Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет89/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

тісімді байлаулымын, 

деген өлең жолдарындағы 
улы жүрек, долы тіл, тіс байлау 
деген тіркестер мағыналары жуыспайтын сөздерден жасалған: 
улы болатын тамақ, ішімдік, дәрі сияқты нақты заттар, ал 


203
жүрек сөзіне 
тіркескенде, 
улы 
компоненті мағынасын ауысты-
рып, «әділетсіздік көрген, ызаға толы» деген ұғымға ие болып 
тұр, 
долы тіл 
де сондай: долы болатын нақты адам болса керек 
(долы қатын 
деген сияқты), ал адамның өзі емес, 
тілін долы
деп бейнелегенде және 
тісімді байлаулымын 
дегенінде тағы 
да жанаспайтын сөздердің тіркесуінен жаңа ұшқын – тың экс-
прессия пайда болып тұр. Тағы бір өлеңінде Шәкәрім:
Қайсыбірі қайғы айтып
Үміттің үйін құлатты, 

дейді. 
Үй – 
нақты зат атауы, 
үміт 
– дерексіз есім. Деректі, 
дерексіз есім атаулары тіркеспеуге тиісті, ақын осы «заңсыз 
тіркес» арқылы жаңа ассоциация туғызып тұр, оның үстіне 
осы 
үйді құлатып, 
бұл тың образды одан сайын күшейткен. 
Бұрынғы «үміт үзілу» деген образды 
үміттің үйін құлатты 
деп жаңаша ұсынуы – Абай үлгісі.
Еріксіз маған ел жапты Болыстықтың тоқымын 
– 
дегенінде де «өз еркімсіз ел мені болыс етіп қойды» деген 
идеяны «ел маған болыстықтың тоқымын еріксіз жапты» деп, 
әсерлі, әсем образ жасаған. Тоқым атқа жабылады, адамға жа-
былмайды, бұл – бір мағыналық кереғарлық болса, 
болыстың 
тоқымы 
дегенде 
тоқым 
сөзі мағына ауыстырып, «әкімшілік» 
деген ұғымдағы метафораға айналып тұр. Бұл мысалдардың 
моделі Абайдың 
күлкінің ерні, үміттің аты, көңілдің жайла
-
уы, ақылдың көзі 
немесе 
үрпейген жүрек, нұрлы ақыл 
деген 
сияқты қолданыстарында жатыр.
Осы қатарда: 
талапқа ноқта тағу 
(Талап деген бір жүйрік 
тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Ын-
сап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық – 
Талапқа 
алты түрлі 
ноқта тақтық), айла жамылу 
(Ар кетіп, 
айла жамылдым), 
ғылымнан жалаңаш болу 
(Бұтасыз біткен шоқыдай, 
Ғылымнан 
едім жалаңаш), ноқтасыз ой, бояулы дін (Ноқтасыз оймен 
тексердім, 
Бояулы діннен 
сескендім), 
ұяттан жүген ұстау 
(Ынсап, рақым, 
ұяттан жүген ұстап, 
Өзіміз ең түбінде қайда 
бардық), 
өлеңнің жесір болуы 
(Жиырма үш жасымда Бұл 
өлең 
жазылған. Басында табылмай Өзіне лайық ән, Мұңлы, күйсіз 
жесір боп 
жатыр еді, Мінеки, ойланып өз әні табылған) сияқты 
образдарды көре аламыз.


204
Абайдың қолтаңбасында кейіптеу амалы көзге түседі. 
Әрине, бұл мүлде тың тәсіл емес, дегенмен ол жаңа образдар 
жасауда ұлы ақынның шебер қолданған құралдарының бірі. 
Мысалы, қысты – ақ сақалды кәрі шал деп, күнді – күйеу, жерді 
қалыңдық деп, адам кейпіне келтіріп бейнелеуінің әсері 
Шәкәрімге: 
Қүн батып жоғалды Нұрыңнан ұялып. Жұлдыз 
бен ай қалды Сәулеңнен нәр алып. Жетіқарақшы айналып сені 
іздеп жүр. Бәрі 
де сені ойлап, 
Мас болып сандалып 
деп сұлуды 
суреттеуіне немесе: «Тойға келген 
таң желі сыбырласып
» де-
ген сияқты өлең жолдарында күн, ай, жұлдыз, желдерді адамша 
ұялттырып, мас қылдырып, сыбырлатып қоюына жол берген.
Шәкәрімнен, Абай сияқты, образдар дүниесін теңеу, шен-
дестіру арқылы беруде де жасалу моделі бұрынғы болғаны-
мен, күтпеген соны қолданыстарды табамыз. Мысалы, 
Шәкәрімде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет