-
теп, стильдік мақсатта қолданудың реті барлық сәтте келе
бермейтінін Абай жақсы сезеді. Дегенмен
-ып
жұрнақты
көсемшенің экспрессивтік қызметі
барын жақсы білген Абай
оны пысықтауыш немесе күрделі етістіктің алғашқы компонен-
ті, я болмаса бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы сияқты өзі-
нің тілдік табиғи қызметінде келтіріп-ақ экспрессоид ретінде
жиі жұмсайды. Бұл амал тек Абайдан басталмайды: қазақтың
ауыз әдебиеті үлгілерінде де, бұрынғы ақын-жырауларында
да өткен шақ көсемшенің тыңдаушы мен оқырман сезіміне
әсер ететін, айтылған ойға белгілі бір өң беретін стильдік
құрал стилема етіп пайдаланғанын көреміз. Стилема – белгілі
стильдік жүк артып қолданылған тілдік элементтер: жеке
сөздер, фразеологизмдер, грамматикалық тұлғалар
16
. Мысалы,
«Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын сұлуға таласқан
қалмақтың ханы Қараман Алпамыстың ел шетіне келген хаба-
рын естігенде:
Басына қалқан төңкеріп,
Сауытын
алды киініп,
Саймандарын
сайланып,
Әбден алды
түйініп,
Лашын құстай
құйылып,
Кабағы тастай
түйіліп,
Жауатұғын бұлттай
Келатыр қалмақ
құбылып...
Жыр тармақтары әрі қарай осылайша кете береді, яғни
Достарыңызбен бөлісу: