40
– едәуір ұзақ бұл өлеңде үш-ақ түрлі ұйқас бар, біріншіден,
басқа алғашқы сегіз шумақ
берем деп, көрем деп, өткерем деп
сияқты ұйқастармен келсе, одан
кейінгі екі шумақ өз алдына
бөлек-бөлек ұйқаспен берілген, ал соңғы
алты жол үні (иде-
ясы) жағынан да, ұйқасы жағынан да, етістіктердің тұлғасы
жағынан да өз алдына автономия деуге болады: бұл алты жол
– осы өлеңнің аккорды, ақынның өзі атап көрсеткен жағымсыз
қылықтарға айтқан «нәлеті», сондықтан етістіктер қарғыс
мәнді
жаны құрсын, малы құрсын, заңы құрсын, паңы құрсын
деген тұлғада, ал қалғандары сол жанды, малды, заңды, паңды
суреттейтін
-ған
жұрнақты есімше:
ант ішіп, күнде берген
заңы,
арын сатып тіленген
малы... түрінде ұсынылған.
Абайдың бірқатар өлеңдері сияқты, бұл да тезис (алдыңғы
11 шумақ) және антитезис-қорытынды (соңғы алты жол – бір
шоғыр) болып құрылған үлгі деп табамыз. Осы үлгіде, яғни
өлеңде айтылмақ идеяға қарай
етістік тұлғаларын құбылтып
қолдану өзге шығармаларында да кездеседі. Мысалы, «Өлең
– сөздің патшасы...» деп басталатын өлеңінің алғашқы бес
шумағында етістік тұлғалары әрқилы: көбі
-ар
жұрнақты
есімше (
қиыннан қиыстырар ер данасы
), бірақ бұл бес
шумақта
етістік ұйқас құрамайды, жол ішінде қолданылады.
Бұл бесеуінде ақын өлеңнің статусын анықтайды, яғни өлең
дегеніміз не
(өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы... пайғамбар
мен Алла айтқан аят, хадис
т. т.), ол қандай болу керек
(тілге
жеңіл, жүрекке жылы тиіп, айналасы жұп-жұмыр
болып
келуі керек) дегенді айтады. Келесі шумақтар сол өлеңді (по-
эзияны) өзіне дейінгі кейбір ақынсымақтар не деп таныды, не
үшін жұмсады, ал поэзияға өзі қалай қарайды, тыңдаушы қалай
қабылдайды деген идеяны (тақырыпты) қозғайды. Демек, бұл
өлең тақырыбы жағынан екі бөліктен тұрады, осыған орай
ақын етістік тұлғаларын топтастырады: 1-бөлікте, жоғарыда
айттық, көбі
Достарыңызбен бөлісу: