Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет34/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
СӨЗ – СИМВОЛ
Лингвистикалық поэтика саласында символ терминіне 
беріліп жүрген анықтама әртүрлі (бұл сөздің «белгі» деген 
жалпытілдік мағынасын әңгіме етпейміз). Көркем әдебиеттің, 
оның ішінде поэзияның тіл кестесін сөз ететін, орыс поэти-
касына қатысты зерттеулерде «символ» термині суреткердің 
(ақынның) белгілі бір ұғымды, идеяны заттық образбен (оның 
атауымен) білдіруін атайды. Демек, поэтикалық образдың 
заттық белгісі, яғни символ – белгілі бір заттың атауы түрінде 
білдірілген поэтикалық образ. Символ терминін бұдан өзгеше 
мағынада ұсынушылық та бар. Мысалы, акад. В.В.Виноградов: 
символ – поэтикалық тілдің семантикалық единицасы (дүние-
сі) деп таниды
22
.
«Символ» терминіне мағына жағынан өзгелер қолданатын 
«стильдік белгілер», «поэтикалық тәсілдер», «әдеби тәсілдер», 
«стильдік единицалар», «поэтикалық тілдік элементтер», «об-
раз құрайтын элементтер», «көркемдеу құралдары» деген тер-
миндер сай келетінін айтады
23
.
Ал қазақ поэзиясының тілін зерттеушілер символ дегенді 
кеңінен арнайы сөз еткен емес. Тіпті символды перифраз 
сияқты астарлап, тұспалдап атаумен алмастырушылық та жоқ 
емес. Мысалы, Қ. Жұмалиев Абайдың 
қолдан ұшқан ақ сұңқар 
деп Әбдірахманды бейнелеп атауын символ дейді, ал бұл – 
кәдімгі перифраз.
Әдебиет теориясына арналған еңбектерде символды көр-
кемдік мақсатпен сөз мағынасын құбылтып қолданатын 
тәсілдердің бір түрі деп есептеп, оған орыс ғылымында 
берілген анықтама ұсынылады. «Образ тура өз мағынасында 
емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ неме-
се символ деп аталады» деп түсіндіріліп, бұған М. Горькийдің 
дауыл 
дегені революцияның, 
дауылпазы – 
оны басқарушылар-
дың символы деп мысал келтіреді (қазақ әдебиетінен 
келтірілген мысал жоқ)
24
. Ал дәл осы мысалды әдебиет тео-
22
 Виноградов В. В.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет