Әбілқасымов Б.
XIX ғ. II жартысындағы қазақ әдеби тілі. - Алматы, 1982. - 87-
92-б.
194
канондарын «бұл заманның молдалары мен ишандары өздері
дұрыс түсінбейтінін, өзгелерге дұрыс түсіндірмейтінін ай-
тып, сондықтан олар «хаким атына дұспан» дей келіп, «Құдай
тағаланың ниһаятсыз» (шексіз, өлшеусіз) жолында жүруді өзіне
шарт қылған адамның қандай қылғанда «таза мұсылман, толық
адам» болатынын айтады. Күллі адам баласын қор қылатын
үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі
– еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің» деп көрсетіп
алып, надандық білім-ғылымның жоқтығынан болатынын,
еріншектіктің дүниедегі күллі өнердің, ал залымдық – адам
баласының дұшпаны екендігін айтады. Осылардың баршасын
айтып-айтып келіп, бұл үлкен әңгімесін – көлемді шығармасын:
«Жә, бұл сөзден не ғибратлендік?!» – деп бітіреді, яғни осында
айтылғандардан не түйесің, менің бұл жазғандарым өзіңе пай-
далы (ғибрат алатын, ғибратленетін) ой сала ма? дейді.
«Тыңдаушымды ұқыпсыз қылып Тәңірім берген-ді» деп
шағынған Абайдың «бұл сөзім де ұғусыз қалды ма, ешкімге
пайдасы жоқ, далаға кеткен сөз болды ма» деген күдігі де
жоқ емес. Мұның да, біздіңше, себебі бар. Бұл шығарма енді
«жалпақ жұртқа» – қатардағы қарапайым оқырманға емес,
олардың белгілі бір тобына, яғни мұсылманша оқыған, ис-
лам діні негіздерімен таныс, оның қағидаларын білетін, дінге
қатысты араб сөздерін түсінетін, мұсылманша көзі ашық
адамдарға арналған. Сондықтан тілге келгенде аса сезімтал
Абай бұл шығарманың ұсынылу мәнері (стилі) өзгеше болуы
тиіс екенін жақсы аңғарған да өзге «Сөздерінен» бөлекшелеу
етіп жазған. Осы «бөлекшелігім» түсініксіз болып шықты ма
деп қауіптенуі, әрине, заңды еді.
Абайдың теологиялық әдебиет үлгісіне жататын 38-сөзінің
публицистикалық немесе ғылыми очерк стиліндегі өзге
шығармаларынан ерекшеленетін белгілерін көрсетуге бола-
ды. Жаңа жанрдың өзіне тән стильдік көрсеткіштері болуға
тиісті екендігі даусыз. Ол көрсеткіштер, негізінен, мыналар
деп табамыз. Алдымен, мұнда теологиялық әдебиеттің араб-
ша терминдері мен басқа да сөздері аударылмай келтірілген.
Абай жинағының 1940 жылғы басылымында осы шығармада
кездесетін 179 араб сөзіне түсініктеме берілген болса, 1957
жылғы басылымда олардың саны 187-ге шығыпты.
195
Кейбіреулерінің қазақша баламасын табуға болатынды-
ғына қарамастан, оларды арабша келтіру стиль талабынан
шығып тұр. Мысалы,
кәмәләт
дегенді
жетілу, толығу
деп,
иғтиқат
дегенді
сену, нану
деп,
хаят
деген терминнің ор-
нына
тіршілік, өмір
деп,
ағламланған
деудің орнына
анық,
белгілі болған
деп аудару, сөз жоқ, Абайдай зергердің қолынан
келген болар еді, бірақ оларды сол арабша түрінде алу – дін
сөзін сөйлеудің өзіндік талабы (нормасы) болу керек деген
принциптен шығып тұр деп түйеміз. Бұл шығарманың тексінде
тіпті жеке сөздер ғана емес, арабша тұтас блоктардың: сөз
тіркестерінің, күрделі атаулардың, цитаталардың, кейбір хадис,
аят аттарының қолданылуы да осы принципке бағынған. Мы-
салы: «Сіз
«әмәнтү биллаһи кәмәһуа би әсмайһи уасифатиһи»
дедіңіз... Пайғамбарымыз
Мухаммед Мустафа сАллалаһү
ғалайһи уәсәләм
оның тарапынан елші екендігіне иландық...»
Діни әдебиет стилінің екінші бір белгісі – бұл шығармада
автор арагідік ортаазиялық жазба дәстүр – шағатай тілінің
морфологиялық, лексикалық, орфографиялық нормаларын
қолданып қояды. Олар
ләкин, уа ләкин, бірлән, қадар, уа, һәм
аның үшін (өйткені
дегеннің орнына) деген шылаулар,
олу
(болу
дегеннің орнына),
әзәли (әуелден
дегеннің орнына),
әдәби
(мәңгі
деудің орнына) сияқты тұлғалар, өткен шақ есімшенің
Достарыңызбен бөлісу: |