179
гені «жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып малын үлес-
тіріп жүрген» байлардың осы әрекеті қайыр да емес, мырза-
лық та емес, ақылсыздық, ақымақтық екенін айту, демек,
«ақымақтығынан» деген сөйлем мүшесін бөліп алып, жеке
айту осыған логикалық ой екпінін түсіру үлесінен шығып
тұр. Мұндай құрылымдарды тек ауызша сөйлеу тәртібі емес,
жазба дүниеде де орын алатын стильдік норма деп санаймыз.
Демек, келтірілген мысалдардың барлығында да әңгіме-дүкен
құрып отырған автордың өзінің қай ойына (қай сөзіне) көңіл
аудартқысы келген мақсатына сай түскен.
Ауызша сөйлеу стиліне сөйлем компоненттерінің немесе
мүшелерінің орын ауысып келу тәртіптері де жатады. Мұның
өзі, біздің байқауымызша, екі түрлі: бірі – ауызекі сөйлеу
үстінде белгілі бір сөзге ой екпінін түсіру мақсатымен сөз
тәртібінің ауыстырылуы. Мысалы, мен айттым ғой
саған осы
-
ны
– десе, «саған осыны» деген тұрлаусыз мүшелердің баян-
дауыштан соң берілуі тыңдаушыға бір нәрсенің ескертілгенін
баса көрсету мақсаты көзделгендіктен. Ал екіншісі – нормаға
айналып, жүйелі түрде кездесетін тәртіптер. Бұлардың біріне
деп
дәнекеріне аяқталған құрылымдар жатады.
Өткен ғасырда және осы ғасырдың басында хатқа түскен
үлгілерде (текстерде)
деп
сөзіне аяқталған сөйлемдердің жиі
кездесетіндігін біз де, өзгелер де байқап, біраз талдаған бо-
латынбыз
47
.
Деп
дәнекерімен аяқталатын сөйлемдер ауыз
әдебиетінің прозалық үлгілерінде де, Ыбырай Алтынса-
рин әңгімелерінде де, аталған кезеңдердегі қазақ баспасөз
тілінде де, Абай прозасында да жүйелі түрде кездеседі. Бұл
дәстүрдің де бастау көзі ауызша сөйлеу нормасында жатқаны
белгілі. Әдетте
деп
-ке аяқталатын конструкциялар не төл сөзді
сөйлемнен, не құрмалас сөйлемдер болып келеді.
Құрмалас сейлемді
деп
-пен аяқтағанда, яғни бағыныңқы
сөйлемді басыңқыдан соң келтіргенде (дұрысы керісінше
болу керек қой) басыңқы сөйлемді әуелі айтып алып, оған
ой екпінін түсіру мақсаты көзделеді деген және бұл тәсіл
құрмалас сөйлемдердің даму барысында орын алған деген
пікірлер бар
48
. Бұл құрылым жөнінде «Абай шығармаларының
47
Сыздықова Р.
Достарыңызбен бөлісу: