Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет79/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

сөзді ұқса болады 
оларға... 
Екі етек жайылып, екі көзің аспанда 
масқара болып 
кеткенің өлгеніңше... 
Ешбір қазақ көрмедім малды иттікпен 
тапса да, 
адамшылықпен жұмсаған...
»
 
деген сөйлемдерді 
оқимыз. Мұндағы курсивпен теріліп көрсетілген сөздердің 
орындары ауысып тұр. Дегенмен Абайда сөйлем мүшелерінің 
орындары бұлайша «төңкеріліп» жүрген қолданыстар 
орындарында дұрыс тұрған түрлерінен әлдеқайда аз. Сірә, 
кейбіреулердің Абайдың прозасы қырланбаған, тілі «шикі», 
«қойын дәптерінің материалы» деп тануларына осы іспеттес 
фактілер себеп болса керек. Бұл жансақ пікірге негіз болған 
фактордың бірі – әр құбылысқа дамудың тарихи принципінен 
шығып қарамағандық.
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің әсіресе оның бұрын-
нан үлгісі дамымаған проза жанрлары стилінің нормалары
бірден, бір жылда, бір адамның қаламымен қалыптаспай-
тындығын ескермегендіктен, Абайдың «Қара сөздері» текс-
терінен жоғарыдағыдай «бүгінгі күн талабына» жауап бере 
алмайтын «шикі» дүниелер «көрініп қалады». Екіншіден, 
Абайдың прозалық туындыларының жалпы стилін ескер-
мегендіктен, мұндағы ауызша сөйлеу тәртіптерін әдеби мұра-
ға жат деп санау-шылықтың орын алғандығы. Біздің ойымыз-
ша, Абайдағы бүгінгі жазба әдеби тіл нормаларына сай 
келмейтін ауытқулардың орын алуына екі стихияның (күштің) 
түйіскені себеп болған тәрізді: бірі – проза саласында, оның 
ішінде қоғамдық публицистика мен ғылыми баяндауда жазба 
әдеби нормаларының енді-енді қалыптаса бастауы, екіншісі 
– автордың осы туындыларды ұсыну мәнері, оқырмандары-
мен санасу қажеттігі, яғни бетпе-бет отырып, ауызша әңгіме-
дүкен құру тәсілін таңдауы. Әрине, бұл әңгіме-дүкен түгелі-
мен тек қарапайым, көбінесе сауаты жоқ қараңғы тыңдаушы-
ға бағышталмаған, тіпті керісінше, көпшілігі «сөзді ұғарлық 
шәкірттерге», олардың ішінде де орысша, мұсылманша са-
уаты барларға арнап жазғандары да бар болғандықтан, әр 
шығарманың стилінде үлкенді-кішілі өзгешеліктер, ерек-
шеліктер бары даусыз. Міне, «Қара сөздерге» баға берушілердің 
кейбірі осыны ескермеген.


184
Егер бірқатар «Сөздердің» тексінде араб сөздері, кейде 
тіпті шет тілдік тұтас блоктар («сөз кесектері»: тіркестер мен 
сөйлемдер) қолданылған болса, бұлар автордың олақтығынан 
немесе «Қара сөздер» өзі үшін жаза салған қойын дәптерлік 
дүние болғандықтан емес, ұлы Абайдың сөз жұмсаудағы 
ізденісінің тапқан амалдарының жемісі екенін көреміз.
«Қара сөздерді» жазуда Абай іздене білген, іздене отырып, 
мұны құнды дүние ретінде тыңдаушы мен оқырман қауымға 
әсерлі, әдемі етіп ұсына да білген. Бұл пікірімізді Абайдың бұл 
күнде «Сөз» деп аталып, ал өзі тек нөмірлеп ұсынған (тіпті 
дәлірек айтсақ, көшірушілер нөмірлеп реттеген) прозалық 
шығармаларының көркемдік сипаты дәлелдейді. Бұлардың 
басым көпшілігін ауызша әңгімелесу мәнерінде ұсынған дедік, 
бірақ бұл – қара дүрсін тілде баяндау деген сөз емес. Өйткені 
қазақ халқының әлеуметтік өмірінде ауызша сөйлеудің мәні зор 
болған. Шаршы топ алдына шығатын билер айтысы, ауыл, ел 
басылардың, қадірлі үлкендердің ақыл-насихат сөздері, қазаға 
көңіл айтып жұбату мен жақсылыққа тілеулестік білдірген 
алғыс пен марапат сөздері, бата-тілектер ғана емес, өзара 
байсалды әңгіме үстінде де ауыздан шығатын сөзге қазақтар 
мейлінше мән берген. Ауызша әңгімеге мұқият қарап, оның 
әсерлі, әдемі шығуына күш салған. Міне, сондықтан Абай 
оқушы мен тыңдаушы қауымға өзі «ойыма келген нәрселер» деп 
жұпыны көрсеткенмен, шын мәнінде бүкіл дүниетанымдық, 
философиялық, тәрбиелік мазмұнды ой-толғамдарын, ақыл-
насихатын «заманды түзетпек» пікірлерін қазақ «өнер алды – 
қызыл тіл» деп санаған «жалпақ тілмен» «ақ қағазға» төккенде 
жұртының ежелден қалыптасқан, әлеуметтік нормаға айналған 
дәстүрін ұстайды: ауыздан шыққан сөздің әсем әрі әсерлі болу-
ын нысанаға алады.
Әсемдік пен әсерлілік эпитет, метафора т.б. сияқты көріктеу 
элементтерінің қатысуымен ғана танылмайды. Бұл жерде по-
эзия мен проза текстерінің әрқайсысының өздеріне көбірек 
тән болып келетін ерекшеліктері бар екенін естен шығармау 
керек. Прозада бірыңғай мүшелерді, бірыңғай бағыныңқы 
сөйлемдерді жиірек келтірудің және олардың әрқайсысын 
жалғау, шылаулармен жеке-жеке көмкерудің стильдік уәжі 


185
болады. Абай «Қара сөздерінде» осы кұбылыс көзге түседі: 
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет