200
мүлде сөз болмады деуге болмайды, бірақ бұл тақырыптағы
ізденістер Абайдың қазақ әдеби тілінің даму барысында
алған орны, атқарған қызметі, ақын өлеңдеріндегі көріктеу
құралдарының көрінісі, бұл орайда оның қосқан жаңалықтары
мен өзгерістері деген сияқты мәселелерге арналды. Осы қазына
мен жаңалықтардың тілдік негізін (механизмін) танытуды
кешеуілдетіп келе жатқан жайымыз болды. Лингвистикалық
стилистика (тілдік стилистика, лингвостилистика) дегеніміз
әртүрлі эмоционалдық, экспрессивтік қосымша мағыналарды
білдірудегі тілдік кұбылыстарды зерттейтін ғылым саласы
болса, осы сала бойынша Абай тілі кеңінен әңгіме өзегіне ай-
налмай келгені мәлім. Көрсетілген талапты көздейтін жұмыс
енді жазылып отырғандықтан, белгілі бір шамада Шәкәрім
тілін де сөз етуге мүмкіндік алдық. Әрине, бұл ізденістеріміз
Шәкәрімдей зор суреткердің тілін тұтастай алып, жан-жақты
талдау емес, өйткені әрі ақын, әрі прозаик жазушы, әрі пуб-
лицист, әрі тарихшы, философ ғалым Шәкәрім мұрасының
стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік
тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге бар-
ғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр
алуандығы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына
бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді.
Біз бұл жерде Абай мен Шәкәрім поэзиясының көркем
тіліндегі іліктестіктің бірнеше сәттерін ғана талдамақпыз.
Шәкәрім де, ұлы ұстазы сияқты, ең алдымен, қазақтың күшті
дамыған байырғы поэтикалық мектебінен, поэтикалық тілінен
нәр алған, сол тілдің бай мұрасын: образдар дүниесін, сол об-
раздарды беретін сөздер мен фразеологизмдерді орынды әрі
молынан пайдаланған. Ұстазы Абай:
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Сөздері бары – жамау, көбі – құрау,
51
–
деп сынаса да, шәкірті Шәкәрім:
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетай мен Марабай
51
Өлеңнің бұл тармағын кейбір басылымдарда
Достарыңызбен бөлісу: